19 Наурыз, 2018

Серік Әбдібек: Қолдау білдірді

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын еліміздің әрбір азаматты жылы қабылдады.


Серік Әбдібек: Қолдау білдірді

Бұл туралы Дін істері жә­не азаматтық қоғам минис­тр­­лігі ұйымдастырған діни бірлес­тіктер өкілдерінің жиынында айтылды. Жиынды ашқан Дін істері комитетінің төрағасы Ер­кін Оңғарбаев Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бүгінде ел арасында қызу талқыланып, жаппай қолдау тауып отырғандығына тоқталды. Мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған шараларды діни бірлестіктердің мүшелері де сезініп, оның игілігінен қалыс қалмау керектігін ескертті.

Жиынға арнайы шақырылған Ұлттық экономика министрлігі макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары Айгүл Ахметованың айтуынша, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру мақсатында жол картасы жасақталып, Үкіметте бекітілген. Әлеуметтік пакет есебіндегі бастамалардың орындалу мерзімі мен тетіктері де нақтыланған.

– Бастамаларды жүзеге асырылу жұмыстары басталып кет­ті. Жол картасы бойынша негіз­гі 35 шара белгіленді. Енді бес әлеу­меттік бағыт бойынша Аза­мат­тық, Бюджет және Салық кодек­с­тері мен 12 заңға өзгерістер енгі­зілмек. Үкімет арнайы 6 қау­лы қабылдайды. Барлық жұмыс­тар бойынша мүдделі орган­дар ай сайын есеп беруге міндет­телген, – деді министрлік өкілі.

Үндеудің 5 бағыты бойынша діни конфессия өкілдеріне Ұлттық экономика, Білім және ғы­лым министрліктерінің қыз­мет­керлері тиісті мәліметтер бер­ді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»