29 Қараша, 2011

Бүгінінен ертеңі нұрлы

4 мин
оқу үшін
Кереку елінде ұлттық теат­ры­мыздың қалыптасуының тарихы тереңде. Облыста тұңғыш қазақ театры 1938 жылы Бесқарағай колхоз-совхоз театры негізінде құрылған екен. Сол жылдары бұл театр М.Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», Ғ.Мү­сіреповтің «Қыз-Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесала­рын сахнаға шығарыпты. Өкінішке орай кейіннен, яғни 1948 жылы жабылып қалған өнер шаңырағы тек 1990 жылы ғана қайтадан есігін ашты. Содан бері осынау өнер ұжымы өз сахнасында қаншама жауһар­лар­ды шығарды десеңізші. Солар­дың қайсыбіріне тоқтала кетсек, М.Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», Ғ. Мү­­сіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ұлпан-Есеней», У.Шек­с­пирдің «Король Лир», А.Чехов­тың «Шағала», Еврипид­тің «Ме­­дея», И.Кальманның «Силь­ва», «Мистер Икс», И.Штраустың «Жарқанат», Ф.Эр­вен­нің «Түлкі Бикеш», М.Бай­серкеұлының «Абы­лай хан», «Кене хан», Ә.Тә­жі­баевтың «Майра». Сондай-ақ Д.Исабековтің «Әпке», «Мұра­гер­лер», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Актриса», Т.Ахтановтың «Кү­шік күйеу», Ә.Таразидің «Жақсы кісі», С.Балғабаевтың «Бізде ға­шық болғанбыз», И.Байзақовтың «Ақбөпе», Ш. Айтматовтың «Ана – жер-Ана», Ж. Аймауы­тов­тың «Ақбілек», «Шернияз» және т.б.туындылары сахнаның көркі­не айналды. Театрдың негізгі көрермен­де­рі жастар, себебі, театр әкімшілі­гі­нің алдына қойған міндеті елі­міздің болашағы жастарды ұлт­тық өнерге, ата-бабаларымыздың сал-дәстүріне, тіліне кеңінен насихаттау болып отыр. Сөз орайында театр ұжымы­ның гастрольдік сапарымен Мәс­кеу, Ленинград, Омбы, Новосібір, Алматы, Астана, Қызылжар, Талдықорған қалаларында өз өнерін көрсеткенін айта кетсек дейміз. Сондай-ақ, халықаралық жастар шығармашылық «Ша­быт» фестиваліне екі рет (1995, 2008 ж.ж.) және Каир қаласында өткен VII халықаралық экспери­мен­тальдық театрлар фестиваліне, Кония қаласында (Түркия) Дүниежүзілік түркі тілдес ха­лық­тардың фестиваліне қатысып лауреат атанғаны да ұжымдағы ізденіс іздерін аңғартатыны сөз­сіз. Ал енді актерлар қауымына келетін болсақ, Роза Тәжібаева, Аман­келді Жүке, Сейітжан Тә­жібаев, Сансызбай Бекболатов, Талжібек Атамбек, Мұхтар Бай­жұманов, Ақық Таспаева, Ба­хар­гүл Құрбанова, Толқын Абдрахимова, Бейбіт Шәнім, Дос­кен Ұябай және жас буын өкіл­дері Бекболат Оқасов, Руслан Нығ­манов және т.б. көп құрме­тіне бөленіп жүрген өнер иелері. Бір айта кететін жәйт, театр труп­пасы жыл сайын Т.Жүр­ге­нов атындағы театр академия­сы­ның түлектерімен толықты­ры­лып тұ­рады. Театрдың өзіндік сим­фониялық оркестрі бар, дирижері Болат Рақымжанов, ән пәнінің мұғалімі Анна Алексеева, концертмейстерлер Ирина Во­ронина, Наталья Куминова балетмейстер Баян Исабековалар әр туындының жұрт жүрегіне же­туіне өз үлесін қосып жүрген аяулы жандар. Иә, театр халықтың, елдің тарихы мен болмысынан сыр шертер қазыналы орда десек, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының мақсаты – ұлттық өнерге деген мұқтаждықтың ор­нын толтыру. Бүгінде бұл өнер ұжымының өз бағыт-бағдары бар. Ең бастысы, ұжым ұдайы ізденіс үстінде. Сондықтан да осы­нау 20 жыл аралығында ол өзінің мүмкіндігін өз елімізде ғана емес, алыс шет елдерге де дәлелдей білді, халықаралық фес­тивальдарға, өнер сайыста­рын­да терезесі тең екенін көр­сетті. Ендеше, халыққа рухани байлық сыйлап, ұлттық салт-дәс­түрмен атадан қалған асыл сөздермен жастарға тәрбие беріп келе жатқан театрдың бүгінінен ертеңі нұрлы деп білеміз. Мұхтар МАНАП, Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры.
Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44