Жиында Таяу Шығыс бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Николай Младенов өңірдегі жағдай бойынша соңғы мәліметтер туралы, оның ішінде Ирак, Сирия, Йемен, Палестина-Израиль туралы толыұ мәлімет берді. Әсіресе, Палестина-Израиль қарым-қатынасы ерекше назарда болды. Кеңес мүшелері екі мемлекет басшыларына халықаралық келісімге келуге, Қауіпсіздік Кеңес мүшелері екі жаққа алдын ала шарт қоймай келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.
Кеңес мүшелері екі мемлекет тікелей келіссөздер өткізіп, әрқайсысы өз міндеттерін орындау керектігін айтты. Сонымен қатар делегациялар бейбіт жағдайды тұрақтандыру үшін Палестина мен Израильді өзара түсіністікке келуге шақырды.
Дебатқа қатысқан мемлекеттердің көпшілігі АҚШ-тң БҰҰ-ның Палестинаға көмек көрсетуіне берілетін қаржысын қысқартқанына алаңдаушылық білдірді, себебі бұл қаражат Таяу Шығыстағы босқындар шығынының 50 пайызын қамтиды. Ал оның қысқаруы босқындардың жағдайын қиындатады.
Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде мемлекетіміздің Израиль-Палестина шиеленісінің шешілгенін қалайтынын жеткізді. Сонымен қатар ол шиеленісті күшейтетін кез-келген әрекеттен аулақ болуға шақырды.
Қазақстандық делегация 18 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталасқа қатысқанын атап өтті.