«Жақында, 23 ақпан күні Қызыл әскердің құрылғанына 100 жыл толады. Қазақстан әскерінің құрылған күнін «Отан қорғаушылар күні» деп, 7 мамырда атап өтіп жүрміз. Ал енді осы кітаптан (ред., «Алашорданың әскери құрылымы») қарап отырсақ, біздің әскер 1917 жылы желтоқсанда құрылған екен. Менің ойымша, құжаттардың негізінде осы датаны түбінде өзгерту керек», деді Ержан Исақұлов.
Айта кетейік, Халықаралық Түркі академиясының «Тұлғалар тағылымы» атты дәстүрлі семинары бүгін «Алаш әскері: тарихтан тағылым» деген атпен екінші рет өтіп, онда қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлының «Алашорданың әскери құрылымы (1917-1920 жж.)» кітабы таныстырылған болатын.
Майгүл СҰЛТАН,
«Егемен Қазақстан»