Газет тілшісі Ғабит Мүсіреповтің бұл сұхбаты Тәуелсіздіктің бір белгісі – ұлттық валютамыздың Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен айналысқа енгізіліп, қалыптасқандығына арналыпты. Сұхбат «Алтыналмас» акционерлік компаниясының бірінші вице-президенті Мұрат Мұртазаевпен жүргізілген.
Сұхбатта Семейдегі «Алтайалтын», Бақыршық, Көкшетаудағы Васильков, Ақмола облысындағы «Қазалтын», Павлодардағы Майқайың, Жамбылдағы Ақбақай тау-кен комбинаттары мен зауыттары «Қазалтын» бірлестігіне бағынғандығы, ол өз кезегінде Мәскеудегі КСРО министрлер кеңесі жанындағы «Алтыналмас» басқармасына қарап келгендігі туралы айтылады.
Республика егемендік алғаннан кейін «Қазалтын» республика иелігіне көшіп, алтын өндіретін орындарды есеп-қисапқа ала бастапты.
«Бар-жоғымызды өзіміз түгендеп, алтын комбинаттарын қалпына келтіруге жұмыс істедік. Бұрын алтын кендерімізді өндіру үшін Армения, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресейге жіберетінбіз. Енді арнайы келісім-шарт бойынша өңдеу үшін тек Ресейге жібереміз де толық қайтарып аламыз. Түбегейлі тазарған алтын ұлттық банкіміздегі бағалы байлықтар сақтау қорына тапсырылады» депті Мұрат Мұртазаев.
Мұнан кейін тілші алтынның қалай өңделетіндігі жайында сұрақ қойып, оны өңдейтін өзімізде зауыттардың бар-жоқтығын білмек болған.
– Ресейге тапқан алтынымыздың барлығы өңдеуге жіберілмейді, оның бірсыпырасы өзімізде өңделеді. Ал тікелей алтынды өңдеуге келетін болсақ, ол ең алдымен кен күйінде алынады. Содан кейін байытылып, концентратқа айналдырылады. Металлургтер алтын мен күмісті қосып, қорытпа дәрі жасайды. Сөйтіп, ең соңында қорытпа дәріні тазартып, 99,99 проценттік дәрежедегі таза алтын мен таза күміс пайда болады. Осылайша барлық електен өткен таза алтын мен күміс мемлекеттік сақтау қорына қойылады, – деп жауап берілген.

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше