29 Қараша, 2011

Қазақ ақынын қадірледі

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан Республика­сы­ның тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерекесіне» деген айдармен Моң­­­ғолияның бас ба­сы­лымы «Мон­голын Үн­эн» («Моң­­ғолдың Ақиқа­ты») газеті қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев­тың шы­ғарма­­шылығына ар­на­йы бет арнады. 90 жылдан аса тарихы бар бұл басылымның қазақ ақы­нына мұн­дай зор құрмет көрсе­туін екі ел арасындағы достық және мәдени байланыстың жар­қын айғағы деп тануымыз қажет. «Қазақтың тә­ңір­лі ұлы ақыны Мағжан Жұма­баев» деген мақаласында филология ғы­лымдарының кандидаты, тү­рік дүниесінің білгірі Нәпіл Баз­ылханұлы ақынның өмір­бая­­нын толық көрсетумен қа­тар, оның шығармасы жө­нінде аз да болса, сазды ой толғаған. Ақын өлеңде­рінің моңғол тіліне ауда­рылуы хақында, оның шығар­ма­шы­лығының ерекшелігі туралы ой­ларын айтқан. Алғысөзден кейін Мағжан Жұ­ма­баевтың «Түр­кіс­тан» деп ата­латын көлемді толғауы ақын Жүкел Хамайдың аударма­сы­мен толық берілген. Бұл аударма – ғалым Нәпіл Ба­зыл­ханұлы мен ақын Жүкел Ха­майдың көп жыл­дан бері шығар­машылық тұр­ғыда бірлесіп жұмыс жасап келе жатқа­нының бір көрінісі. Ақын Жүкел Хамай бұдан бұ­рын Нәпіл Базыл­хан­ұлының кеңесімен қа­зақ­тың дауылпаз ақыны Махамбет Өте­місұ­лының толық шығар­масын моң­­­­ғол тіліне, моңғолдың ежел­­­гі тарихи дастаны «Алтан тобчы» мен А.Амардың «Көш­пен­ділердің қыс­қаша тарихын» қазақ тіліне ауда­рып, жарыққа шығарған бо­латын. Алда бұл екі азамат Мағжан Жұма­баев­тың толық жи­нағын моң­ғол тіліне аударуды көз­деп отыр­ған­дары «Монголын Үнэн» газетінде жарық көрген мақа­лада да айтылған. Кәусар ҚАБДИҚЫЗЫ.