10 Желтоқсан, 2011

Қамқорлықты теңдей көріп келеміз

422 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Тәуелсіздік жылдары Қазақ­стан бүкіл әлемге ұлтаралық тату­лыққа жету стратегиясының бар екенін жария етті» деп атап өткен болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Шынымен де, біздің мемлекетімізде ұлт өкілдері арасындағы рухани ынтымақтастық өзекті мә­се­лелердің бірі болып есептеледі. Бәрімізге мәлім, қандай қоғамда да  рухани ынтымақтастыққа жету кепілі қай ұлттың өкілі бол­ма­сын олардың тең құқықтығында және еркіндігінде. Бұл тұжы­рым­дамалар еліміздің Ата Заңында бекітілген, яғни Қазақстан өз тәуел­сіз­дігін ал­ған­нан бастап жүргі­зіл­ген демо­кра­тиялық реформалар осы бағыт­ты ұстанды.

90-жылдары білім берудің жаңа тұжырымдамалары жасалды, оның ішінде Қазақстан Республи­ка­сын­дағы этномәдени білім беру тұ­жы­рымдамасы да бар. Аталған құ­жат­та этномәдени білім берудің ма­ңыз­дылығы өтпелі кезеңдегі білім берудегі дағдарыспен байланысты болды. Кеңес Одағы дәуіріндегі білім беру және тәрбие беру маз­мұ­нын унификациялау бағыты ұлт­тың және ұлттық топтардың этно­мә­дени сұраныстарын қанағат­тан­дыра алмады. Бірақ тәуелсіздікке қол жеткізумен бірге бұл проблемалар шешілді. Елбасымыздың кө­регендігі арқасында бүгінгі таңда Отанымыздың 62 мектебінде 16 000 ұйғыр ұл-қыздары ұлттық қа­дір-қасиетін сақтай отырып, то­лық­қанды білім алуда. Ұлттық қа­дір-қасиет менің түсінігімде анаң­ның тілін білу, өз халқыңның ең жақсы қасиеттерін, дәстүрлерін бо­йыңа сіңіру және өз ұлтыңның алдында борыш, жауапкершілік ретінде қалыптасқан талаптардан төмен іс-әрекет жасамау. Жоғарыда айтылған 62 мектептің ішінде 12 мектеп ұйғыр тілінде оқытатын, ал қалғаны аралас мектептер. Бұл мек­тептер қатарында мен бас­шы­лық жасап отырған А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп- гимназия да бар. Мектеп 1964 жылы ашылған, ал 2001 жылы гимназия мәр­те­бесін алып, елі­міз­де алғашқы ұйғыр тілінде оқытатын гим­назия болды.

Елімізде аз ұлт өкіл­дерінің білім алуы­­­на жасалған мүм­кіндіктер туралы 2010 жылы 22-23 шілдеде Австрияның аста­на­сы Вена қаласында өт­кен ЕҚЫҰ-ның «Об­разование лиц принадлежащих к национальным ме­ньшинствам: интеграция и равенство» атты үлкен форумға қа­ты­­сып, Қазақстандағы ұйғыр тіліндегі мектептерде білім алуға жасал­ған мүмкіндіктер туралы айт­тым. Айтса айтқандай, Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касы Білім және ғы­лым ми­нистр­лі­гінің, Қазақстан хал­қы Ас­самб­лея­сының, ұйғыр­лар­дың рес­пуб­лика­лық этномә­де­ни орта­лы­ғының қол­дауымен ұйғыр тіліндегі мек­теп­тердің проблемалары және оны шешу жолдарына арналған семинар-конференциялар ұдайы ұйым­дастырылып келеді.

Бүгінгі таңда мен басқарып отырған гимназияның алға қойған міндеттерді іске асыру барысында 2010- 2020 жылдары «Білім беруді дамыту республикалық бағда­рла­масының» тұжырымдамалары бас­шылыққа алынды. Бұған әлбетте бәсекеге қабілетті мамандар керек. Ол үшін мектептің материалдық- техникалық базасын бүгінгі күн т­алабына сай жаңа техни­ка­лық құ­рал­дармен жаб­­дық­­тау күн тәр­ті­бін­дегі бірінші мә­селе бо­л­ды. Гим­на­зия­да­ғы 38 оқу кабинеттері бүгінгі күн тала­бы­на сай жаңа техн­ика­лық құрал­дар­мен жаб­дық­тал­ған. Сегіз интерактивті тақта, 18 видеопроектор ор­на­ты­­лып, фи­зика, биология оқу кабинеттері толығымен заманауи жаб­дық­талып, гимназия мұғалім­дері­нің жа­ңа педагогикалық техно­ло­­гия­ларды пайдалануына толық жағ­дай жа­сал­ған. Сондай-ақ 150 орын­ды мә­жі­ліс залы, 260 орынды мәде­ниет үйі, 200 орынды асхана, 3 спорт залы, 2 футбол, 2 теннис ала­­ңы за­ман­ға сай жабдықталған. Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қа­тайтып, өмірге жолдама берген гимназияда бүгінгі таңда 1200 шә­кірт білім алуда. Олар­ға 92 мұғ­а­лім сабақ береді. Олар­дың отыз екісі жаңа буын оқулық­тары­ның ав­тор­лары жә­не аударма­шы­лары.

Оқу тәрбие үрдісін өрге бас­ты­руға ұмтылған, уақыт талабына сай жаңа талпыныстарға және шы­ғар­машылық ізденістерге бой ұр­ған бұл педагогикалық ұжымы­мыз­дың еңбегі айтуға тұрарлық. Мектеп ұжымы жыл сайын Ал­ма­ты қаласы әкімі тарапынан ұйым­дастырылатын «Қаланың ең үздік мектебі» атты байқауына қатысып, 2001 жылы жүлделі «Ең шығар­ма­шыл ұжым», ал 2009 жылы «Білім шамшырағы – мәдениеттің жарық жұлдызы» номинациялары бойын­ша жүлде алу құрметіне ие болды. Мұғалімдердің білім деңгейі мен кәсіби шеберлігінің арқасында мек­тептің талапты да, талантты шә­кірттері қалалық, рес­пуб­лика­лық аламан бәйгелерден озып келіп, ұстаз еңбегін ақтауда.

2010-2011 оқу жылы шәкірт­теріміз қалалық ғылыми жобалар жарысынан 3, қалалық олимпиадада 3, республикалық олимпиадада 1 жүлделі орын алған болса, спорттан халықаралық, респуб­ли­калық са­йыс­тар­дың жеңімпаздары гимназия­мызды жоғары межеден көрсетті.

Биылғы Жолдауында Елбасы мем­лекеттік тілді сапалы, жаңа дең­гейге көтеру мәселесіне айрық­ша назар аударды. Біздің педа­го­гикалық ұжым қазақ тілін меңгеру межесіне абыройлы жететінімізге күмән келтірмейді. Қазірдің өзінде оқушы­ла­ры­­мыз қазақ тілін те­реңдетілген бағ­дарламамен оқып, мемлекеттік тіл бо­йынша өткізіліп жатқан жарыс­тар­да алдыңғы орын­дарды иеленіп келеді.

Осы сәтті пайдалана отырып, еліміздегі бақуатты тұрмыс, ұлт­ара­лық татулық пен саяси тұрақ­тылық Елбасы есімімен байла­ныс­ты екенін айтқым келеді. Сон­дық­тан да біз, қазақстандық ұйғыр­лар, Елба­сы­мыз­дың ұлттар достастығы және олардың дамуына ерекше кө­ңіл бөлген саясатына алғы­сы­мыз­ды білдіре отырып, ел Тәуел­сіздігінің 20 жыл­дық мерейтойы­мен барша жұрт­ты шын жүректен құттықтаймыз.

Шавкат УМАРОВ, ұйғыр тілінде білім беретін мектептер қауымдастығының төрағасы,  А.Розыбакиев атындағы № 153 мектеп-гимназия директоры.

АЛМАТЫ.