Аймақтар • 02 Ақпан, 2018

Шучье-Бура­бай курортты айма­ғын дамыту әлеует­тері талқыланды

816 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының 5 инс­титуттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 57-қадамында турис­тік кластерлерді құру­да үздік тәжірибесі бар стра­те­гия­лық инвесторларды тарту ке­ректігі айтылған.

Шучье-Бура­бай курортты айма­ғын дамыту әлеует­тері талқыланды

Осы­ған орай, кеше «Назарбаев орта­лы­­­ғын­да» Қазақстан Респуб­ли­­ка­сы Пре­зиденті Іс басқар­ма­сы­ның және Ақмола облысы әкім­дігінің қол­дауымен «Kazakh Tourism» ұлт­тық компаниясы ұйым­дастырған «Шучье-Бура­бай курортты айма­ғын дамыту әлеует­тері» та­қы­ры бойынша 2016-2023 жыл­дары жүзеге асатын маңызды жо­балар­дың таныстырылымы өтті.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­медиұлы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Васи­лий Крылов, испаниялық инвестор Кристоф де Брюин және мем­ле­кеттік органдардың, ұлт­тық ком­паниялардың, даму инсти­тут­­тарының басшылары, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік компаниялардың басшылары мен бизнесмендер қатысты.

Арыстанбек Мұxамедиұлы кіріспе сөзінде Бурабай курортты аймағын дамыту жөніндегі жұмыстарды, инвестиция тарту мәселесін айта келіп, 2020 жыл­ға дейін «Щучье-Бурабай» ку­рорт­ты аймағына бөлінген қа­жетті қаржының 95 пайызы жолды жөндеуге, коммуналдық қызмет сапасын жақсартуға бөлі­нетінін жеткізді. «Қазіргі уақытта бұл жобаларға 61 млрд теңге қарас­тырылған. Оның жартысы жеке компаниялардың инвес­тициясы. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржының 95%-ы жол­ды жөндеуге, коммуналдық қыз­меттерді жаңартуға, сонымен бірге «Бурабай-Шортанды» су аймақ­тарының айналасын тазар­туға жұмсалады», деді ол.

Сондай-ақ министр Бурабайға туристерді көптеп тарту үшін xалықаралық шараларды өткізу керектігін жеткізді. Осы мақсатта биыл Бурабайда дәстүрлі түрде жаз айларында әлемдегі талант­ты балалардың басын қосатын халық­аралық фестиваль өтпек. «Биыл жазда алғаш рет халықаралық балалар фестивалін өткізейін деп жатырмыз. Ондай шаралар Испания, Түркия және тағы басқа мемлекеттерде жиі ұйымдастырылады. Неге десеңіз, бір баламен бірге міндетті түрде бес-алты адам келеді. Ол – әке-шешесі, ұстазы, достары және тағысын-тағылар. Осылайша ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік бар. Сол себепті биылғы фестиваль­ді Ас­та­намен қатар Бурабайда өт­кіз­генді жөн көрдік», деді А.Мұxамедиұлы.

Ал Ақмола облысы әкімі­нің орынбасары Василий Крылов алдағы уақытта үлкен және кіші Шабақты көлі маңайында тау-шаңғы кешенін салу жос­парланып отырғанын, сон­дай-ақ шетелдік туристер қазақ xалқының тұрмыс салтына қатты қызығатынын ескере отырып, Сарыбұлақ елді мекенінде этноауыл салынатынын айтты. «Былтыр гольфқа арналған кәсіби орталық ашылды. Биыл мамыр айында республикалық шаңғы базасы пайдалануға беріледі. Ол жерде биатлон алаңы мен шаңғы трассасы болады. Спортшылардың жүріп-тұруына арналған барлық нысандар бой көтереді. Соның арқасында үлкен xалықаралық жарыстарды өткізіп, туристерді көптеп тартуға мүмкіндік ашылады», деді В.Крылов. 

Оның айтуынша, бүгінде Щу­чье­де тағы бір тау-шаңғы кешенін салу мәселесі қаралып жатыр. Аталған жоба инвестициялық ұсыныстардың негізінде жүзеге аспақ. «Жергілікті бюджеттің есебі­нен қаланың орталығында көп­фун­к­циялы спорт кешені­нің құрылысы басталады. Біз форум-орталығын салу жұмыс­тарына да үлкен мән беріп отырмыз. Аталған нысан үш сегменттен тұрады. Ол жердегі көрме кеше­ні, концерт залы мен заманауи конгресс-xолл болады. Қазіргі кез­де жер учаскесі анықталды. Ен­ді, жобалау жұмыстарына кірісу керек», деді әкімнің орынбасары.

Бұл – курортты аймақты кешенді дамытудың алғашқы ауқым­­ды жобасы. Жиынға қатыс­қандар аталған тәжірибе кейін­нен Қазақстанның басқа өңірлеріндегі курортты аймақтарды жоспарлау кезінде пайдаланылатынын жеткізді. 

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»