10 Желтоқсан, 2011

Медициналық қызметтің жаңа көкжиегі

418 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін ғана облыстың ден­сау­лық сақтау саласы жаңа серпін ал­ды. Бү­гінде заманауи құрал-жаб­дық­тар­мен, бәсекеге қабілетті ин­но­ва­ция­лық құрылғылармен то­лық­тай қам­та­масыз етіліп, тұр­ғын­дарға сапалы медициналық қызмет көрсетумен жүйелі айналысып келеді. Бүгінде Қазақстан Респуб­ли­ка­сының денсау­лық сақтау сала­сын дамытудың 2011-2015 жыл­дар­ға арналған «Са­ла­матты Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дарламасы негізінде атқарылған шаруалар аз емес. Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2030 жылға дейінгі даму стра­те­гия­сын және Қазақстанның 2030 жыл­ға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ Қа­зақстан Прези­денті­нің Жолдауын іске асы­ру мақсатында әзірлен­ген жаңа бағ­дар­ламада денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастыру мә­се­лелері, түрлі ауру­лар­дың алдын алу, сала­мат­ты өмір салтын қа­лып­тастыру жө­нін­дегі іс-шаралар жан-жақты қа­рас­тырылған. Сонымен қатар жаңа бағдарлама Бірыңғай ұлттық ден­сау­лық сақтау жүйесін (БҰДСЖ) одан әрі дамы­ту­ды көздейді. БҰДСЖ өңірлердегі денсаулық сақ­шыларының да қыз­метін ын­та­ландырып, халықтың ме­ди­ци­на­лық қызметке деген қолже­тім­ділі­гін арттырып отыр. Бір сөзбен айтқанда, 70 жылдан астам тарихы бар облысымыздың ден­­саулық сақтау саласы күннен-күн­­ге ерекше қарқынмен дамып келеді. «100 мектеп, 100 аурухана» жо­ба­сы аясында 7 нысан салу көзделіп, оған республикалық бюджеттен қар­жы бөлінген болатын. Өткен жылы жаңа инновациялық технологиялармен жабдықталған, жылына 15 мың литр қан құюға ар­налған облыстық қан орталығы пайдалануға берілді. Тараз қала­сы­ның батыс бөлігінде ор­талық блок­ты біріктіретін 4 қа­бат­тан тұратын, бір ауысымда 500 адам­ға қызмет етуге лайықталған №5 қалалық емхана құрылысы заманауи талап­тар­ға сай, жаңа иннова­ция­лық қон­дыр­ғылармен жаб­дық­та­лып, кең көлемді медициналық қыз­мет ету орны ретінде бой көтерді. Ал­дағы уақытта 300 төсектік көп бейінді қалалық аурухана, 200 орынды көп бейінді қалалық балалар ау­ру­ханасы, 200 орынды көп бейінді об­лыстық балалар ауру­ха­насы, Жам­был ауданының Аса ауы­­лында бір ауысымда 250 адам қабыл­дай­тын аудандық емхана, Шу ау­да­нының Төле би ауылында 150 төсектік ау­дандық орталық аурухана салынып, іске қосылатын бола­ды. 2005-2010 жылдары бастапқы меди­ци­налық санитарлық көмек мекемелері және жедел меди­ци­на­лық көмек қызмет­тері үшін са­ни­тарлық ав­то­көлік алуға бөлінген (168 ав­то­көлік) республи­калық жә­не жергілікті қа­зы­надан қа­рас­ты­рыл­ған 318,32 млн. теңге толық игерілді. Со­ның ішінде 115,9 млн. теңгеге 140 автокөлік алын­­ды. Ме­ди­циналық же­д­ел жәр­дем көмегін өз уақытында көрсету үшін 2010-2012 жылдары 5 реанимобиль жә­не 25 са­нитарлық ав­то­кө­лік­тер сатып алу жос­­пар­лан­ған. 2004 жыл­­дан бері облыстық диагностика орта­лы­ғында компьютерлік томография жұмыс істейді. Бұ­рындары томография іздеп, Ал­маты, Біш­кек қа­ла­ларына сабылатын ха­лық үшін бүгінде оң­тай­лы жағдайлар қа­рас­тырылып, ауру тү­рін анықтауға ба­рынша мүмкіншілік жасал­ған. «Мейірім» ме­ди­циналық орта­лы­­ғына 2010 жылы яд­ролық маг­нит­ті-ре­з­о­нансты томограф ап­па­раты алынып, іс­ке қосылған болатын. Жамбыл об­лыс­тық ауруханасы өңірдегі ірі емдеу мекемесі болып саналады. Атал­мыш ауруханада жал­пы операция­лар­ға арналған видео­эндоскопиялық жабдықтар, «Leica M680» микро­хи­рургиялық опера­ция­ларға арнал­ған микроскоптар, автоматтан­ды­рылған гематоло­гия­лық анализаторлар, биохимиялық анализаторлар, заманауи талап­тар­ға сай жаңа ультрадыбыстық зерттеу қондыр­ғы­ларының барлық түр­лері халық­қа қызмет етеді. Бұдан тысқары аурухана аясындағы санавиация қыз­меті жақын және шал­ғай ауыл тұр­ғындарына шұғыл және жоспарлы түрде көмек көрсетеді. 2009 жылдан бастап мұнда 20 орындық, жоғары медициналық қыз­мет көрсетуге арналған және инновациялық құрылғылармен то­лық жабдықталған кардиохирургия бөлімшесі жұмыс істейді. 2011 жылдың 1-жарты­жыл­ды­ғын­­­да 444-коронарографиялық зерт­теулер, 86-аорто-коронарлық жал­ғау­лар (шунтирование), 9- туабітті жүрек ақауына ұшырағандарға ота сәтті жасалды. Бөлімшенің 3 дәрі­гері шет мемлекеттерде (Израиль) кардиохирургия саласы бойынша біліктіліктерін жетілдіріп қайтты. Тараз қаласындағы Сейітхан Жо­шыбаевтың жетекшілігіндегі кар­диохирургия орталығы – мақ­тау­лы емдеу орталықтарының бірі. Мұнда 2008 жылы – 152, 2009 жы­лы – 304, былтыр 402 адамның жү­ре­гіне ота жасалып, талай отба­сы­ларға қуа­ныш сыйлады. Жуырда аталған ай­мақтың кардиохирургия орталығына «Еуропалық сапа» ха­лықаралық сыйлығы берілген. Бұл көрсетілетін медициналық қызмет­тер еуропалық талапқа сай деген сөз. Орталықта Ден­саулық сақтау министрлігінің көмегімен 2008 жы­лы 50 операция жасалынған. Яғ­ни, науқас адам­дар­дың жағдайы ескеріліп, респуб­ли­ка­лық бюджеттен операция құны тө­лен­ген бо­ла­тын. Ал, осы жылы Жам­был об­лы­сы бюджетінен 26 квотаға, 2009 жылы 50 квотаға орын берілді. Аймақта барлығы 8390 дәрігер, 2469 орта буын медицина қызмет­кер­лері еңбек етеді. Олардың ішінде 3-уі медицина ғылымдарының док­торы, 28-і ғылым канди­дат­тары. Өткен жылдармен салыстыр­ған­да, қыз­меткерлер саны 193 дә­рігерге, 542 мейірбикеге артқан. Ел­ді мекендердегі медицина ұйым­дарын кадр­мен қамтамасыз ету жайы да көңіл көншітеді. Дәрі­гер­лер тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, әлеуметтік көмек ретінде берілетін қаржы 200 000 тең­геге дейін ұлғайды. 2010 жылы об­лысқа 136 дәрігер келсе, оның 114-і – жас мамандар. Ауылдарға 94 маман жіберілді. Кадрлар жетіспеушілігі мә­се­лесін шешу үшін аудан әкім­дік­терінің квотасымен жыл сайын 30 мектеп бітіруші жоғары меди­ци­на­лық оқу орнына жіберілетін болды. Десек те, әр адамның денсау­лы­ғы өз қолында екенін ұғатын мезгіл жетті. Тұрғындар арасында жүрек-қан тамырлары аурулары көп кездеседі. Сондай-ақ алғашқы мүгедектік тобы­на шыққандар ара­сында қан қысымы аурулары да жиі ұшы­ра­са­ды. Біз ау­руларды болдырмау, ал­ғаш­қы ме­ди­­циналық қызмет көр­се­ту шараларын жүйелі ұйым­дас­ты­рып келеміз. Об­лыс­та тұрғындар ара­сында аурудың ал­дын алу мақ­са­тында тұрақты түрде медициналық тексерулер жүргі­зі­ле­ді. Науқас­тар­ды диспансерлік есеп­ке алу жұ­мыс­тары жақсара түсті. Қан қы­­сы­мы­ның 12 мектебі, қант диа­беті­нің 20 мектебі, бронхиалды аст­ма­ның 6 мектебі жұмыс істейді. Бүгінде заманауи құрал-жаб­дық­тармен, бәсекеге қабілетті ин­но­ва­ция­лық технологиялармен қам­тама­сыз етілген облысымыздың денсау­лық сақтау басқармасы тұр­ғын­дарға сапалы медициналық қыз­мет көр­се­туді үзбей жал­ғас­ты­ра беретін бо­ла­ды. Еліміздің егемендігімен бірге жа­сасып, заманауи талаптарға сай дамып келе жат­қан медицина күн­нен-күнге жаңаша жетістіктерімен бар­шамызды қуан­тып келеді. Оның барлығы, әрине, тәуелсіздігімізге қол жеткізген жаңа Қазақстанның жа­ңа мүм­кін­діктері екендігі сөзсіз. Дені сау ұлт пен ұрпақ қалып­тас­ты­ру мем­ле­ке­ті­міздің басым бағыт­тарының бірі екенін жақсы түсінеміз. Жандос НӘДІРОВ, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тараз.
Соңғы жаңалықтар