06 Желтоқсан, 2011

Өліараны өткерген ауылдар бүгінде егемен елдің асыраушысына айналып отыр

325 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесін облыс ауыл шаруашылығы саласы қызмет­кер­лері жақсы табыстармен қарсы алып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаевтың аграрлық сала алдына қойып отырған нақты тап­сыр­маларына сәйкес, ауыл еңбеккерлері агро­өнер­кәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арт­тыру, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету және өндірілген өнімнің сапалық көрсеткіші мен бәсекеге қабілеттілігін арт­ты­ру бағытында тамаша еңбек үлгілерін көрсе­тіп келеді. Облыс агроөнеркәсіп кешені мал және егін шаруашылығынан тұрады. Ол бүгінде тұрақты даму арнасына түскен. Облыста жоғары рентабельді дақылдар­дың көлемі жылдан-жылға арту нәтижесінде сонау 1994 жылғы 51,1 мың гектардан бүгінгі күнгі 95,4 мың гектарға дей­ін жетіп, 1,9 есеге артып отыр. Облыста алдағы жылдары қант қызыл­ша­сы көлемін 12 мың, қытай бұршағын – 4 мың, жүгері көлемін 6 мың гектарға жеткізу, жылыжайлар санын 2015 жылға дейін 800-ден асыру межеленуде. Өйткені, Елбасы тап­сыр­масы мен Үкімет бағдарламаларына сәй­кес, еліміз бойынша тұтынылатын ақ қант­тың 20 пайызы отандық өндірісте өндірілуі тиіс. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын жаңа тоңазытқыш кәсіпорындар құру, қолда бар қоймаларды күрделі жөн­деу­ден өткізіп, іске қосу жұмыстары да бақы­лау­да тұрған маңызды шаралар. Бүгінгі күні об­лыс бойынша жалпы сыйымдылығы 58,7 мың тоннаны құрайтын 60 қойма мен то­ңазытқыш кәсіпорындары бар. Ал биыл жыл аяғына дейін жалпы сыйымдылығы 6,9 мың тоннаны құрайтын 2 жеміс-көкөніс қоймасы пайдалануға беріледі. Облыстық жер қатынастары бас­қармасының мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылы жүргізілген түгендеу жұмыстары нә­тижесінде облыс бойынша барлық айналым­дағы 730,6 мың га жердің 637,8 мың гектары немесе 87,2 пайызы, барлық 171,1 мың га суармалы жерлердің 89,5 пайызы игерілген. Ал, игерілмеген жерлердің көпшілігі майда шаруа қожалықтарының жерлері. Майда шаруа қожалықтары жер үстіндегі ағын суды айтпағанда, жер асты суларын тамшылатып және жаңбырлатып суару үшін пайдалануға мүлдем қауқарсыз. Мәселен, бір ғана Т.Рыс­құлов ауданының өзінде жер асты суын тар­туға арналған 110 артезиан-ұңғыма бар. Қор­дай ауданында осындай 41 артезиан-ұңғыма тіркелген. Оларды іске қосу арқылы Т.Рыс­құ­лов ауданында 3 мың гектардан аса, Қордай ауданында 1 мың гектардан аса жерді сумен қам­тамасыз етіп, ол жерлерге егілген дақыл­дардан жыл сайын 200 млн. теңгеден аса таза табыс табуға болады. Осы себепті, аудан бас­шыларына осы аталған артезиан-ұңғыма­лар­ды «Бизнестің жол картасы-2020» бағдар­ла­масына енгізіп, қаржыландыру және оларға электр жүйелерін тартып, жаң­­бырлатқыш, тамшылатып суару жүйелерін орнату шара­ларын жү­зеге асыруды ұсынып отырмыз. Мал шаруашылығын дамыту, мал азық­тарын өндіріп, дайын­дау шараларын жақса­р­­­ту шара­ла­ры да қолға алынуда. Бұл ретте ет бағытындағы мал шаруа­шы­лығын дамытып, мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әле­уетін арттыруға бағытталған ша­­ралар жүзеге асырылуда. Мәсе­лен, жүгері мен соядан және май­­лы дақылдардан тек қана мал азығын ғана емес, басқа да көптеген өнімдер алуға бола­ты­нын ескерген «Аққу» компаниясы осы дақыл­дар­ды өсіріп, қайта өңдеуге үлкен қы­зығу­шы­лық танытып, 15 млн. АҚШ долла­рын салып отыр. Мал және құс шаруашылығын дамытуды жедел қолға алумен бірге, мал азығы дақыл­дарын өсіріп, дайындауға, қайта өңдеу арқы­лы құрама жем өндіруді дамытуға кірісіп отыр­мыз. Егер, өткен жылы мал азығы да­қыл­дары 148,9 мың га алқапқа орналас­ты­рыл­са, биыл оның көлемі 155,2 мың гектарға жеткізіліп, 4,2 пайызға артты. Алдағы жыл­дары мал азығы дақылдары көлемін тағы да 2 есеге жуық арттыру көзделуде. Етті мүйізді ірі қара малын көбейту мақсатында биыл облысқа 1600 бас аналық ірі қара сатып алу тапсырылса, бұл тапсырма 2 еседен аса артығымен орындалып, барлығы 3797 бас аналық сиыр малы, 89 бас бұқа са­тып алынды. Бұл малдарды сатып алуға тап­сырыс берген шаруашылықтарға «Сыбаға» және «Ет бағытындағы мүйізді ірі қара мал­дың әлеуетін арттыру» бағдар­ла­малары шең­берінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» және «Аграрлық несие кор­по­рациясы» акционерлік қоғамдары ар­қылы бар­лығы шаруаларға 600 млн. тең­геден аса несие-қаржы берілді. Алдымызда келесі жылдан бастап 2015 жылға дейін облы­сымызға шетелдерден 4100 бас ет ба­ғы­тын­дағы мүйізді ірі қара әкелу, 2012 жылы 1 мың бас малға арналған репродуктор, 1 мың басқа арналған мал бор­дақылау алаңын құру тап­сырмалары, сондай-ақ, 2012 жылы экспортқа – 150 тонна, 2013 жылы – 800 тонна, 2014 жылы – 1500 тонна, 2015 жылы – 2970 тонна мүйізді ірі қара етін экспорттау міндеттері тұр. Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуда қалалар мен ірі елді мекендер ма­ңынан мамандандырылған шаруашылықтар мен сүт-тауарлы фермаларын ашу негізінде «сүт белдеулерін» құруға күш салынуда. Бұ­­лармен қатар, жеке аулалар мен майда шаруа қожалықтары өндірген сүт өнімдерін дайын­дау-өткеру пункттері мен ауылдық тұтыну­шы­лар кооперативтері арқылы орта­лықтан­ды­рыл­ған түрде жинау жұмыстары жүргізілуде. Иран, Ирак, Араб елдерінің «Халал» стан­дартына сәйкес сойылып, дайындалған қой етіне сұраныстарының артуымен бірге, ет бағытындағы қой шаруашылығын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта «Меркі ет комбинаты үстіміздегі жылы Иран еліне «Халал» стандартына сәйкес қой етін экс­порттауды жүзеге асыра бастады. Тараз қаласында орналасқан биязы жүнді жуып, тазалап, одан топс шығаратын «ПОШ-Тараз» фабрикасы алдағы жылдан бастап италиялық фирмамен бірлесіп, жіп иіру және тоқыма бұйымдарын шығару өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Жылқы шаруашылығы бойынша тек қана қымызға ғана емес, жылқы етіне де сұраныс үлкен. Жылқы етіне шетелдердің сұранысы да жоғарылап келеді. Бұл тарапта Қордай ауда­нын­дағы Қаракемер ауылдық округінде са­лын­ған мал сою пунктінің жылқы етін шет­елдерге экспорттау мүмкіндіктері қалыпта­сып отыр. Облыстағы қолда бар 433 ауыл шаруа­шылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіп­орын­дарының көпшілігі жаңа технологиялармен жабдықтап, қайта модернизациялап құруды талап етеді. Қазір Тараз қаласында қолға алынып жат­қан маңызды жобалардың бірі – «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жоспарлап отырған «Тараз» агроөңдеуші логис­ти­калық орталықтың құрылысы. Бұл жо­ба­ның жүзеге асуымен бірге аталған орталықта 5 ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнім­дерін сақтайтын қойма, 20 қайта өңдеу кә­сіпорны, қоқыстарды қайта өңдеу және биогаз өндіру зауыттары, 2 көліктік-логис­ти­ка­лық терминал, өнімдерді автокөлікпен және пойызбен тасымалдау жолдары және басқа да қажетті инженерлік-коммуникациялық жүйе­л­ері жұмыс істейтін болады. Жоба аясында 1 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қам­ты­лып, 11 мыңнан аса ауыл тұрғындары орта­лық үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жұмыстарына тартылады. Астана қаласында өткен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық фору­мын­да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ауыл – азаттықтың алғашқы жыл­дарындағы алапатты да бастарынан өткерді. Дегенмен, сол қиындықтарды жеңіп, ауқым­ды жаңғыртулар арқылы ауыл шаруа­шы­лы­ғын қарыштап дамыта алдық. Біз жасампаз 20 жылда ауыл еңсесін тіктеп, агроөнер­кә­сіпті өрге сүйредік», – деп атап көрсетті. Айт­са айтқандай, біздің өңірдің шындығы да осы. Мұратбай ЖОЛДАСБАЕВ, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. Тараз.