30 Қараша, 2011

Қарашаңырақ

460 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Жақын күндерде еліміз Қа­зақ­стан тәуелсіздігінің 20  жыл­дығын атап өтпек. Әрине, бұл мерзім тарих «доңғалағы» үшін аса көп уақыт емес. Десек те, 20 жыл – тәуелсіздіктің буы­ны қа­тып, оның қалыптасып, мемле­кет­тің келешек бағыт-бағ­дарын, саяси философиясын ай­қын­дау үшін жеткілікті кезең. «Тәуелсіздік алғалы бері неге қол жеткіздік? Саясат, экономи­ка, әлеумет, өнер мен ғылым, әдебиет пен мәдениет саласында қандай жетістіктерге ие болдық? Мемлекетіміз қай бағытта және қалай дамып келеді? Елдің ер­теңі қандай болмақ? Енді 20, 30 не 40 жылдан соң қандай өз­ге­рістер орын алмақ?» деген сауал­дар әркімді мазалайды. Бұған бірлесе жауап іздейтін кез жетті. Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар», дей отырып, бір­лік­тің қаншалықты маңызды екендігін ғана айтып қоймай, ол бол­маған жағдайда қаншалықты қауіп­ті екенін де меңзеген. Ра­сын­да да мынау біздің сілкіністерге толы заманымызда бірліксіз алға жыл­жу тіпті мүмкін емес. Сол себепті біздің ел үшін бірлік ерекше қастерлі ұғым. Өзімізге белгілі, біз бірліктің арқасында алаңсыз жұмыс істеп, алғашқы қиын-қыстау кезеңді артқа тастауға қол жеткіздік. Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі нә­ти­жесінде Қазақстанда этно­с­ара­лық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ. Жә­не бұл үдеріске өз елінің, ұлты­ның тағдырына алаңдайтын аза­маттардың әрқайсысы үлес қос­ты, қосып келеді де. Ең бастысы, тәуелсіздікті баянды етудің ал­ғы­шартты жасалды, демогра­фия­­лық жағынан халқымыздың са­ны ұлғайды. Ал біз қазақтар са­ны 40 пайызға жетер-жетпес бол­ғанда тәуелсіздік деклара­ция­сын жариялаған халық едік. Оған жеткізген тағдырға әлі де қарыздармыз. Сондықтан, тәуелсіздігімізді жариялаған және өз мемлекеттілігімізді қалыптастырған алғаш­қы кезеңдерде біздің басты міндетіміз – этносаралық төзімділік пен келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болды. Ал ел дамуы­ның жаңа кезеңінде, страте­гия­лық басымдық ретінде, қоғам­ның барлық азаматтары мойын­да­ған ортақ құндылықтар мен қағидаттарға негізделген Ұлт бірлігіне жету мақсаты тұрды. Осылайша, «Қазақстанның Ұлт бірлігі Доктринасы» өмірге келді. Доктринаның қажеттілігі, сөй­тіп, өмірдің өзінен, ғасыр­лар­дың көзінен, тағдырымыздың шешуші бір кезінен, яғни тарих логикасынан туындаған еді. «Өйткені, бірліксіз – ұлт жоқ, ұлтсыз – мемлекет жоқ. Ал мемлекетсіз болашақ жоқ» делінген аталмыш құжатта. Сонымен, Қазақстанның Ұлт бірлігінің қағидаттары қан­дай? Біріншіден, «Қазақ­стан Респуб­ли­касы қазақ хал­қы­ның сан ға­сырлық мемле­кет­тілігінің құ­қық­­тық, тарихи жал­ғыз дара мұ­рагері және оның саяси, мемлекеттік құры­лымының табиғи жал­ғасы бо­лып табылады. «Тәуел­сіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігімізді да­мыту – біздің басты құнды­лы­­ғы­мыз болып табылады», деп атап көрсетілген Елбасы мақұл­даған құжатта. Екіншіден, біздің ұлттық бірлігіміз, барлық Қазақ­стан азамат­тары­ның тағдыры­ның ортақтығына негізделген. Ол ортақ тағдыр баршамыздың ортақ таңдауы­мыздың арқасын­да келді. Және ең аяулы сезім­дердің бірі отан­дастық сезіміне бөледі. «Себебі, біздің ортақ еліміз, ортақ отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тарихи тағ­ды­рымыздың ортақтығын түсіну және осы таңдауды түйсіне білу – елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз» делінген Доктринада. Яғни, Елі бір­дің – тағдыры бір деп түйін­деуге болады. Бұл Қазақстанды «елім, отаным» деп танитын, мемлекеттік тілді мойындап, заң дәстүрін қадірлеп-қастер­лейтін азамат­тың бұл елмен тағдыры да бір деген сөз. Үшін­шіден, ол мүм­кін­діктер теңдігі қағидаты. Демек, қоғам­ның барлық азамат­тары­на мемлекет тарапынан бірдей тең, әрі әділетті мүмкіндік жасалуы тиіс. Бұл «қағидат – этностық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстаны­мы­на және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүм­кіндік беру» деп атап көр­сетіл­ген аталмыш құжатта. Төр­тін­шіден, қай ұлтты болса да ұйытатын, біртұтас­тыққа біріктіре алатын күш – ол Рухани бас­тау. Себебі, халықтың рухы күшті болған сайын, оның мемлекеттілігінің де болашағы  арта түседі. Ұлттық рух қай халықтың болса да оның өзіндік санасы­ның негізі саналады, мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылық­тар мен мәдениетке, тілге сүйе­неді. Олай болса, біздің де тіліміз, дәстүрлі құндылықтар мен қай­таланбас төл мәдениетіміз хал­қымызға жүздеген жылдар бойы демеу болды, оны құрып кетуден аман сақтап қалды. Сон­дық­тан да ұлттық мәде­ниетімізді да­мы­ту, дәстүр мен тілді жаң­ғырту, әрі қолдану ая­сын кеңей­ту, ұлт­тық қадір-қа­сиетті ны­ғайту – мем­лекеті­міз­дің ең маңыз­ды мін­деттерінің бірі. Тәуелсіздікті қашанда қор­ғау­ға тиіспіз. Оған барлық аза­маттардың қауқары мен әлеуеті, нәтижелі әрекеті керек. Досмұхамет НҰР – АХМЕТ, Түркі академиясының бірінші вице-президенті, философия ғылымдарының докторы.