06 Желтоқсан, 2011

2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша электораттық науқанды көрсету кезінде этикалық нормаларды ұстану туралы ХАРТИЯ

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сөз бостандығы адамның ажы­рағысыз құқығы болып табы­латынын назарға ала отырып; бостандық құқын жария­лай­тын Адам құқының жалпыға ор­тақ декларациясының ақпарат­тар­ды іздеу, алу және тарату жө­ніндегі 19-бабының ережесін есепке ала отырып; Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының ақпараттарды заң тыйым салмайтын кез келген әдістермен алу және тарату құқы, цензураға тыйым салу, консти­ту­ция­лық құрылысты, республи­ка­ның тұтастығын күштеп өзгер­туге үгіттеу немесе насихаттау, мемлекет тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты,  әлеуметтік, нәсіл­дік, ұлттық, діни, таптық және ру­лық үстемдікті, сондай-ақ қа­ты­гездік пен зорлық-зомбылыққа табыну­шылыққа тыйым салу ере­желерін басшылыққа ала отырып; ақпараттың адам құқы мен бостандығын жүзеге асыруда, азаматтық қоғам, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда, таза және әділ сайлаулар өткізуде бірінші кезекті рөл атқаратынын атап көрсете отырып: біздер, Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкі­меттік емес ұйымдар өкілдері сай­лаулар өткізу кезеңінде атал­ған Хартия қағидаттарын сақ­тау­ды міндеттенеміз. 1. Бұл Хартия Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Сай­лаулар туралы» және «Бұ­қаралық ақпарат құралдары ту­ралы» заң­дарына сәйкес жа­салған. 2. Бұл Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау үдерісі, сондай-ақ партиялар мен мәслихаттар депутаттарына кандидаттардың қызметтері ту­ралы бұқаралық ақпарат құрал­дарында адекватты, толық және сенімді ақпараттармен қамта­масыз ету болып табылады. 3. БАҚ-тар, саяси көзқарас­та­рына қарамастан, өздерінің пар­тиялық тізімдерін тіркеткен бар­лық партиялар мен мәслихат де­путаттығына кандидаттарға тең­дей қолжетімділікке ықпал ете алады және солай етуге тиісті. 4. Бұл Хартия БАҚ-тарды сайлау үдерістерін оның барлық көп­қырлылығы бойынша кәсіби және объективті көрсетуге ықпал етуге шақыруы керек. 5. Осыған байланысты, біздер, Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сайлауларды көрсету кезінде мына қағидаттарды ұстана­тын­дарымызды мәлімдейміз: 1) Қазақстан Республикасы­ның заңнамаларын бұлжытпай сақтау; 2) сайлау тақырыбына арнал­ған барлық  редакциялық мате­риал­дардың объективті, алалау­сыз, сондай-ақ барлық партиялар мен мәслихат депутаттарына қа­тыс­ты әділ болуларына ықпал ету; 3) сөз қозғалған адамның жеке басына нұқсан келтіруі ық­тимал ақпараттарды таратпау; 4) лауазымды тұлғалардың қыз­меті мен кандидаттардың, сая­си партиялардың сайлауалды үгіт жұмыстарының аражігін нақ­ты ажырата білу; 5) ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар күдік тудыратын болса тексеруге алу; 6) үгіт жарияланымдары мен ақпараттық хабарламалар ара­сын­дағы айырмашылықты нақты ажырату; 7) сайлау учаскелерінен шық­қан бетте сұрау салулар нәти­же­лері туралы немесе сайлауға бес күн қалғандағы және дауыс беру күнгі алдын ала нәтижелер ту­ралы материалдарды таратпау. 6. Бұл Хартия өзара құрметке негізделген өзара қарым-қатынас жүйесін құруды, барлық өзара ықпалдасушы тараптардың мүд­де­лерін тану мен есепке алуды, сенімді және толық ақпаратқа сүйенген жоғары саяси мәде­ниетті қарастырады. Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей та­нылған құқықтары мен бостан­дық­тарының сөзсіз басымдығына бағытталған және саяси проб­лемаларды шешуде бір-біріне өзара жол беріп, күш қолдану пішіндерін болдырмауды арқаулан­ған саяси өзара іс-қимылдың келісімдік негізін қарастырады.