10 Желтоқсан, 2011

Бүгінінен келешегі кемел орталық

364 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазақстандағы нейрохи­рур­­гияның кең қанат жаюы ел Тәуелсіздігінің алғашқы жыл­дарынан жүзеге аса бас­тады. Қазіргі уақытта ней­ро­хирургиялық бөлімшелер әр облыс орталықтарында, ірі қа­­лаларда жұмыс істейді. Олардағы төсек саны 1100-ден аса­ды. 250-дей нейрохирург мамандар қызмет көрсетеді. Жылына орташа есеппен 50000-ға жуық науқас емделіп, 10000-нан аса күрделі ота жа­­са­ла­ды. Десек те, заманауи ме­ди­цина­лық құрал-жабдықтар мен қон­дыр­ғы­лардың жетіспеушілігі ней­­рохи­рур­гияның өрге басуына кедергі келтірді. Кейде науқастарға нақ­ты диагноз қоя алмай, ты­ғы­рыққа тірелген күндеріміз болды. Респуб­ли­калық нейрохирургия ғы­лы­ми орталығын ашу осындай тү­йiндi мә­селелердi шешу, адамдарға ме­ди­циналық қыз­мет көрсетудің са­па­сын жақсарту мақсатынан туын­да­ды. 2001 жылы нейрохирур­гия­лық орталық құру ту­ралы бағдарлама қабылданып, отан­дық нейрохирургия саласын жетілдіру, дамыту, оң­тайландыру мәселе­лері қамтылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаевтың ұдайы қол­дауы арқа­сын­да елімізде қолға алынған ме­ди­циналық кластердің бір нысаны ретінде елордада салы­на­тын болып бекітілді. Сөйтіп, ерекше медици­на­лық орталық бой көте­ріп, осы за­манғы шетелдік технологиялар енгізілді, тың емдеу тәсілдері игерілді. Осыдан он жыл бұрын өңі­міз түгіл түсімізге кірмейтін Ұлт­тық медициналық холдинг жұрт­шы­лық­тың игілігіне айналып, ден­сау­лық сақтау саласы сапалық даму деңге­йі­не көтерілді. Ал осының бәрі күні ке­ше қиял сияқты елестейтін. Елба­сы 90-жылдардың ба­сын­да Мәс­кеу­дегі академик Н.Бур­ден­ко атындағы Нейрохирургия ғы­лы­ми институ­тын­да болғанда Ре­сей­дің тамаша ней­рохирургиялық клиникасын аралап көріп, мұндай орталықты Қазақ­станға да салу қа­жеттігін айтқан еді. През­и­дент­тің бірінші кезекте халық денсаулы­ғын ойлаудан туған сын­дар­лы шешімі арқасында 160 орын­дық рес­пуб­ликалық нейрохирургия кли­ни­ка­сы өз есігін айқара ашты. Кейінірек «Назарбаев Университеті» АҚ құрамына ене отырып, алғаш рет ғылым мен тәжірибені ұштасты­ра­тын, университет пен меди­ци­на­лық ұйымдардың өзара әріп­тес­ті­гін үйлестіретін денсаулық сақтау сала­сындағы академиялық жүйе пай­да болды. Құрылымдық буын­дағы іргелі өз­герістер ден­сау­лық сақтау са­ла­сына тиімді жетекшілік ету­дің және кор­пора­тив­тік бас­­қа­ру­дың мүл­дем тың ба­ғы­тын қа­лып­тас­тыр­­ды. Орта­лық өз қыз­ме­тін­де озық ме­ди­ци­на­лық тех­ноло­гия­ларды игеруді, меди­ци­налық қыз­мет көрсету сапасы­ның әлем­дік стан­дарт­тары мен ха­лық­ара­лық медицина­лық менеджмент негізінде нейрохирургия са­ла­сында қолданбалы ғы­лы­ми зерттеулер жүргізуді, емдеудің тиімді әдістерін, нейрохирургиялық кө­мекті ұйымдастырудың жетілген түр­лерін енгізуді, ғылыми-әдіс­те­ме­лік қызмет пен нейрохирургия сала­сын­дағы мамандарды қайта даяр­лау­ды басты бағдар етеді. Соң­ғы жыл­дары әлеуеті өте жоғары заманауи құралдар көптеп сатып алын­ды. Ор­талықтағы 160 орын­ның 30-ы ней­ро­оңалтуға, қалғаны нейрохирур­гия­ға арналған. Нейроонкология, жұ­лын омыртқаны ем­дейтiн нейрохирургия, ми-қан та­мыр­лары, балалар нейрохиругиясы және мидың зақы­мын емдейтiн бө­лiмдер де бар. Ней­ро­хирургия са­ла­сының дамуы елдiң әлеуметтiк жағдайының қаншалық­ты дамы­ған­дығын көрсететiн айна деген сөзге алып-қосарымыз жоқ. Нейрохирургия әлемнiң алдыңғы қатар­лы, өркениеттi елдерiнде ғана да­мы­ған. АҚШ, Германия, Израиль, Австрия, Швейцария бәрi де озық елдер қатарында. Енді бірер уа­қыт­тан кейін қазақстандық науқас­тар­дың шетелдерге барып, ем-дом алуы қажетсіз болып қалатыны еш күмән туғызбайды. Өйткені, Қазақ­станның шетелдерден науқастарды тартатын елге айналатын мезгілі алыс емес. Мәселен, Батыс Еуропа елдерінде микроскоппен жаса­ла­тын операция­лар­дың құны 100-130 мың АҚШ доллары шамасында болса, бізде он есеге дейін арзан. Дүниежүзілік ғылыми ұйым­дар­дың шешімімен соңғы он жыл «Ми ғылымдарының он жылдығы» деп аталып отыр. Өйткені, ғалым­дар осы уақыт ішінде нейрохирургияда ай­ту­лы табыстарға жетті. Биоло­гия­лық, биофизикалық және меди­ци­на­лық салалардың кешенді нәти­же­лері ней­рохирургияға ба­ғыт­талды. Елордада салынған төрт ірі меке­ме­нің бірі Ней­рохирургия орталығы екенін ескерсек, отан­дық медици­на­ның қан­ша­лықты қа­рыштап өр­кен­дегенін бай­қауға бо­ла­ды. Ұлт­тық меди­ци­на­лық холдинг құра­мын­дағы орта­лық­тың ашыл­ғанына үш жыл ғана. Со­ған қарамастан, нейрохирургиялық қыз­метті да­мы­тудың халықаралық үрдіс­терін жан-жақты меңгеріп, шет-елдің білікті мамандарымен тығыз ынты­мақ­тас­тық­та жұмыс жасап келеміз. Мәсе­лен, орталық ашылғанда тұң­ғыш операциялардың бірін Израильден келген интервенционды ней­ро­ра­диолог Ш.Маймон жасады. Осы­­­дан бастап қан тамырларына сәу­лелер ар­қылы ота жасау қолға алын­ды. Нау­қастың ағзасына еш­қан­дай зиян тимейді. Операция құны бiздiң елде 1-2 миллион теңге тұрса, шетелде 50-60 мың еуроға дейін барады. Клиника ашылғаннан бері 12539 нау­қас ем алып, 6523 науқасқа ота жасалды. Еліміздің мақтаны­шы­на айналған Республикалық нейрохирургия ғы­лы­ми орталығының бүгі­ні­нен келешегі кемел. Жыл өткен са­йын білікті кадрлармен толығып келеді. Тікелей емдеу процесімен айна­лы­сатын дәрі­герлер – 107. 4 медицина ғылым­дары­ның докторы, 20 медицина ғы­лымдарының кан­ди­даты ең­бек етеді. 50-ден аса қыз­меткер­лері­міз тәжі­ри­бе жинақтау, кәсіби шеберліктерін арттыру үшін АҚШ, Италия, Түркия, Швейцария, Жапония, Австрия, Германия, Израиль, Ресейдің алдыңғы қатарлы клиникаларында арнайы дайындықтардан өтті. Серік АҚШОЛАҚОВ, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқармасының төрағасы.