29 Қараша, 2011

Бәйтеректің бір бұтағымыз

370 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2000 жылы Т. Жүргенов атын­дағы Ұлттық өнер академиясын бітірген өндірдей бір топ түлек Петропавл қаласына арнайы жолдамамен келіп, Тәуелсіз еліміздің қазақ өнер орда­сы­ның шымылдығын ашқан еді. Сол кез­де өнер десе ішкен асын жерге қоя­тын жұртшылық өлгені тіріліп, өшкені жанғандай керемет күй кеш­ті. Сөйтіп, рухани шөліркеп отыр­ған қы­зылжарлықтарды жас ұжым өз өнер­лерімен қуанышқа бөледі. Содан бергі уақытта алпыстан астам қойы­лым сахналанды. Облысқа ар­найы ж­ұ­­­мыс сапары кезінде қасиетті өнер орда­сы­на Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың келуі ұмытылмастай әсер қалдырды. Содан бергі кезең театр ұжы­мы­ның қалыптасу, өсу, өрлеу жылдары болды. Талай додалы байқау-фести­вальдарда бағын сынап, топ жарды. 2003 жылы Египеттің астанасы Каирде өткен халықаралық театрлар фестивалінде үздік ондықтар қата­рынан көрінуіміз жігерімізді та­сыт­ты. Шетелдіктер назарына «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымы ұсы­нылды. 2004 жылы өткен респуб­ли­калық фестивальда театрдың көр­кемдік жетекшісі Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек «үздік режиссер» атанды. Ең бастысы, жұртшылық ұлттық, әлемдік классикадан бастап қазіргі заманның тыныс-тіршілігін бейнелейтін шығармаларды да ынтыға көреді, асыға тосады. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегі», Ғ.Мүсіреповтің «Қо­­зы Көрпеш-Баян сұлуы», Ш.Айт­ма­товтың «Шыңғысханның ақ бұл­ты», «С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдысы», А.Кирийдің «Иірімі», К.Гольдонидің «Екі қожаға бір қыз­метшісі» сияқты дүниелер репертуа­рымызға тұрақты енді. Өнер адамдарының тынымсыз еңбегі облыс басшылығы тарапынан қошемет-құрметке бөленіп жүргенін айту орынды. Аймақ басшысы Серік Біләлов бір топ жас әртістерге жай­лы пәтерлердің кілтін, сыйақылар табыс етті. Қосымша қаржы бөлді. Бүгінде театр жанында «Алуа» би тобы, камералық оркестр жұмыс істейді. Біз облыстың елді мекендеріне, көршілес облыстарға гастрольдік сапарлармен шығу дәстүрін үзген емеспіз. Мысалы, Қостанайда он бес қойылым көрсетіп, сапарымызды гала-концертпен түйіндедік. Көкше­тау­лықтарға Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» спектаклін ұсын­дық. Ресейдің шекаралас облыста­рын­дағы қазақ ауылдарына да жиі барып тұрамыз. Соңғы жылдары ұжым қабілетті, талантты жастармен толыға түсті. Театрымыз жас. Алар асулары әлі алда. Жасампаз жиырма жылдың тең жартысын өз тарихына жазған С. Мұ­қанов атындағы облыстық сазды-драма театры теріскейдегі киелі өнер­­дің бір иесі ретінде рухани құн­ды­лық­тарға деген құштарлығы мен ің­кәр­лігін бір сәт те босаңсытпақ емес. Қуандық ҚАСЫМОВ, Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрының директоры. Солтүстік Қазақстан облысы.