06 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздік жетістіктері сенімді қорғалады

498 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
Еліміз үлкен саяси және тарихи маңызды оқиға – Тәуел­сіз­дік­тің 20 жылдық мерейтойы қар­са­ңында тұр. Қазақстандықтар осы мерекені мақтанышпен, өт­кен өзгерістердің тарихи маңыз­ды­лығын түсіне отырып қарсы алуда. Мемлекет басшысы жүр­гі­зіп отырған сындарлы саясат эко­но­миканың динамикалық өсуін, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыруды және орнық­ты­ру­ды қамтамасыз етуге мүм­кін­дік берді, оның халықаралық беделін нығайтуға ықпал етті. Азаматтардың конституция­лық құқықтары мен бостан­дық­та­рын қорғау, мемлекеттік-құқық­тық құрылымдардың тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жағ­дайларды құру, ішкі саяси тұ­рақ­тылық пен қоғам бірлігін сақтау мәселелері ерекше мәнге ие. Бұл үрдісте құқық қорғау жүйесінің маңызды институты ретінде проку­ратураның рөлі айрықша көрінеді. 1991 жылғы 6 желтоқсанда «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бір­ың­ғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысы қабылданып, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қадағалаушы органдары құрылуының тарихи күні болды. Прокуратура органда­рын реформалаудың негізгі принциптері 1995 жылғы Конституцияда және «Қа­зақ­стан Республикасының прокуратурасы ту­ралы» Президенттің 1995 жылғы 21 желтоқсан­дағы заң күші бар Жарлығында бекітілген. Бірінші рет Қазақстан прокуратурасы заңдардың орындалуын жоғары қада­ға­лаушы дербес және тәуелсіз орган болып жарияланды. Осылай прокуратура орган­да­рының тарихында мемлекеттік органдар жүйесінде қазіргі прокуратураның рө­лін жаңа деңгейге көтерген, оның қыз­метін жаңа мазмұнмен толықтырған жаңа кезең басталды. Қазіргі заманғы даму кезеңінде мемлекеттік механизмде прокуратураның қо­ғамдық және саяси маңыздылығы туралы айтқанда, ең алдымен, прокуратура – мем­лекеттік биліктің жоғары орган­дары­мен қатар, өкілеттігі, ерекше мәртебесі және айрықша өкілеттіктері Конститу­ция­да бекітілген жалғыз құқық қорғау ор­га­ны екенін атап өту қажет. Осы аса ма­ңызды дерек, ең алдымен, міндетінің негізгі мазмұны құқық қорғаушы қызмет пен заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылатын жетекші мемлекеттік орган ретінде прокуратураны мемлекеттің та­нуын білдіреді. Конституция бойынша прокуратура заң­дардың дәлме-дәл әрi бiркелкi қол­да­нылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анық­тау мен тергеудiң заңдылығын жоға­ры қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Оған Рес­пуб­ликаның Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге нара­зылық келтіру құқығы берілген. Прокуратура билік тармақтарының бір де біреуіне енбей, Президентке есеп беретін ерекшеленген, дербес мемлекеттік орган болып табылады, биліктің барлық тармақ­тары­ның келісіп жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл оған Мемлекет басшысының халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, азаматтардың қ­ұ­қық­тары мен бостандықтарын қор­ғау­дың тетіктерін іске асыру жөніндегі пәр­менді құ­қықтық құралы болуға мүмкіндік береді. Прокуратураның мақсаты оның басты міндетін – заңдылықты қамтамасыз етуді анықтайды, ол қоғам өмірінің барлық басты салалары бойынша прокурорлық қадағалауды іске асыру нысандарының әралуандығы арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні прокурорлардың әрекеттері адамның құқықтары мен мемлекеттік мүд­деге нақты қауіп төндіретін айқын­далған заң бұзушылықтарын жедел және уақытында жоюдың ең маңызды ба­ғыттарын құрайды. Бүгінгі таңда прокурорлық қадағалау билікті түрлі теріс пайдалануға нақты тосқауыл болып отыр, прокурорлық ара­ла­суға байланысты экономиканың стра­те­гиялық салаларындағы, мемлекеттік са­тып алу саласындағы ірі айла-әрекет­те­рі­нің жолы кесіледі, бюджет қаражатын ұр­лау жолдары жабылады. Бұл ретте, про­куратураның рөлі заңдарды бұзудың жекелеген оқиғаларына ықпал ету шарала­ры­мен шектелмейді. Прокуратураның ма­ңызды белгісі – жаппай сипаттағы, адам­дар­дың көпшілігінің құқық­тары мен бостан­дық­та­рына, мемлекеттің заң­ды мүдделеріне әсер ете­тін заң бұзушы­лық­та­рына тосқауыл қою қабілеті. Мысалы, эко­номикалық дағдарыс ке­зеңінде прокурорлар эко­­номиканы тұрақсыздандыруды бол­ды­р­мау­ға бағытталған міндеттерді атқарған. Бізге шағын және орта бизнесті қолдауға, ипотекалық несиелерді қайта қаржы­ландыруға, агроөнекәсіптік кешенді да­мытуға бөлінген 10 млрд. доллардың мақсатты пайдаланылуын үйлестіру және бақылау тапсырылған. Атқарылып отырған жұмыстың нәти­желілігін, артып келе жатқан беделі мен халықтың сенімін прокуратура орган­дарына келіп түсетін өтініштер санының жыл сайын өсіп отыруы көрсетеді. Өткен 9 айда прокуратура органдары 473 мың­нан астам азаматтың еңбек пен жал­ақыға, зейнетақы мен жәрдемақыға, тұрғын үй­ге, денсаулығын сақтауға, қолайлы қор­шаған ортаға, білім алуға, меншікке және т.б. конс­ти­ту­ция­лық құқықтары қорғал­ды. Прокуратура араласқаннан кейін 319 мың заң бұзушылық жойылды, 42 мың заңсыз құқықтық ак­ті­нің, қылмыстық іс қоз­ғау туралы 902 заңсыз қаулының күші жой­ыл­ды. 38 млрд. теңге сома­сында, оның ішінде 26 млрд. теңге мемлекет та­бысына зиян өндірілді. Тексеру нәтижелері бой­ын­ша 50 мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Прокурор­лық ықпал ету шаралары жалақы бой­ынша 146 мыңнан астам қызметкерге 8,1 млрд. теңге сома­да­ғы берешектің өтелуін қамтамасыз еткен. Мысалы, еңбек пен халықты әлеумет­тік қорғау саласындағы прокурорлық тексерулер өндірістік жарақаттану профи­лак­тикасы саласында көптеген кемшіліктерді, азаматтардың қауіпсіздік талапта­рына жауап беретін еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде қабылданып отыр­ған шаралардың жетіспеушілігін ай­қ­ындады. Өндірістегі жазатайым оқиға­лар­дың шамамен жартысы еңбек инс­пекциясы назарынан тыс қалады, бұл әрине, мыңдаған қызметкерлердің құқы­ғын бұзуға әкеп соғады. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын зейнетақы қорлары мен ұйымдарының қызметінде заңнама олқылықтары айқындалған. Олар қорлардың бағалы қағаздармен саудагерлік мәміле жасасып, үшінші тұлғалардың пайдасында өздерінің салымшыларына едәуір зиян келтіреді. Зейнетақы қор­лары­ның жеті миллион салымшы­лары­ның мүддесін қорғау үшін зейнетақы заңнамасын жетілдіру және салымшы­лар­дың мүддесіне жауап бермейтін мәміле жасағаны үшін зейнетақы қорларының жауаптылығын күшейту бойынша шұғыл шараларды қабылдау қажеттілігі туралы Үкіметке ұсыныс енгізілген. Жосықсыз құрылыс салушылардың қызметі прокуратура органдарының тұрақты бақы­лауында, үлескерлер мен мемлекеттің мү­ліктік құқықтарын қалпына келтіру жө­нінде шаралар қабылданып отыр. Үлес­керлердің қаражатын нысаналы емес пайдалану фактілері бойынша құрылыс компанияларының 80-нен астам лауа­зымды тұлғасы сотталған. Бас прокуратураның едәуір әрекеті жер қойнауын пайдаланушылардың қыз­ме­тінде заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Прокурорлық араласу шара­лары мемлекетке шынайы тең мағыналы әріптестік қатынастарды қамтамасыз етіп, осы компаниялардан мемлекеттік бюд­жетке әділ түсімдердің болуы туралы ке­ліс­сөздер жүргізуге мүмкіндік берді. Прокурорлар қабылдаған шаралар нәти­же­сінде табиғатты пайдаланушылардың қор­ша­ған ортаға эмиссияларды төлеуі есебінен мемлекеттік бюджет едәуір тол­тырылды. БТА банктің бұрынғы басшыларын жауапқа тарту және заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шең­берінде банктің қаржылық тұрақты­лығын қалпына келтіру мақсатында 1,2 трлн. теңге сомаға 115 талап соттарға берілген. Банкке жалпы сомасы 30 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражат пен мүлік қайтарылды. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын арттыру, бизнес белсенділігін ынталандыру мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдықтары болып та­бы­лады. Осы стратегиялық міндетті ой­да­ғыдай іске асыру прокуратураның құ­қық қорғаушы әлеуетін қарқынды пайдаланумен тығыз байланысты. Қада­ға­лау­шы органдар шағын және орта бизнесті қорғау саласындағы заңдылықты бақы­лаудың пәрменді тетіктерін жетілдіру және заң бұзушылықтарды жедел жою бой­ынша үлкен нысаналы жұмысты жү­зеге асырып отыр. Осыған орай барлық мемлекеттік ор­гандардың өздерінің тексеру жоспар­ла­рын Бас прокуратураның сайтында жариялау міндеті туралы біздің бастамамызды атап өткен жөн. Бұл мемлекеттік орган­дар­дың кәсіпкерлердің қызметіне жөнсіз араласуын бақылауға мүмкіндік беріп, бизнесті қорғаудың пәрменді нысаны болды. Мысалы, кәсіпкерлердің монополияға қарсы органға берген шағымдары негізсіз емес болғаны анықталды. Көп жағдайда осы органның бәсекеге қарсы мемлекеттік араласуы бәсеке жолында кедергілер құрып, кәсіпкерлік қызметтің бостанды­ғын негізсіз шектеп, экономикада мемлекеттік қатысу үлесін арттырып отырған. Осындай фактілерге қарсы белсенді іс-қимыл жасау үшін барлық өңірлерде прокурорлардың басшылығымен ұтқыр топтар құрылған, олар заңсыз тексеру ту­ралы бірінші дабыл бойынша кәсіпкерге дереу жетіп, тексерушілердің заңсыз әре­кеттерінің жолын кесуге дайын отырады. Тек биылғы жылдың басынан бері про­курорлардың ұтқыр топтарының сенім телефондарына 240-тан астам кәсіпкер хабарласқан, 144 жағдайда заңсыз тексеру туралы мәліметтер расталған. Бас прокуратураның ұсынысы бойын­ша бизнестің дамуына кедергі жасайтын заңдардың нормалары қайта қаралды. Осы нормаларды қабылдау ауыл шаруа­шылығы өнімдерін импорттаушыларды карантин рұқсатын алу үшін шекарада ұзақ уақыт күтіп тұрудан босатады. Тұтас алғанда, біз әкімшілік қысым белгілері бар рұқсат беру және келісу рәсімдерінің жиырмадан астам түрін айқындадық. Қылмыстық заңнаманы қолдану сала­сын­да азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне мемлекеттік органдар қызметінің ықпалы ерекше күшті болады. Сондықтан тергеу мен анықтау заң­ды­лығын қадағалаудың мақсаты қыл­мыстық істерді қозғау және тергеу сатысында аза­маттардың конституциялық құқықта­рын бұзушылықтарды уақытында айқындау және олардың жолын кесу болып табы­лады. Жыл сайын алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығы мәселелері бой­ынша прокуратура органдары қылмыстық қудалау саласына тартылған азаматтар мен заңды тұлғалардың орта есеппен жүз мыңнан астам өтініштерін шешеді. Бұл дерек Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғауға байланысты прокурорлардың құ­қықты қалпына келтіру бойынша жа­саған орасан зор жұмысын көрсетеді. Ішкі істер органдарында кезекші прокурорлар институтын енгізу өзін-өзі то­лығымен ақтады, осы саладағы қадағалау жүйелі және пәрменді болды. Тәулік бойы жүргізілетін прокурорлық рейдтер, ұсталған адамдарға қатысты жағдайды зерделеу азаматтардың құқықтарын бұзу­шы­лықтардың жолын кесуге ықпал етіп отыр. Үстіміздегі жылдың 9 айында ішкі істер органдарының қызметтік бөлме­ле­рінен прокурорлар 904 адамды босатқан. Прокуратура құқық бұзушылықтар­дың салдарымен ғана күресіп қоймай, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заңнамалық нормаларды ай­қын­дау бойынша белсенді жұмыс жүр­гізіп, алдын алу шараларын да пайда­ланады. Прокуратура жүзеге асырып отырған бірегей құқық қолдану тәжіри­бесін талдаулар құқықтық нормаларды олардың сыбайлас жемқорлық үшін жағ­дай жасауы тұрғысынан шынайы бағалау­ға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, біз жүргізген прокурорлық қорытындылар не­гізінде рейдерлікке, жалған кәсіп­кер­лікке, ипотекалық шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға, атқарушылық іс жүргізуге қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілерді өзгерту туралы ұсыныстар жасадық. Прокуратура органдарының соттағы рөлі едәуір өзгерді, ол, ең алдымен, қыл­мыс­тық және азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін қайта қарауға байланысты болды. Прокурорлар сотта мемлекеттік айып­тауды қолдай отырып, бірінші кезекте объек­тив­тілікке және азаматтардың консти­ту­циялық құқықтарын қорғауға бағытталады. Пенитенциарлық мекемелердегі адамдар құқықтарының сақталуын толыққан­ды қадағалауды қамтамасыз ету мәселе­сінің өзектілігі Бас прокуратурада бас бостандығынан айыру және ұсталған адамдарды уақытша қамауда ұстау орын­дарын қадағалау департаментін құру қа­жеттілігін тудырды. Мамандандырылған мекемелерде ұсталатын адамдарды азаптау және басқа да қатыгез қатынастарға байланысты өзге де заңсыз әрекеттерді қолдану туралы шағымдар мен арыз­дарды тексеру туралы арнайы нұсқаулық бекітілген. Құжаттың ережелері арыз берген азаматтарға қатысты азаптаулар мен заңсыз ықпал ету әрекеттерінің қыл­мыстық іс жүргізудің әрбір сатысында қолданғанын немесе қолданбағанын тексеруді прокурорларға міндеттейді. Бұдан басқа, біз құқық қорғау органдары мен Денсаулық сақтау министрлігі арасында сот медицинасы саласындағы маман­дар­дың алдын ала ұстау және бас бостан­ды­ғынан айыру орындарындағы адамдарда дене жарақаттарының болу-болмауын куә­ландыруды жүргізуге міндеттейтін бірлескен бұйрықты қабылдауға бастама жасадық. Елде орын алған соңғы оқиғалар ая­сында, Үйлестіру кеңесі алдында экс­тремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша өзекті мәселе­лер тұр. Біз діни бірлестіктердің заңсыз қызметінің алдын алуға, экстремистік әдебиетті және өзге де жік салушы ақ­паратты жеткізу арналарына, оның ішінде интернет-ресурстарына тосқауыл қоюға, көші-қон үдерістерінің заңдылығын қам­тамасыз етуге және мемлекеттік шека­раны қорғау режімін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді және кең ауқымды шараларды қабылдап отырмыз. Тәуелсіздік жетістіктерін прокуратура органдарының қызметкерлері қайсарлық­пен қорғауда, олар осы ізгі миссияға қыз­мет ету үшін бүкіл тәжірибесі мен біліктілігін салады. Прокуратура органдарында қызмет ету әрқашан аса маңызды мемлекеттік іс, жоғары өнегелік маңызы бар іс болған. Өз өмірін прокуратура ісіне арнаған адамның кәсібилігі мен жауапкершілік сезімінен елдегі көп жағдай – тұрақтылық, оның азаматтарының әл-ауқаты байланысты болады. Бұл – егемен Қазақстанның өркендеуі жолын­дағы біздің болашақ жемісті еңбегіміздің кепілі. Асхат ДАУЫЛБАЕВ, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.