Оның алтауы ел өңірлерінен, қалғаны алыс-жақын шет елдерден келген. Астананың 20 жылдығына арналған фестивальде әр шығармашылық ұжым үздік қойылымдарын ұсынды.
Оның ішінен Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры ұжымының бағы жанып, бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Әспетова әйел бейнесін биік деңгейде сомдағаны үшін үздік деп танылды. Ал «Жастар» театрының әртісі Дәурен Серғазин «Үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен марапатталды.
Айта кетейік, бас жүлдеге 2 млн теңге қаржылай сыйлық берілді.