Аймақтар • 12 Шілде, 2018

Ақтауда ІТ сыныбының тұсауы кесілді

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптарын ашу» жобасы бойынша Ақтау қаласындағы Оқушы орталығында ІТ сыныбы ашылды. 

Ақтауда ІТ сыныбының тұсауы кесілді

Салтанатты рәсімге «Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Лазарұлы, Ақтау қалалық филиалдың төраға орынбасары Қ.Аяшұлы, Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Н.Көбейсінұлы және Ақтау қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының жанынан құрылған ардагерлер кеңесінің жетекшісі Е.Жаңбыров,Ақтау қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция мүшесі Ы.Көшербай қатысып, ІТ сыныптың тұсауын кесті. 

Оқушы орталығында ботаникалық бақ, ұшақ жасау үйірмесі, сурет салу, ән, музыкалық аспаптар үйірмесі, спорт алаңы мен балет үйірмелері бар. 
ІТ сыныбында әзірше Scratch бағдарламасы үйретілуде. Сондай-ақ балалар 3 D қаламдарымен түрлі қалыптағы пішімдер жасап та үйренген.

- «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, білім басқармасының қолдауымен ашылып жатқан ІТ сыныптың балаларға берері мол деп есептеймін. Олардың жаз мезгіліндегі уақытын тиімді өткізуде бұл сыныптың алар орны ерекше. Сабақ аптасына 2 рет бір жарым сағаттан өтеді. Балалардың қызығушылықтары мен тез арада ұғып алуы біздің жұмысымызды жандандыра түседі, - дейді информатика пәні мұғалімі Динара Қыдырқызы. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы