Қазақстан • 02 Маусым, 2018

Әсет Исекешев елордалық құрылыс мердігерлерінің жұмысын сынға алды

279 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін әкімдікте құрылыс сапасы туралы жиын өтті. Жиынға астананың мердігерлері, ПИК өкілдері және бақылаушы мемлекеттік органдар қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

Әсет Исекешев елордалық құрылыс мердігерлерінің жұмысын сынға алды

Күн тәртібінде құрылыс нысанын салудың мерзімі, сапасы, қауіпсіздік мәселесі қаралды. Бүгінге дейін тұрғындардан келіп түскен шағымдардың дені ғимараттың сыртқы келбеті мен объектінің берілу мерзіміне бағытталған.

Бірінші кезекте есеп берген құрылысшылар жаңадан салынған ғимараттың кейбір жерлерін қатты жел ұшырып кететіндігін айтты. Яғни 22-26 мамыр аралығында қалалық мониторинг орталығына тұрғындардан 212 шағым тіркелген, 68-і - ғимараттың жабындысы мен сыртқы қасбеті зақымдалғаны туралы шағым түскен. Жиында «Олимп-палас» ТК мердігері түсініктеме берді, үйді 2017 жылдың шілдесінде пайдалануға берген. Қатты желден кейін жылытқыш құралдары жартылай қираған. «Хайвилл» ТК 2015 жылы пайдалануға берілген, мұнда плиталар мен жылытқыштар қираған.

«Миллениум парк» ТК 2014 жылы пайдалануға берілген, ғимараттың сыртқы қаптамасы қираса, «Саранда» ТК (2013 жыл) металдан жасалған шатыр жабындысы желге ұшқан. Мердігерлер желден қираған ғимараттарды 15 маусымға дейін ретке келтіруге уәде берді. Әкімнің тапсырмасы бойынша жауапты меморгандар тұрғын үйді қабылдап алу бойынша арнайы тексеру жүргізеді. «Заң бойынша әкімдік қабылдамауы тиіс, бірақ біз техникалық және авторлық қадағалаудың қайда қарап отырғанын анықтаймыз.

«Олимп палас» ТК бойынша авторлық және техникалық байқауды кім өткізді? Олар аттестатынан айрылды ма? Осылайша біз әрқайсысымен факті бойынша тексеруіміз тиіс. Егер өрескел бұзушылықтар бірнеше рет қайталанса - лицензиясынан, аттестатынан айырып, сотқа беру керек. Бізде оларды тексере алатын прокуратура, ондаған мемлекеттік органдар бар және бұл жұмысты аяқсыз қалдырмаймыз», - деді Ә. Исекешев. Әкім сондай-ақ жауапсыз бизнесмендердің нарықтан кетуі керектігін де айтты.

«Қараңыздар, тұрғын үйді кім қабылдап алады - бәрі де жекеменшік компаниялар: тапсырыс беруші, бас мердігер - жекеменшік компания, техникалық қадағалау - қазір жеке компания, авторлық қадағалау да - жекеменшік компания. Заң бойынша әкімдік тұрғын үйді қабылдап алуға құқы жоқ, барлық жауапкершілік бизнеске жүктелген. Біз қазір осы бағытта ҰКП бірлесіп жұмыс істеудеміз, түрлі механизмдер арқылы ситуацияға ықпал ету туралы келісім жасалды, яғни заң арқылы бақылауды күшейту, ұйымның өзін реттеуі - жауапсыз мердігерлердің нарықтан кетуіне алып келуі тиіс. Тексеріп, анықтау қажет. Себебі, әрбір үйдің артында жүздеген отбасының тағдыры тұр», - деді Ә. Исекешев. Жиын барысында барлық ПИК-терге жүйелі түрде үйдің техникалық жағдайын тексеріп тұруын, оны апаттық жағдайға дейін жеткізбеуін тапсырды. 1 желтоқсанға дейін 486 ПИК-тің үйлерге қызмет көрсету сапасы тексеріледі.

«Қызмет көрсететін барлық ПИК мекемелеріне айтылған ескертулерді ескеріп, үйдің сыртын қаптайтын плиткаларлы қайта қалпына келтіруді тапсырамын. Құрылыс нормасы мен ережесіне (ҚНжЕ) сәйкес, ережеде тұрғын үй қоры реттеуі керек. Бізде қазір қала бойынша ғимаратты апаттық жағдайға дейін апарған фактілер бар. Аудан әкімдіктері мен қалалық орта сапа басқармасы мұны бақылауына алады. Айтылған ретсіздіктер мерзімінде қалпына келтірілмеген жағдайда тексеру жүргізіліп, материалдар сот органдарына жіберіледі. Сонымен қатар, қаржы көздерін мақсатты түрде пайдаланғаны туралы аудит жасауда бұзу фактілері болғанын қарау үшін ІІД, мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады», - деп түйіндеді Ә. Исекешев.

Ал тексерістен өтпеген ПИК-термен барлық келісімшарт бұзылады.