18 Қараша, 2011

Боз жусанына бозторғай ұя салған

277 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қарт Қаратаудың теріскейінде жатқан, кішігірім бірнеше мемлекет сыйып кетердей да­ласы бар Созақтың басынан өт­кермегені жоқ. Осы ауданда Кеңес өкіметінің алғашқы жыл­да­рында атақты «Созақ көте­рілісі» бұрқ етті. Міне, осы ай­тулы оқиғалардан соң да Кеңес өкіметінің Созақ атауына да, ауданына да бүйрегі бұра қой­мады. Басшыларды үнемі сырт­тан әкеліп, бекітті. Ауданда тек мал шаруашылығы ғана өр­кендеп, жастарды қозыдай кө­гендеп, «екінші тыңға» әкеліп тоғытты. Қойнауы қазынаға толы Қаратаудың теріскей төңі­регінде мал қорасы салынса салынған шығар-ау, бірде-бір өндіріс ошағы бой көтермеді. Күндердің күнінде Теріскей­дің таңы атты. Қазіргі таңда теріскейлік түлектер әлемнің түк­пір-түкпірінде тағылым-білім­дерін тереңдетіп жатыр. «Бо­лашақ» бағдарламасы, уран өн­дірісі алпауыттарының қол­дауы­­мен шетелдерге барып білім нәрімен сусындап жатқан жастардың қарасы жыл сайын жиырмаға жетіп жығылады. Бү­гінгі теріскей – түлеген, табысы тасқындаған, түр-тұрпаты бөлек төңірек. Күні кеше төрт түлік­тен басқа тіршілік бар деп ба­ғамдай бермейтін адамдардың ұрпақтары енді қазбалы байлық өндіру ісімен жаңа техноло­гияларды іркілмей игеру тәсілін меңгере отырып айналысады. Бірер мысал келтірсек. Биыл­ғы 8 айда өнеркәсіп саласында 59 млрд. 49 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға немесе 8 млрд. 831 млн. теңгеге артық. Ауданның өнеркәсіп сала­сын дамыту бағытында нақты іс-шаралар атқарылуда. Бүгінде мұнда уран өндірісіне қажетті күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу қолға алынды. Бұл үшін «Омега Шемикалс» ЖШС-не 40 гектар жер телімі берілді. Сондай-ақ таяуда алтын-күміс өндірумен айналысатын «Теріскей» ЖШС жұмысын қайта бастады. Жоғарыдағы мекемелер бизнес жобалары бойынша аудан экономикасына қомақты инвестиция жұмсайтын болды. Көрдіңіз бе, «қидан басқа құнарлы ештемесі жоқ» делінетін Созақта зымыранды көкке көтеретін уран да, жер жүзінің барша адамдарының көзқұрты­на айналған алтын-күміс те бар екен. Аудан орталығы – Шолақ­қорған қазір шағын шаһар іспеттес: көшелер гүлзарларға, әдемі алаңшаларға, сымбатты субұрқақтарға, еңселі ескерт­кіш­­тер мен монумент, стелла­лар­ға толып тұр. Тұрғын үйлер жаңаша тұрпатқа ие болған, жолдар асфальтталған. Әр үйде таза ауыз су күндіз-түні келіп тұр. Жуырда ғана аудан орта­лығында жаңа перзентхана ашыл­­ды. Соңғы жылдары Президент Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Балапан» мемлекеттік бағ­дар­лама­сына орай Қарақұр, Жы­ныс ауыл­дарынан 80 орындық бала-бақшасының құрылыстары бас­талды. Биыл Сызған ауылы­нан аудандық бюджет есебінен 63 млн. 944 мың теңгеге 50 орын­дық жаңа балабақшасы са­лынып, бүлдіршіндерді қуантты. Аудан спортшыларының жеңіс­терін санамаласақ, саусақ жетпейді. Бүгінде аудан әкімдігі спорт саласына 59 млн. 305 мың теңге қаржы бөлді. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 4 млн. 914 мың теңгеге артық. Биылдың өзінде 19 спорт алаңшасы салы­нып, пайдалануға берілді. Ұлт­тық ат спорты – бәйге мен көк­парды дамытуға көңіл бөлінген. Сонымен қатар, қазақша күрес, еркін күрес, волейбол, футболдан секциялар жұмыс жасайды. Бюджеттің қаржысы толмай, ешқандай саланың бүйірі шық­пайды. Өткен мерзімде бюджет кірісі 58 млрд. 298 млн.теңгені құрап, былтырғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 18 млрд. 12 млн.теңгеге немесе 145 пайызға артқан. Жыл басынан бері бюджет кірісі 267 млн.-нан 552 млн. теңгеге ұлғайыпты. Осы жерде бір айта кетерлігі, созақтықтар об­лыс бойынша ең жоғары жала­қы алатындар болып табылады. Өткен уақытта негізгі капи­талға 19 млрд. 696 млн. теңге инвестиция тартылған. Оның 57 пайызы кәсіпорындар мен ұйым­дардың және халықтың өз қар­жысы есебінен, 34 пайызын шетел инвестициясы, 2 пайызын республикалық бюджет құрайды. Атакәсіп саналатын мал ша­руашылығы да қарқынды да­мып келеді. 8 айда аграрлық салада 3 млрд. 456 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2010 жылдың осы ке­зеңімен салыстырғанда 850 млн. теңгеге немесе 133 пайызға артқан. Төрт түлік саны тұрақты өсіп келеді. Бүгінде ауданда 13 агро­құ­рылым асыл тұқымды мал өсіру­мен айналысып отыр. Қазір қо­сымша 5 шаруашылық асыл тұ­қымды мал өсіру үшін құ­жат­тарын әзірлеуде. 112 ұсақ шаруа­шылық ірілендірілген. Созақ се­лосында сүт өңдеу цехы, Таукент поселкесінде ет өнімдерін өңдеу цехы салынып жатыр. «Катко» бірлескен кәсіпорны италиялық технология бойынша жүн, тері өңдеу цехын ашуды көздеуде. Егін шаруашылығы бойынша биылға межелеген 10500 гектар егістің 9502 гектарына егін егілді. Мұның ішінде 5247 гектар суармалы жер игерілді. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында үйіргелік 1195 гектар жерге көкөніс, бақ­ша, картоп өнім­дері егілді. Тамшы­латып суару тех­но­логиясы бойынша 127 гектар жер игерілді. Кәсіпкерлік са­ласында биыл 125 жаңа субъекті ашы­лып, 151 адам тұ­рақты жұмыспен қамтылған. Алдағы кезде Күмістіден ба­лық өсіру үшін Шу бойынан қамыстан ламинат жасау, пластик есік-терезе жа­сайтын, кірпіш құятын цехтар салу жоспарлануда. Ауданда биыл­дан бастап әр ауылға күл-қоқыс жинайтын арнайы автокөліктер бекітіліпті. Мұның өзі елді ме­кендердің тазалығына ықпал етсе, екіншіден, кәсіпкерлер қо­сымша қаржы табу жолдарын игермек. Құрылыс саласындағы қар­қын да қуантады. Қазір ауданда Бабата, Ыбырай, Құмкент елді мекендеріне ауыз су құбырлары жүргізілуде. Қаратау және Бабата ауылдарынан 200 орындық мектеп құрылысы салынуда. Созақ ауылынан 25 орындық аурухана, Қаратау, Қарағұр ауылдарынан дәрігерлік амбулаториялар, Қай­нар, Қызылкөл елді мекендерінен ФАП құрылыстары салынып, аяқталды. «Таза су» бағдарламасы бойынша Шолаққорған, Сызған, Қарақұр, Қаратау, Созақ ауыл­дарында құбырлар жүргізілді. «Жасыл аймақ» бағдарламасына сай 254 гектар жерге 106 мыңнан астам түрлі ағаш көшеттері егілді. 75 гектар жерге 31299 дана жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. Боз жусанына дейін ұя салған Созақ Тәуелсіздік пен Елбасы­мыз Н.Назарбаевтың сара саяса­тының арқасында жыл сайын түлеп, түрленіп келеді. Теріс­кейдің жарқын болашағы әлі де алда. Сабырбек ОЛЖАБАЙ. Оңтүстік Қазақстан облысы.