18 Қараша, 2011

Тұрақтылықтың тамаша көрінісі

319 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
ҮКІМЕТ

«Егемен Қазақстанның» апталық қосымшасы

  Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының он айлығы қорытындыланды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік дағдарыстан кейінгі еліміздің әлеуметтік-эконо­ми­калық тұрақты дамуын қамта­масыз ету үшін Үкіметке жыл сайын­ғы 7 пайыздық орнықты дамуға қол жеткізуді тапсырған болатын. Осы ап­таның ішінде өткен Үкімет отыры­сында ел дамуының он айлық қоры­тындысы қаралып, Елбасы алға қой­ған міндеттің мүлтіксіз орындалып келе жатқандығы атап көрсетілді. 7 пайыздық даму – бұл әлем елдерінің бүгінгі жағдайына назар аударатын болсақ, қазіргі дүние дидарындағы ең алдыңғы қатарлы көрсеткіштердің бірі. Аталған Үкімет отырысында негізгі баяндаманың бірін жасаған елі­міздің Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің атап өткеніндей, 2011 жылдың тоғыз айын­дағы ішкі жалпы өнімнің өсім деңгейі 7 пайызды құраса, он айлық қоры­тын­ды бойынша экономиканың база­лық алты саласындағы алға басу 7,2 па­йыз­ды көрсеткен. Демек, даму жағ­да­йымыз алдын ала жоспарланғанға сәйкес келіп отыр деп айта аламыз. Мұндай көрсеткішке қол жеткізуге әлемдік экономикадағы жандану үр­дісі, ел экономикасының экспорт­тық бағыттағы өнімдеріне сыртқы баға конъюнктурасының дұрыс болуы, ішкі рыноктағы сұраныстың артуы секілді факторлар жағымды әсер еткен. Мәселен, ішкі және сыртқы сұра­ныстардың артуы мен кеңеюі еліміз­дің өнеркәсіптік өндірісінің өсімін он айдың қорытындысы бойынша 4 па­йызға қамтамасыз еткен. Соның ішінде елімізді индус­трия­ландыру бағдарламасындағы алға қо­йылған міндеттерге сәйкес өңдеу өнер­кәсібінің дамуы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,9 па­йызды құрап, тау-кен, өндіру сала­ларына қарағанда барынша басым­дықпен дамып келе жатқандығын кө­ріп отырмыз. Мәселен, химиялық өнер­кәсіптің өсімі 22,8 пайызды құ­раса, мәшине жасау саласының өсімі 19,1 пайызды, металлургиялық өнер­кәсіптің өсімі 7,6 пайызды құраған. Мұндай оң көрсеткіштерге қол жеткізуімізге индустрияландыру картасына сәйкес жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы елеулі ықпал еткендігін айта кетсек артық болмас. Өнеркәсіптік өндірістің өсуі елі­міз­дің барлық өңірлері бойынша бай­қалып отыр. Соның ішінде ең жоғары өсімге Астана қаласында (30,5 пайыз), Жамбыл (32,3 пайыз) және Ақмола (17,9 пайыз) облыстарында, Алматы қаласында (15 пайыз) қол жеткізілген. Он айдың ішіндегі ауылшаруа­шы­лық өнімдері өндірісінің жалпы өсімі 22,8 пайызды құрап, дамудың жоғары деңгейін көрсетті. Бұған ең алдымен, биылғы жылғы рекордтық астық жинау нәтижесінде егіншілік өндірісінің 46 пайызға өскендігі үлкен ықпал етті. Құрылыстағы өсім деңгейі 2,8 па­йыз болды. Бұл былтырғы жылдың осы мерзіміндегі (1 пайыз) көрсет­кіш­тен едәуір жақсы. Оның үстіне құры­лыс саласына келген инвестиция кө­лемі 321,3 миллиард теңгені құрап, былтырғы жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 31,2 пайызға артып түс­кендігін атап көрсетуіміз қажет. Бұл қаржының құрылыс саласына жағым­ды ықпалы алдағы кезеңдерде айқын біліне бастайды деуге болады. Экономиканың дамуына ықпал жа­саған маңызды факторлардың бірі тұ­тынушылық сұраныстың арта түс­кендігі болып отыр. Мәселен, жыл басынан бері бөлшек саудадағы тауар айналымы 12,7 пайызға өссе, көліктің барлық түрлері бойынша тасымалдау көлемі 21,6 пайызға, байланыс қыз­метінің көлемі 17,8 пайызға арта түскен. Қазіргі күнгі инвестициялық белсенділік негізінен кәсіпорындардың өзіндік қаржысы есебінен қамтамасыз етілуде. Қаңтар-қазан айларындағы жалпы инвестициядағы оның үлесі 48,4 пайызды құраған. Ал шетелдік инвестициялар үлесі өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен аздап төмен­деп, 22,5 пайыз болды. Инвес­тиция­лар­дың жалпы көлеміндегі негізгі капи­талға қосылған бюджет қаражат­ының үлесі де едәуір дәрежеде. Ол 18,2 пайызды көрсетіп отыр. Енді өңірлер жағдайына келер бол­сақ, инвестициялардың жақсы өсімін Астана қаласы (29,1 пайыз), Шығыс Қазақстан облысы (33,6 пайыз), Қара­ғанды облысы (16,4 пайыз) көр­сеткен­дігін атап өтуге болады. Экономиканың нақты секторындағы өсімнің жоғары қарқындылығы, сырт­қы конъюнктураның қолайлы болуы­мен қосыла келе еліміздің сыртқы сауда айналымының қаңтар-қыркүйек айла­рында 41,3 пайызға көтерілуін қам­тамасыз етті. Оның жалпы көлемі 39,8 миллиард долларды құрады. Тоғыз айдың ішінде ел экспортының жалпы көлемі 65,8 миллиард доллар болды. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегіден 49,9 пайызға артық көрсет­кіш. Импорт 26,1 миллиард долларды құрап, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23,5 пайызға арта түсті. Соның ішінде импорттық көрсет­кіштердің елімізге келген азық-түлік тауарлары есебінен өскендігін айтуға болады. Қазақстан экспортының дамуына Кеден одағы елдері тарапынан сұра­ныс­­тың артуы әсер еткендігін айтуы­мыз керек. Тоғыз айдың ішінде еліміз­дің Ресейге жіберген экспорттық өнім­дерінің көлемі 48 пайызға өсе түсіпті. Ал осы елдермен жалпы өзара сауда көлемі 46,2 пайызға, соның ішінде экс­порт 53,3 пайызға, импорт 43 пайыз­ға өсе түскен. Осындай экономикалық көрсеткіш­тердің жақсарып, дамудың жоғары деңгейі білініп отырған шақта елдегі макроэкономикалық жағдайды тұрақ­тан­дыру үшін инфляциялық үдеріс­тердің баяу болуының маңызы зор екендігі белгілі. Дегенмен, қарқынды­лықтың аты – қарқындылық. Ел ішіне қаржы көбірек құйылған шақта бұл үдеріс инфляциялық көрсеткіштерді қозғамай тұра алмайтындығы анық. Біз жалпы даму үдерісінде осы мәселенің де бар екендігін байқаймыз. Мәселен, Қайрат Келімбетовтің баяндамасында тұтыну тауарларының бағасының өсімі жыл басынан бері 6,5 пайызға арт­қандығы, мұның өзі өткен жылдың осы мерзіміндегіден 0,3 пайызға көп екендігі атап көрсетілді. Бағаның көтерілуіне негізінен азық-түлік бағаларының 8 пайызға өсіп, өткен жылдың осы мерзіміндегіден 0,6 пайызға арта түскендігі әсер етіпті. Сондай-ақ, ақылы қыз­меттер бағасы 6,7 пайыз, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 4,4 пайыз көтеріліпті. Баға рыногындағы жағдайды тұрақ­тандыру мақсатында Үкімет Кеден одағы аясында кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолданды. Үстіміздегі жылдың басында Үкімет табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсуін шектеу туралы шешім қабыл­дады. 2011 жылғы инфляциядағы реттелетін тарифтердің деңгейі 1,58 б.б. шегінде қабылданды. Он айдың қоры­тындысы бойынша оның үлесі 0,716 пайызды құрады. Қазіргі күні бөлшек сауда рыно­гындағы мұнай өнімдерінің, азық-түлік тауарларының бағаларына тұрақты түр­де мониторинг жүргізіліп келеді. Осы­ның нәтижесінде он айдың ішінде рыноктағы 78 субъектінің қызметіне тал­дау жүргізіліп, олардың бағаларын көтерулеріне сенімді себептердің бол­мағандығы анықталды. Кейбіреулерінде бағаның көтерілуі өзара жасырын келісім арқылы алаяқтық жолмен өсі­рілгендігі мәлім болды. Елімізде индустрияландыру жоба­лары белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жалпы сомасы 9 миллиард теңгені құрайтын 234 индустриялық жоба іске қосылса, соның 20 миллиард теңгені құрайтын 82 жобасы үстіміздегі жылы пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 29 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Статистикалық агенттіктің мәліметі бойынша, іске қосылған жаңа өндіріс орындарында 332 миллиард теңгенің өнімдері шығарылып, қызметтері көр­се­­тілген. Өнеркәсіптегі өсімнің 2,7 па­йызы, соның ішінде өңдеу өнер­кәсібіндегі өсімнің 4 пайызы нақ осы жобалардың үлесіне тиеді. Жыл басынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұ­мы­сында оң нәтижелер байқалды. Он айдың ішіндегі олар өндіретін жалпы өнім­дердің өсімі 2,6 пайызды құрады. Өңір арасында Сол­түстік Қазақ­стан, Қостанай, Ақ­мола, Жамбыл облыс­тарында жағдай­дың жақса­ра түскендігі байқалды. Үстіміздегі жылы Қазақстан кәсіп­керлерге қолайлы жағдай туғызу жө­ніндегі бүкіләлемдік рейтинг бойын­ша бұрынғы ор­нынан 11 сатыға көтеріліп, 47-ші орынға ие болды. Сөйтіп, біз бұл жөнінен Қытай, Түркия, Польша, Ресей, Беларусь секілді елдердің алдына түстік. Халықтың әлеуметтік жағ­дайы да жақсара түсті. Тоғыз айлық қо­ры­тын­ды нәти­жесінде халық­тың нақты ақ­шалай кірісі 6,8 пайыз ұлғайса, нақты жа­лақы кө­лемі 5,5 па­йыз­ға артқан. Жұ­­мыс­сыз­дық деңгейі үсті­міздегі жылдың қазан айында 5,3 пайызды құрады. Бұл 2010 жыл­дың осы мерзіміндегіден 0,2 пайызға төмен. Экономи­ка­ның жақсаруы бюджет кірістеріне де оң әсер еткендігі бай­қа­лады. Осы мәсе­ле бойынша баяндама жасаған еліміз­дің Қаржы министрі Болат Жә­мішевтің ай­туын­­ша, салық­тық және кедендік әкім­шілен­дірумен қоса алғанда салықтың негізгі түрлері бо­йынша жоспардың асыра орындалуын қам­тамасыз еткен. Мәселен, мемлекеттік бюджетке 4 трил­лион 327 миллиард теңге, респуб­ликалық бюджетке 3 триллион 623,6 миллиард теңге кірістер түскен. Бұлар тиісінше 98,1 пайызды және 97,9 пайызды құрайды. Жоспар­дың 100 пайыз орындалмауына бюджеттік бағ­дарламаларды орындауға ақшаның жеткілікті болуына байланыс­ты Ұлттық қордан кепілді трансфертті тартудың қажет болмауы әсер еткен. Республикалық бюджетке түскен са­лық көлемі 2 триллион 390,5 миллиард теңгені құрады. Бұл осы бойынша жос­пардың 102,9 пайызға орындал­ғандығын көрсетеді. Соның ішінде 2011 жылдың он айында түскен салық көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 863,1 миллиард теңгеге арта түскен. Кеден одағы елдеріндегі кедендік баж салығын бөлу тетіктерінің іске қосылуы нәтижесінде елімізге қо­сымша 81,1 миллиард теңгенің кірістері келіп құйылды. Ал экспорттық баж са­лықтарын іске қосу нәтижесінде мұ­най­дан 335,8 миллиард теңге түсті және 417,2 миллиард теңге ел эконо­микасындағы жағдайдың осының ал­дын­дағы жылмен салыстырғанда жақ­сара түсу нәтижесінде құйылды. 2011 жылдың он айында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2 триллион 800,2 миллиард теңге қаржы келіп түсті. 2011 жылдың 1 қараша­сындағы мәлімет бойынша, Ұлттық қордағы қаржы көлемі 7 триллион 491,3 миллиард теңгені құрады. Мемлекеттік бюджеттің шығындары 4 триллион 535,8 миллиард теңге бол­ды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 93,8 пайызы. Ал республикалық бюд­жет 3 триллион 934,8 миллиард теңгеге немесе жоспарланғанның 96,1 пайы­зына орындалды. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалмай қалуына қазан айында бюджетті қайта нақтыландыру үдерісі кезінде шығыс бөлігінің 217,8 миллиард теңгеге арттырылғандығы әсер еткендігін айту керек. Ал бұған бюджеттік бағдарламалар әкімшілік­терінің қажетті бюджеттік үдерістерді дер кезінде орындай алмай қалуы себеп болған. Сонымен, еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық дамуының он айлық қорытындысы жағдайдың жақсарып келе жатқандығын, Елбасының эконо­микалық дамуды 7 пайыздан төмен­детпеу жөніндегі тапсырмасының орындалуда екендігін көрсетіп берді. Енді осы қарқынды жыл соңына дейін ұстап отыру қажет. Сонда бұл ел Тәуелсіздігінің 20-шы жылының өзін­дік бір белесі болып табылмақ. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.