Журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының осы аттас мақаласында «Қазақстан» атауының түп-төркіні мен шығу тегі зерттелінеді.
«Бір қызығы, біз тарих оқулықтарында «Ежелгі Қазақстан», «бәлен ғасырдағы Қазақстан» терминін жиі қолданғанымызбен, бұл жиырмасыншы жылдар ғана дүниеге келген тым жас атау. Ғылымға оның бұған дейін небәрі екі рет қолданылғаны белгілі» дей келе, журналист оның алғашқы түбірі «қазақ» сөзінің шығу тегін бұрын-соңды тарихшыларымыз бен тілші ғалымдарымыз мол зерттеп, көп жазғандығын, оларға тың жаңалық, тосын пікір қосу қиын екендігін айтады.
Мақаланың енді бір жерінде «стан» тіркесін тарихи тұрғыдан қарастыра келе, бұл қазақтың да, орыстың да сөзі емес, парсының – ел, жер, орын деген мағынаны білдіретін ұғымы екендігін айтады. «Қуатты парсы жұрты ерте ғасырларда төрт құбыласына тыныштық бермей, бірде Қырымға, бірде Сыр бойына, арғы жағында Ауған мен Үндіге шапқыншылық жасап тұрған ғой. Ауғанстан, Үндістан, Пәкстан елдерінің бүгінгі атауында сол тарихи оқиғалардың таңбасы сақталған. Түрік тайпалары мекен еткен аймақты алдымен – Түркістан, кейіннен – Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы), Моғолстан (Моғолдар мемлекеті) деп алғаш атаған да парсылар екен. «Стан» секілді «дешт» атаулары Иран жерінде қазір де жиі кездеседі» дейді. Қазақстан атауының да осы заңдылықтарға сәйкес қалыптасып, тілімізге сіңісті болып кеткенін жеткізеді.
Журналист сөзінің соңына таман 1911 жылы Ордада шыққан тұңғыш қазақ газеттерінің бірінің «Қазақстан» аталғандығын айта келе, «иә, «стан» бізге жат болса, революцияға дейін шыққан газетіміз «Қазақстан» аталар ма еді? Абайдың Ақылбайы өткен ғасырда өз қиссасын «Дағыстан» атар ма еді?» дей келе, бұл терминнің Кеңес одағынан қалған мұра емес екендігін, оның тарихы әріде екендігін жеткізеді.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55