03 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы №502-ІV ҚРЗ

274 рет
көрсетілді
41 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң­­намалық актілеріне өзгерістер мен то­­­лық­тырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Қылмыстық кодексіне (Қа­зақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құ­жат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар): 1) мазмұнында: екі жүз алпыс жетінші абзац «Терроризмді» деген сөзден кейін «не экстремизмді» деген сөздермен, «терроризм» деген сөзден кейін «не экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын; екі жүз алпыс тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизге өзге де жәрдемдесу»; мынадай мазмұндағы екі жүз жетпісінші абзацпен толықтырылсын: «233-4-бап. Террористік не экстремистік қыз­метті ұйымдастыру мақсатында адамдарды аз­ғырып көндіру немесе дайындау не қарулан­дыру»; екі жүз жетпіс бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу»; мынадай мазмұндағы екі жүз жетпіс екінші, екі жүз жетпіс үшінші, екі жүз жетпіс төртінші және екі жүз жетпіс бесінші абзацтармен толықтырылсын: «235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қыл­мыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу 235-2-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу 235-3-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғам­дастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу 235-4-бап. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қыл­мыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржы­ландыру арналарын әзірлеу»; 2) 28-баптың үшінші бөлігі мынадай редак­ция­да жазылсын: «3. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық жасаған адам, сол сияқты ұйымдасқан топты, қылмыстық қо­ғамдастықты (қылмыстық ұйымды), трансұлт­тық ұйымдасқан топты, трансұлттық қыл­мыс­тық қоғамдастықты (трансұлттық қылмыстық ұйымды) немесе тұрақты қарулы топты (бан­да­ны) құрған не оларды басқарған адам ұйымдас­тырушы деп танылады.»; 3) 31-бапта: төртінші бөлік мынадай редакцияда жа­зылсын: «4. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қыл­мыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.»; мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөлік­термен толықтырылсын: «4-1. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қыл­мыс жасау үшін күні бұрын біріккен адам­дардың тұрақты тобы екі және одан да көп мемлекеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер азаматтарының қатысуымен жасаса, ол трансұлттық ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. 4-2. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қыл­мыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топтар бірлестігі екі және одан да көп мем­л­е­кеттің аумағында не бір мемлекетте жасаса, бірақ оны дайындау, жоспарлау, басқару немесе оның зардаптары басқа мемлекетте орын алса немесе бір мемлекетте, бірақ басқа мемлекеттер аза­мат­тарының қатысуымен жасаса, ол транс­ұлттық қыл­мыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыс­тық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.»; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ұйымдасқан топты, қылмыстық қоғамдас­тықты (қылмыстық ұйымды), трансұлттық ұй­ымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық қо­ғам­дастықты (трансұлттық қылмыстық ұйым­ды) немесе тұрақты қарулы топты (банданы) құрған не басқарған адам осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағ­дай­ларда оларды ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін, сондай-ақ егер қылмыстар оның қас­күнемдiк ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қыл­мыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған барлық қылмыстар үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйы­м­ның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, транс­ұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлт­тық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) басқа қатысушылары осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда, оларға қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.»; 4) 34-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметке­рінің не осындай органның тапсырмасы бойын­ша осы органмен ынтымақтасып жұмыс істейтін өзге адамның заңға сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын орындауы кезінде жасаған, осы Кодексте қорғалатын мүдделерге зиян келтірген әрекеті, егер бұл әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, ұйым­дасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыс­тық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, транс­ұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда аздау болса, және егер оларды бол­ғызбауды, ашуды немесе тергеуді, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, ол қылмыс болып табылмайды.»; 5) 41-бапқа ескертулердің 2-тармағы: «168-171,» деген цифрлардан кейін «233-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; «233-3,» деген цифрлардан кейін «233-4,» деген цифрлармен толықтырылсын; 6) 51-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастық­тың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұй­ым­дасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғам­дастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) не тұрақты қарулы топтың (банданың) құра­мында қылмыстар жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік тәркілеуге жатады.»; 7) 54-баптың бірінші бөлігінің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «в) адамдар тобының, алдын ала сөз бай­ласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың), террористік топтың құрамында қылмыс жасау;»; 8) 63-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi түрде қайталануы кезінде не адамды ұйым­дас­қан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қыл­мыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдас­тық­тың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.»; 9) 65-баптың екінші бөлігі мынадай редак­ция­да жазылсын: «2. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғам­дас­тық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйым­дас­қан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды бол­ғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұй­ым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қыл­мыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарға басқа да қатысу­шы­ларды әшкерелеуге белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.»; 10) 70-бапта: үшінші бөліктің г) тармағындағы «төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолда­ны­луы мүмкін» деген сөздер «төрттен үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы д) тармағымен толықтырылсын: «д) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғам­дас­тықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұй­ым­ның) немесе тұрақты қарулы топтың (бан­даның) құрамында жасалған қылмыс үшін та­ғайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданы­луы мүмкін.»; сегізінші бөлік «қылмыс жасаған,» деген сөздерден кейін «террористік қылмыстар үшін сотталған адамға,» деген сөздермен толық­тырылсын; 11) 71-бапта: екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйым­ның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, транс­ұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (транс­ұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылмайды.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Террористік қылмыстар үшін сотталған адамдарға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру қолданылмайды.»; 12) 74-баптың екінші бөлігіндегі «Ауыр» деген сөз «Террористік қылмыстар үшін сотталған адамдарды қоспағанда, ауыр» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 131-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыс­тық ұйымның) қылмыстық қызметіне кәмелетке толмаған адамды тартуға байланысты әрекеттер, - мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 14) 164-бапта: бірінші бөлікте: бірінші абзац «пайдалана отырып» деген сөз­дерден кейін «, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты насихаттайтын әдебиет пен өзге ақпарат жеткізгіштерді тарату жолымен» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жылдан алты жылға» деген сөздер «үш жылдан жеті жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жылдан он жылға» деген сөздер «жеті жылдан он екі жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 233-бапқа ескертулердің 2-тармағы «233-3,» деген цифрлардан кейін «233-4,» деген цифрлармен толықтырылсын; 16) 233-1-бапта: тақырып «Терроризмді» деген сөзден кейін «не экстремизмді» деген сөздермен, «терроризм» деген сөзден кейін «не экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөлікте: бірінші абзац «Терроризмді» деген сөзден кейін «не экстремизмді» деген сөздермен, «терроризм» деген сөзден кейін «не экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «бес жылға» деген сөздер «үш жылдан жеті жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: бірінші абзац «жасаған» деген сөзден кейін «не бір топ адам жасаған» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «үш жылдан сегіз жылға» деген сөздер «бес жылдан он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 233-3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу 1. Террористік немесе экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін жеке адамға, бір топ адамға немесе террористік не экстремистік ұйымдарға көрінеу заңсыз ақша және (немесе) өзге де мү­лікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипат­тағы пайданы беру немесе жинау, сондай-ақ сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдықтар, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету не қар­жылық қызмет көрсету, - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостанды­ғынан айыруға жазаланады. 2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер, - мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Күш қолдану қатерімен террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де жәр­демдесуді жүзеге асырушы және ол туралы ерікті түрде мәлімдеуші, сондай-ақ қылмыстың ашылуына немесе жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыс­тық жауаптылықтан босатылады.»; 18) мынадай мазмұндағы 233-4-баппен то­лық­тырылсын: «233-4-бап. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру 1. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру - мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, - мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 19) 235-бап мынадай редакцияда жазылсын: «235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу 1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оны басқару - мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақ­сатында құрылған ұйымдасқан топқа қатысу, - мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, – мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы Кодекстің 235, 235-1, 235-2, 235-3, 237-баптарында ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлт­тық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйым­ға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) қа­тысуын өз еркімен тоқтатқан және ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұй­ым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қыл­мыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасайтын немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»; 20) мынадай мазмұндағы 235-1, 235-2, 235-3 және 235-4-баптармен толықтырылсын: «235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қыл­мыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу 1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақ­сатында қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру не оны басқару, сол сияқты ұйым­дасқан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бірлестігін құру немесе дербес әрекет ететін ұйымдасқан топтардың қылмыстық іс-әрекеттерін үйлестіру – мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Ұйымдасқан топтар басшыларының қыл­мыс­тық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) қатысуы - мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып үйлестіру мақсатында ұйымдасқан топтар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына қатысу, - мүлкi тәркiленіп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бө­лiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, – мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 5. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топтардың басшылары арасында жетекші орындағы адам жасаса, - мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 1. Қылмыстық іс-әрекеттерді үйлестіру деп бірлесіп қылмыстар жасау мақсатында ұйым­дасқан топтар арасында оларды келісуді (ұй­ымдасқан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының арасында тұрақты байланыс­тар орнатуды, қылмыс жасау үшін жоспарлар әзірлеп, жағдайлар жасауды, сондай-ақ қыл­мыстық ықпал ету аясын, қылмыстық әрекеттен түсетін табысты бөлісуді) түсіну керек. 2. Жетекші орындағы адам деп ұйымдасқан топтардың басшылары қылмыстық іс-әре­кеттерді үйлестіру жөніндегі өкілеттіктерді берген адам танылады. 235-2-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу 1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оны басқару - мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу, - мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, – мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 235-3-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғам­дас­тық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу 1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (транс­ұлттық қылмыстық ұйым) құру, сол сияқты оны басқару - мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) қатысу - мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, – мүлкi тәркiленiп, он жеті жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 235-4-бап. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдас­тық­тың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қар­жыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу 1. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғам­дастықтың (қылмыстық ұйымның) не транс­ұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қыл­мыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыс­тық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру - мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) не трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (транс­ұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) қатысушысының мүлікті ж­и­н­ауы, сақтауы, бөлуі, сондай-ақ қаржы­лан­дыру арналарын әзірлеуі,- мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiк­терiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, – мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 1. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғам­дастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұй­ым­ның) немесе тұрақты қарулы топтың (бан­даның) қылмыстық қызметін қаржыландыру деп қылмыстық әрекетін жүзеге асыру мақсатында ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) мүлікті беруді, қаржылық қызмет көрсетуді түсіну керек. 2. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғам­дас­тықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұй­ым­ның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыруды күш көрсетіп қорқыту арқылы жүзеге асырған және бұл туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»; 21) 237-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацында: «сегіз жылдан он бес» деген сөздер «, он екі жылдан жиырма» деген сөздермен ауысты­рылсын; «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «алты жылдан он екі» деген сөздер «, он жылдан он бес» деген сөздермен ауыстырылсын; «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөліктің екінші абзацында: «он жылдан он бес» деген сөздер «, он бес жылдан жиырма» деген сөздермен ауыс­тырылсын; «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын. 22) 337-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацындағы «үш» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес жылға» деген сөздер «үш жылдан жеті жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацындағы «бір жылға» деген сөздер «алты жылға» деген сөздермен ауыстырылсын; 23) 337-1-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жыл­ға» деген сөздер «алты жылға» деген сөз­дермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жылға» деген сөздер «алты жылға» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құ­жат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құ­жат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар): 1) 58-баптың бірінші бөлігінде: «кодексінің» деген сөзден кейін «162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; «169» деген цифрлардан кейін «, 171» деген цифрлармен толықтырылсын; «төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 64-бапта: үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мү­ліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің, айыпталу­шы­ның немесе заң бойынша олардың іс-әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адам­дардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, ұй­ымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйым­ның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берілген мүлікті анықтауға да шаралар қолдануға міндетті.»; бесінші бөліктегі «санкциясын немесе соттың шешiмiн» деген сөздер «, соттың санкциясын немесе соттың шешімін» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 67-баптың екінші бөлігіндегі «прокур­ор­дың санкциясы» деген сөздер «прокурордың, соттың санкциялары» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 4) 130-бапта: бірінші бөліктегі «Қылмыстық процеске қа­тысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қылмыстық процеске қатысушы адам­дарды мемлекеттік қорғау туралы», «Жедел - іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республи­ка­сының заңдарында» деген сөздермен ауыстырыл­сын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер оның келісімімен аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдас­тық­қа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйым­дас­қан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдас­тыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «6. Жедел-іздестіру қызметінің осы бапта баяндалған талаптарға сай келмейтін нәтижелері осы материалдарды ұсынған органға қайтары­ла­ды, бұл туралы дәлелді қаулы жасалады. Қау­лыда жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қылмыстық іске қоса тіркеуден бас тартудың себептері көрсетілуге тиіс.»; 5) 192-бапта: «бірінші бөлік «233-3,» деген цифрлардан кейін «233-4,» деген цифрлармен толықтырылсын; төртінші бөліктегі «235,» деген цифрлар алып тасталсын; 4-3-бөліктегі «227,» деген цифрлардан кейін «235, 235-1, 235-2, 235-3, 235-4,» деген цифрлармен толықтырылсын; 6) 301-баптың 3-1 бөлігі: «кодексінің» деген сөзден кейін «162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігін­де),» деген сөздермен толықтырылсын; «169­» деген цифрлардан кейін «, 171» деген цифрлармен толықтырылсын; «төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде) деген сөздермен толықтырылсын; 7) 543-бапта: «кодексінің» деген сөзден кейін «162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бө­лігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; «169» деген цифрлардан кейін «, 171» деген цифрлармен толықтырылсын; «төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жар­шы­сы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат): 69-баптың 4-тармағы «жасағаны үшін» деген сөздерден кейін «бір жылдан астам мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жыл­ғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республи­ка­сының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғар­ғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат): 12-бапта: 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қыл­мыс­тық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, транс­ұлттық қылмыстық қоғамдастық (транс­ұлт­тық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) дайындайтын және жасай­тын қыл­мыс­тарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары көрсетілген санаттағы қыл­мыс­тарға қатысы бар тексерілетін адамдарға қатысты прокурордың санкциясымен жүргізі­леді.»; 7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редак­цияда жазылсын: «7. Кейінге қалдыруға болмайтын ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұй­ым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыс­тық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы тиісті орган басшыларының біреуінің дәлелді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.». 5. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы­на (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жар­шысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат): 1) 10-баптың 4-тармағының 8) тармақша­сын­дағы «өтпеген адамдарды қабылдауға болмай­ды.» деген сөздер «өтпеген;» деген сөзбен ауыс­тырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғам­дастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйым­ның) немесе тұрақты қарулы топтың (бан­даның) құрамында қылмыс жасаған; ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдас­тық­тың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйым­дасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғам­дас­тықтың (трансұлттық қылмыстық ұй­ым­ның) немесе тұрақты қарулы топтың (бан­даның) құра­мындағы қылмыс туралы оған қа­тысты қылмыс­тық істі қылмыстық қудалау ор­ганы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Респуб­ликасының Қыл­мыс­тық кодексі Ерекше бөлі­мінің тиісті бабында көзделген бас бостан­ды­ғынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды қабылдауға болмайды.»; 2) 26-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4-1. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметті тоқтатуы үшін: сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам­ды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзу­шы­лық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан боса­тылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйым­ның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, транс­ұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлт­тық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қа­ру­лы топтың (банданың) құрамында қылмыс жа­саған адамды мемлекеттік қызметке қабылдауы; ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдас­тықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұй­ым­ның) немесе тұрақты қарулы топтың (бан­даның) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Рес­публикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлі­мінің тиісті бабында көзделген бас бостан­ды­ғынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды мемлекеттік қызметке қабылдауы негiз болып табылады.»; «3) 27-баптың 1-тармағының 7-2) және 7-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыс­тық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топ­тың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдауы; ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдас­тық­тың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұй­ым­ның) немесе тұрақты қарулы топтың (бан­да­ның) құрамындағы қылмыс туралы оған қатыс­ты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республи­касының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды мемлекеттік әкім­шілік қызметке қабылдауы; 7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыс­тық істі тоқтатуы, сондай-ақ ұйымдасқан топ­тың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, транс­ұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (транс­ұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамын­дағы қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыс­тық қудалау органының немесе соттың тоқтатуы не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақтал­май­тын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қыл­мыстық қудалау органының бас тартуы;». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жария­ланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 29-ы. №502-ІV ҚРЗ