26 Қараша, 2011

Жемқорлықты жою амалдары сөз етілді

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміз нарықтық эконо­ми­каға өткелі бері заңды тұлға­лар­мен бүркемеленген эконо­ми­калық қылмыстар жиі орын ала бастады. Оған қоса кә­сіпкерлік қызметті ба­қылаушы органдардың лауа­зымды тұл­ғалары тара­пынан бизнес ісіне заңсыз араласу деректері кө­бейіп кетті. Ал мұндай қап­таған коррупциядан құтылу­дың амалы қандай? Міне, осы мәселелер ха­лықаралық ғы­лы­ми-практи­ка­лық конференцияда сөз болды. Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Литва, Беларусь, Украинаның ғалым­дары, ведомстволық оқу орындары­ның басшылары, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұй­ым өкілдері, депутаттық корпус, сондай-ақ сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес сала­сындағы сарапшылар қатыс­ты. Алды­мен сөз алған Эко­но­микалық қылмысқа және сы­байлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орын­басары А.Лукин Тәуел­сіз­дігіміздің жиырма жыл­ды­ғын біздің еліміз жаңа сапа­лы демократиялық стандарттармен, яғни заң үстемдігін қам­тамасыз етіп, адам құқын ба­рынша қорғау дәрежесіне қол жеткізуімізбен қарсы алып отырғанымызды айтып өтті. Дегенмен, өркен жайған елі­­міздің әлеуетін әлсіретуді көз­деген жемқорлар әрекеті басылар емес. Бұл орайда жем­қор­лар жамандығын талмай жырлайтын құқық қорғау ор­ган­дары да қарап жат­па­ғаны анық. Өйткені, олар жем­қор­ларды жағадан алған жалын­ды жұмыстар жаппай жүргі­зіл­генімен «Транс­­паренси Ин­тер­нэ­шнл» көр­сеткішіне сай еліміз жем­қор­лыққа қарсы тұру бойынша 105-орынды иеленуі мемлекет пен қоғам тарапынан коррупцияға қар­сы кешенді шараларды қа­былдау қажет­тігін де білдіреді дейді. Ондай шара­лардың бірі ретінде көлең­келі экономикаға қар­сы кү­ресті күшейтуді алға тар­тады. Агент­тік экономи­ка­ның осындай саласында 219 млрд. теңге зиян келтірген 3485 қылмысты анықтап, оның тек 101 млрд. теңгесін қайтара алды.

Конференцияда сөз ал­ған­дар сы­бай­лас жемқор­лыққа қарсы әрекет пен экономи­ка­лық қауіп­сіз­дік­ті қамтамасыз ету­дің қыл­мыстық-құқықтық жә­не кри­­минологиялық жәйін, қыл­мыстық іс жүргізу және криминалистикалық түр­ле­­рін, әлеуметтік-саяси, ақ­па­рат­тық және эконо­ми­калық мәселе­лерін ортаға салды.

Александр ТАСБОЛАТОВ.