26 Қараша, 2011

Әр азаматтың құқы қорғалады

253 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазақстан тәуел­сіз­дікпен даму жо­лын­дағы 20 жыл жасампаз қоз­ғалысы­ның қоры­тын­дыла­рын сараптап отыр. Осы жылдарда еліміз мемлекеттік да­мудың негізгі бағыт­тары бойын­ша едәуір жетістіктерге қол жеткізді. 1995 жылы қа­былданған Ата Заңымыздың ар­қасында өт­кен жылдар ауқымды өзгеріс­тердің, жаңа әлеуметтік-экономи­калық және саяси қа­тынастарға көшудің кезеңі бол­ды. Конститу­циямыз Қазақ­стан­ның дүниежү­зілік құқықтық кеңістікке кіруіне, халықаралық экономикалық қаты­нас­тар ая­сына қосылуына, демо­кратия­лық институттардың да­муы мен мемлекеттік-құқықтық инсти­тут­тарды түбегейлі рефор­ма­лауға алғышарт туғызды. Осының нәтижесінде өткен жылдарда адамның құқықтары мен бостандықтарын қамта­масыз ету саласында маңызды қадамдар жасалды. Мемлекеттік құқық қорғау жүйесінің қызметі мемлекеттік егемендікті оның барлық көріністерінде қорғауға бағыт­талған. Конституциялық заңды­лық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісінде басты рөл прокуратура органдарына берілген, олар қылмыстың алдын алу, азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын тиімді қорғау жөніндегі қадағалау және профилактикалық шараларды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет басшысының қоғамда әлеу­меттік-саяси тұрақтылықты, аза­маттар­дың еңбек және эконо­ми­калық құқықтарын қорғауды қам­тама­сыз етуге бағытталған тапсырма­ларын орындауға ерекше назар аударылады. Тәуелсіздігіміздің өткен 20 жылы ішінде Ата Заңымыз та­лаптарына сай 2009 жылы он­жылдыққа арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының қа­был­дануына байланысты рес­публи­каның бүкіл құқықтық жү­йесінің дамуында кезекті кезең басталды. Осы бағдарламалық құжатта құқық қорғау органы­ның ұйыт­қысы деп танылған прокуратура органдарына ерекше орын бөлін­ген. Осыған орай, біздің алды­мызда прокурор­лар­дың қада­ға­лаушы қызметі мен үйлестіруші функциясының тиімділігін арт­тыруға бағытталған міндеттер тұр. Осы міндеттерді ойдағыдай іске асыру азамат­тардың консти­ту­циялық құқық­та­рын неғұрлым сапалы қорғауға мүмкіндік береді. Елбасының «Қазақстан Рес­публикасында құқық қорғау қыз­меті мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында қой­ған ба­сымдықтар мен стра­те­гиялық мін­деттер құқық қорғау орган­дарының қызметін одан әрі жаңғыртуға және жетілдіруге, прокурорлық қадағалаудың тиім­­­­ділігін арттыруға бағытталған заңнамалық және ұйым­дастыру­шылық-құрылымдық шаралар кешенін әзірлеуді бірінші кезекке шығарады. Осыған орай қада­ғалау органдары алдында аза­маттардың құқықтары мен бос­тандықтарын, мемлекет пен қо­ғамның мүдделерін қорғауға бағытталған, қазіргі заманғы ха­лықаралық стандарттарға және қоғамның талап-тілегіне жауап беретін прокуратура органдарын одан әрі дамыту және жаңғырту бойынша міндет қойылды. Тиімді құқық қорғаушы функция қыз­меттің басты басымдығы болды. Реформа негізделетін маңыз­ды қадам қылмыстық жазалау сая­сатын ізгілендіру болып та­бы­лады. Елбасы қылмыстық заң­нама мен сот төрелігін құ­қықтық мемлекет стандарт­та­рына келтіру, қылмыстық жауап­тылық пен жаза­лау­дың репрессивтілігі мен ауырлығын азай­ту, қылмыстық сот ісін жүргізуде заң­дылық кепілдіктерін күшейту міндетін қойды. Біз әзірлеген заң жобасы қылмыстық заң­нама­ны ырық­тан­­дыру мә­се­леле­рінің кең ау­қымын қамтиды. Бұ­дан басқа, Бас прокуратура қылмыстық заң­наманы қылмыс­тық сипаттан арылту және қылмыстық процесте заң­дылық кепілдіктерін күшейту жө­ніндегі заңды әзір­леуші болды. Ізгілендіру үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыс­тар­ды қылмыстық сипаттан арылту, онша ауыр емес қылмыстар бо­йынша бас бостандығынан айы­ру түріндегі жазаны алып тастау, бас бостандығынан айырумен байла­нысты емес жазаларды қолдану аясын кеңейту, кәме­леттік жасқа толмағандардың қыл­мыстық жа­уап­тылығын же­ңілдету сияқты негізгі бағыттар бойынша жүр­гізілді. Тұтас алғанда ұсынылып отырған шаралар кешенін іске асыру бас бостандығынан айыру орында­рында отырған адамдар­дың са­нын едәуір азайтуға мүм­кіндік береді. Мемлекеттік мүд­деге   зиян келтірген қылмыстар ту­ралы істер бойынша тарап­тарды бітімге келтіру институтын пайдалану мүмкіндіктері кеңей­тілді. Құқықтық реформаны іске асырудың басқа да маңызды аспектілері туралы айтқанда, Ел­басы құқық қорғау орган­дарына қатысты прокуратураның үйлес­тіруші рөлін күшейту, сотқа дейінгі іс жүргізуде прокурордың жауаптылығын арттыру қажет­тілігін ұдайы атап көрсететінін айту керек. Осы жауапты міндет прокурорлық қадағалаудың ба­сым бағыттарын қамтиды, олар­ды іске асыру заңдылықты бұзуды бол­дырмау жөніндегі алдын алу ша­раларының біздің жұмысымызда басты бағыт болуын талап етеді. Мысалы, бүгінгі таңда қылмыс­тық қауіпті жағдайдың динами­касы неғұр­лым жетілген профи­лактикалық шараларды қабылдау үшін бүкіл құқық қорғау бло­гының әре­кеттерін біріктіру қажет­тілігін көрсетіп отыр. Осы­ған орай, құқықтық құбылыс­тардың ба­рын­ша кең спектрі ту­ралы ең толық және дұрыс ақ­паратты алуға және ең маңыз­дысы, оны заңдылық пен құқық­тық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде уақтылы әрі ұтымды пайда­лануға мүм­кіндік беретін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар қа­дағалау қызметі үшін, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және ар­найы есепке алу жөніндегі коми­тетінің талдау және ақпарат­тық-болжау жұ­мысында маңызды демеу болуға тиіс. Осы орайда азаматтық-құ­қықтық статистиканы қалып­тастыруға, құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттар алмасуына ықпал етуге арналған қадағалау органдарында белсенді енгізіліп отырған автомат­танды­рыл­ған ақпараттық жүйе­лер едәуір көмек көрсетуге тиіс. Мысалы, қылмыстар мен оқи­ғалар туралы арыздар мен ха­барламаларды электронды тіркеу жүйесінің (АЕК) арқасында прокурорлар мен қылмыстық қу­далау органдары бүгінгі күні нақ­ты уақыт режімінде әрбір арызды немесе хабарламаны қараудың барысын бақылай ала­ды. Көп­теген жағдайда қылмыс­тарды тер­геу жеделдігі тергеу және анық­тау органдарын дұрыс ақ­параттық қамтамасыз етуге бай­ланысты болғандықтан, осы жа­ңалықты енгізу прокуратура органдарының қызметін жетілдіретіні айқын, ал автоматтан­ды­рылған жүйелерді қолдану іздес­тірудің тиімді әдістерін құруды және оларды нәтижелі пайдала­нуды қамтамасыз етеді. Иоган Меркель, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.
Соңғы жаңалықтар