Қазақстан • 17 Маусым, 2018

«Астана-Алматы» бағытындағы пойыз апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Астана-Алматы» бағытындағы пойыз апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Бүгін  «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыз апатқа ұшырап,  8 вагон рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тапты.

«Бір жасөспірім қаза тауып, үш адамның жарақат алғандығы туралы ақпарат расталды», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның шығу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылғанын xабарлады.