26 Қараша, 2011

Халықаралық аккредиттеу: мәселелері мен перспективасы

436 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында І.Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Халық­ара­лық аккредиттеу: мәселелері мен перспективасы» атты ха­лық­ара­лық семинар өтті. Семинар жұмысына шетелдік жо­ғары оқу ор­ын­дарының ға­лым­дары мен оқытушылары, қа­зақ­стандық жо­ғары оқу орын­да­ры­ның өкілдері қатысты. Семинарға қаты­су­шылар «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» атты көрмені тамашалап, оқу орнының мате­ри­ал­дық-техникалық базасы­мен танысты. Отандық білім беру жүйесі әлем­дік тәжірибе жетістіктерін пайдалану негізінде қалыптасып, даму үстінде. Жо­ға­ры мектептің әлемдік білім беру кеңіс­тігінде интеграциялануы білім беру сапасын көтерудің негізі ретінде оған жан-жақты көңіл бөлінуде. Ха­­лық­ара­лық аккредиттеудің дамуы бү­гінгі күні әлемдік еңбек нарығында беделді ор­ын­ды иеленуге қабілетті жаңа еңбек қор­ларын дайындау са­па­сын жоғары­ла­тудың ең тиімді тәсіл­де­рінің бірі сана­лады. Бұл күнде жо­ғары білім сапасын арттырудың кең тараған модулі аккредиттеу болып отыр. “Білім туралы” заңға енгізілген өзгертулер мен толық­ты­руларда жоға­ры оқу орындарын ак­кре­диттеудің ха­лықаралық үлгісі қарас­тырылып, оның түрлері енгізілген. Бүгінгі күні халықаралық тәжіри­беде, оның ішінде еуропалық білім беру кеңістігінде (Болон үдерісі) аккредиттеу үдерісі сапалы білім беру қызметінің негізгі кепілдігі болып отыр. Өз кезегінде отандық жоғары оқу орнының аккредиттелуі – білім беру бағдарламаларының шетелде та­ны­луын, қазақстандық түлектердің бас­қа мемлекеттерде жұмысқа тұру­ын немесе оқуын жалғастыруды қам­­­­та­­­масыз етудің және рейтингке қаты­суы­ның бірден-бір жолы болып саналады. Болон декларациясының қағидат­та­рын одан әрі жүзеге асыру және жоғары оқу орындарына халықара­лық аккредиттеу агенттіктерінде ма­­ман­дан­­­дырылған аккредиттеу үдері­сін дамы­­туға кеңес беру, ұйымдас­тыру көмек көрсету мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Халықара­лық аккредиттеу: мәселелері мен перспективасы» атты халықаралық семинары өтті. Семинар жұмысына ҚР Білім жә­не ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры Римма Сейдахметова, жоғары білім сапа­сын қамтамасыз етудің Еуропалық реес­трінің директоры Колин Тюк, Цюрих университетінің әлеуметтік және мәде­ни антропология департа­мен­тінің ди­рек­торы Петер Финке (Швейцария), К.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогика­лық университе­ті­нің проректоры М.Соловьев, М.Осими атындағы Тәжік техникалық универ­си­тетінің ректоры А.Абдурасулов және тағы басқа да шетелдік әріптестер, аккре­диттеу бой­ынша мамандардың ар­на­йы қатысуы семинардың маңызды­лы­­ғын арттыра түскенін айтуға болады. Бұл семинардың ерекшелігі – қа­зақстандық жоғары оқу орындары­ның шетелдік аккредиттеуден агенттіктерінде білім беру бағдарла­ма­ла­рын халықаралық аккредиттен өткізу кезінде кездесетін қиындықтарды атап көрсетіп, құқықтық кеңес беру мен оқыту алға қойылды. Оқыту се­минары ҚР білім беру бағдарла­ма­ла­рына ЕСТS-қа сәйкес модульдік құ­рылым мен сынақ бірліктерін білікті тәсілмен жинақтауды енгізу ерекшеліктері сынды ауқымды мәселелерді қарап, «халықаралық аккредиттеудің процеду­ралары мен сатылары», «келісілген білім беру бағдарлама­ла­ры­ның үлгілері», «білім беру бағдарла­ма­ларының Дублиндік дескриптор­ларға сәйкестігі» тақырыбын­да дөң­ге­лек үстел мен тренинг өткізді. Университетте өткен жылдың қа­рашасында AQUIN (Германия) ха­лық­аралық аккредиттеу агенттігінен 6 білім беру бағдарламасы бойынша ма­мандандырылған аккредиттеудің екі кезеңінен өткен болатын. 2011 жыл­дың 29 наурызында AQUIN басқар­ма­сы университеттің 6 оқу бағдарла­ма­сын, бакалавриаттың 4 оқу бағдар­ла­масы: «математика», «информатика», «ақпарат­тық жүйелер», «физика» жә­не магистра­тура­ның 2 оқу бағдар­ла­ма­­сын: «ма­те­матика», «информатика» аккре­дит­тел­ген­дігі туралы шешім қа­­­был­­да­ды. Ал 2010 жылдың қара­ша­сын­да университет Ұлт­тық аккредиттеу ор­та­лығынан инсти­ту­цио­налды аккре­дит­теуден өтті. Аккредиттеуден өтуді ұйымдастыру жайында уни­верситет осы семинарда өз тәжіри­бе­сі­мен бөлісті. Семинарға қатысушылар халық­аралық аккредиттеу бойынша бірқа­тар ұсыныстарын айтып, бұл үрдісті жетілдіру жолдарын жан-жақты көр­сет­ті. Семи­нарға қатысушыларға сал­та­нат­ты жағ­дайда сертификат табыс етілді. Жалпы, І.Жансүгіров атындағы Же­­­тісу мемлекеттік университетінде ха­лық­аралық деңгейде өткен оқыту се­м­и­нары тәжірибе алмасуда, білім сапа­сын арттыруға қол жеткізуге, ха­лық­аралық білім кеңістігіне батыл қадам жасауға жол сілтеген бірден-бір ау­қым­ды шара болғанын да айта кеткен жөн. Күмісжан БАЙЖАН. Талдықорған.