Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Ел дамуына арналған энциклопедия

411 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Украина азаматы, ғалым, қоғам және саясат қайраткері ретінде маған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, оған қатысты пікір білдіру мен үшін үлкен құрмет.

Ел дамуына арналған энциклопедия

Меніңше, бұл Жолдаудан әрбір қазақ­стан­дық қазіргі таңда өзін мазалаған кез кел­ген мәселеге, мемлекеттің даму стра­те­гиясына, мақсаты мен міндет­те­ріне, ең маңыздысы, күткен нәтижеге қатысты жауап таба алады. 

Жолдау – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ешқандай дел­­далсыз әрбір азаматпен тікелей әңгі­ме­лесуі деп айтсақ болады. Ол жас­қа да, кәріге де ортақ. Бұл Төртінші өнер­кә­­сіп­тік революция жағдайында тарихи бе­лестің алдында тұрған халықтың бір­лі­гін қамтамасыз етудің саяси тұрақ­ты­лық пен қоғамдық келісімге қол жет­кі­зудің басты шарты. Қазақстан халқы өз Президенттерінің даналығы мен сөзінің беріктігіне, көреген саясатына сенеді.

Жолдау мемлекеттің қазіргі жағдайын, экономикалық және әлеуметтік-саяси өмір­дегі негізгі өзгерістерді талдаудан бас­талады. Ұлт жоспары жүзеге асырылып жатыр, Қазақстанның үшінші жа­ң­ғыруы басталды, Индустрияландыру бағ­дарламасы орындалуда, «Цифрлы Қа­зақстан» бағдарламасы қабылданды. Со­нымен қатар Қазақстанның барлық аза­маттары үшін ең бастысы мемлекеттік сая­саттың беріктігі мен ұзақмерзімді жос­пардың өзгермеуі. 

Бүгінде бүкіл әлем мойындап, сенетін әрі құрметтейтін тәуелсіз Қазақстан құ­рылды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сінің тұрақты емес мүшелігіне сай­лан­ды, ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­дандырылған көрмесін сәтті өткіз­ді. Мұнда нарықтық экономиканың мо­делі сәтті жұмыс істейді. Орташа топ қа­лып­тасты, кедейшілік айтарлықтай төмендеді, жұмыссыздық деңгейі азайды. Көптеген посткеңестік мемлекеттер­ден, тіп­ті қазіргі Еуропадан айырмашылығы Қазақстанда азаматтық бейбітшілік, эт­но­саралық және конфессиялық келісім бар. Бұның бәрі Мемлекет басшысының ма­ңызды және жаһандық жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа міндеттер қоюға мүм­кіндік береді. Бұл мақсатқа жету үшін ин­дус­трияландыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіптік ке­шен­ді дамытудың құрамдас бөлігі ре­тінде «Ақылды технологияларды» же­тілдіру, көлік-логистикалық инфра­құ­ры­лымның тиім­ділігін арттыру, мем­ле­кеттің қоғам­дық құрылысында заманауи технология­лар қолдану, қаржы секторын дамыту ж­ә­не сапасын көтеру, адам капиталын ел экономикасын дамытуға тиімді пайдалану қажет. 

Адам капиталына ерекше көңіл бөлу – әбден зерделенген мемлекеттік сая­саттың үлгісі. Яғни, қазақ тілін үй­р­е­­нудің тәсілдері, орта мектептегі оқу­шы­ларға жүктемені реттеу, қазақ ті­лін жаң­ғыртудың қажеттілігі, мектеп оқу­шы­ларының ағылшын тілін еркін мең­геруі, цифрлы білім беру ресурстарын да­мыту, университеттерде ғылымды дамытуға басымдық беру айтылады. Осы мәселелерді орындаған жағдайда қазақ қоғамы өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, шет тілдерін меңгерген, озық жә­не жаһандық көзқарастары бар заманауи ортаға айналады.

Бұдан бөлек, Жолдауда мемлекеттік ба­с­қаруды тиімді жүргізу, сыбайлас жем­­қорлықпен күрес және заңның үс­тем­­дігі, «Ақылды ұлт» үшін «ақылды қала­лар» мәселелері айтылған.

Аталған міндеттер Қазақстанның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ха­лық­аралық аренада беделін одан әрі ны­ғай­татынына сенімдіміз. Қазақстан Еуро­падағы, Азиядағы және Латын Аме­рикадағы көптеген елдерге Сингапур тә­­різді үлгі бола алады. «Ақылды» ха­лық­­тың «ақылды» мемлекеті қандай еке­нін көрсетеді. 

Мен Қазақстанның өркендеуін, ты­ныштықта болуын, жоспарланған р­е­фор­маларды батыл жүзеге асыруын, гүл­денуін тілеймін. 

Николай КОРЕЦКИЙ,

Мемлекеттік басқару ғылымдарының докторы, профессор, Украина ғылымы мен техникасының құрметті қызметкері, «Константин Ипсиланти» атындағы Киев қаласы гректер қоғамдастығының» төрағасы