Қазақстан • 16 Маусым, 2018

Астана қаласы әкімі дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімі Әсет Исекешев елордада тұңғыш рет өткізілген «Алтын шипагер» сыйлығын табыстау салтанатына қатысты. Сондай-ақ қала басшысы дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, үздік мамандарға арнайы сыйлық пен пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

 

Астана қаласы әкімі дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады

«Құрметті қауым, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Елордамызда денсаулық сақтау саласы серпінді дамып келеді. Елбасымыз айтқандай, халықтың санын сақтау - ең басым стратегиялық ең басым міндеттердің бірі. Өйткені адам жанын сақтап қалудан басқа артық қасиет жоқ. Өмірге келгеннен бастап, біз сіздердің мейірімдеріңізбен шапағаттарыңызға бөленіп келеміз. Адамзат үшін адамның амандығынан асқан байлық жоқ. Ал оны мына отырған сіздер сақтап, қорғап келесіздер. Осыған орай, барлығымыздың атымыздан сіздерге зор алғысымды білдіремін!», - деді Әсет Исекешев «Алтын шипагер» сыйлығын табыстау салтанатында.

Айта кетейік, елорданың денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған «Алтын шипагер» сыйлығы биыл алғаш рет ұйымдастырылды. Оған қатысуға мыңнан астам өтініш түскен.

Сыйлық 10 аталым және екі арнайы номинация бойынша табысталды. Арнайы сыйлықтың бірін «Хабар» арнасы тағайындады, ал біреуі медицина саласының дамуына үлес қосқан ардагер маманға берілді.

Номинанттардың барлығы бір миллион теңге көлеміндегі сыйақы мен арнайы тапсырыспен лавр жапырағының үлгісінде жасалып, алтын жалатылған мүсінге ие болды.