Қазақстан • 16 Маусым, 2018

Жөндеу маусымы басталғалы 400 шақырым теміржол жөнделді

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстары 868,4 шақырым теміржолда жүргізілмек. Орташа жөндеу жұмыстары 92,5 шақырымға жасалмақ, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

 

Жөндеу маусымы басталғалы 400 шақырым теміржол жөнделді

Жолды жаңғырту жұмыстары пойыздың жүру жайлылығын, жол бойында жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалуын, жүкті жедел жеткізуге ықпал етеді.

Қазіргі таңда Ақмола, Қостанай, Семей, Атырау жол бөлімшелерінің аумағында жолды орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Орташа жөндеу жұмысы 16 шақырым телімге жасалды. Арыс, Түркістан станцияларында станциялық жолдар жаңғыртылды. Жетібай –Өзен қума жолында, Қостанай, Солтүстік, Құсмұрын, Өскемен-1, Қазығұрт станцияларында жұмыс жалғасуда. Орындалған жөндеу жұмыстары 34 шақырымға жеткізілді.

Жөндеу жұмыстары екінші жарты жылдықта жалғасын табады. Күзде 46 шақырымдық станциялық жолдар, 12 шақырым станцияның өзінде жүргізіледі.

Жазғы жөндеу жұмыстары басталғалы 760 шақырым жол DUOMAT кешенді жол машинасымен түзетіліп, 484 шақырымы тығыздалды. 1600 шақырымдық рельс тазаланып, 82 шақырымдық жолдың қиыршығы тазартылды. Жалпы алғанда кешенді жол машиналарын қолданып 3000 шақырым қамтылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында инфрақұрылымы нысандарын қалыпты ұстау, күрделі жөндеу жұмыстарын орындау бекітілген Жоспарға және белгіленген мерзімге сәйкес орындалады.