Өнер • 22 Ақпан, 2018

Бард ақынның бастауы

752 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Белгілі бард әнші Табылды Досы­мовтың ұлы Аяш Абылдың «Тұң­ғыш рет» өнер кеші «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының каме­ралық залында өтті.

Бард ақынның бастауы

Ел есінде қазақтың тұңғыш бард ақыны ретінде құрметпен аталатын Табылды Досымовтың әндері мен гитарамен салған қоңыр үні қандай әсерлі де мәнді болса, оның шығармашылығына қанық халқы үшін де бұл өнердің орны қашанда қымбат болып қала бермек. Қазіргі таңда әншінің музыкалық мұрасын жинақтап, артында қалған рухани мол қазынасын халқына қалтқысыз жеткізуде тың жанрдың жанашырлары ауқымды жұмыстар атқаруда. Замана тынысын гитараның үніне қосып жеткізетін дарын иесі бұған дейін ұлтымызда болмаған деседі. Ақын Мұқа­ғали Мақатаевтың «Ұнатамын мен сені» өлеңінің мәтініне жазылған Табылдының әні жырмен жымдаса қабысып, жүрек түбіне ұялаған еді.

Әкеге махаббат пен сағыныш сазы Абылдың әр сөзінен, өнерге өрлене қанат қағысынан сезіліп тұрды. Жүре­гінің тұсына жақын ұстаған сайын гитара үні шағаладай шарықтап, әке мен баланың, қос арманның дауысы көкжиекте талмай қалықтап, көңілге шуақ себеледі.

Кешті өнер иесі Абыл Табылды­ұлының өзі жүргізіп отырды. «Мен қазақпын», «Биіктік», «Ұнатамын мен сені», «Күне­кей қыз», «Бірақ, бірақ...», «Астана», «Кеші­ріңдерші, адамдар», «Сәйгүлік», «Табылдың әні», «Қазақ едім дегенше», «Астананың аруы»... тағы басқа әндердің әуеніне тебіренген көпшілік әр әнге қошемет білдіріп, ұзақ қол соғып отырды.

Қазақ ұлттық ән өнерінің өркендеуіне қызмет етіп жүрген жанашырлар Қорабай Есенов, Елена Әбдіхалықова, Әлімбек Келдібай, Ержан Сағынбаев, Сейіл Аяғанның өнері де жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Кеш соңында Табылды Досымов атындағы қор­дың директоры, ұлттық өнердің қолдау­шысы Бижан Қалмағамбетов пен Табылды Досымовтың жары, Абылдың анасы Қарлығаш Басарқызы сөз сөйледі. «Тұңғыш рет» өнер кеші Аяш Табылдыұлының елорда тойына, Астананың 20 жылдық мерекесіне тартуы болып табылады.

Қаршыға КҮЛЕН

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024