Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Климаттың өзгеруіне қатысты көзқарасын білдірді

503 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік қауіпсіздігінің бол­мауына, заңсыз көші-қонға, әлеуметтік тұрақсыздыққа жә­не қиян-кескі қақтығыстарға әкелуі мүмкін «қауіп-қатердің му­ль­тип­ликаторы» болып табылады. Бұл туралы Қазақстанның Сыр­тқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «климаттың өзгеруімен байланысты қауіпсіздіктің тәуекелдері» тақырыбында өткен ашық пікір­та­­ластың барысында мәлімдеді.

Климаттың өзгеруіне қатысты көзқарасын білдірді

«Қазақстанның және бүкіл Орта­лық Азия өңірінің Арал те­ңі­­зінің құр­­ғауымен байланыс­ты ба­сынан өт­кіз­г­ен традегиялық тә­жірибесі бар. Бұл экологиялық апат жергілікті тұр­ғын­дарға жә­не 60 миллионнан астам адам­ды қамтыған барлық шекаралас мем­лекеттердегі қоршаған ор­та­­ға қауіп төндірді», деді Е. Ашықбаев. Ол Арал теңізі проб­ле­масын шешу үшін қа­был­данып жат­қан шаралар, оның ішінде Ха­лықаралық Аралды құтқару қо­рының аясында қабылданып жат­қан шаралар мен осы жұмыс­тың оң нәтижелері туралы әңгі­ме­леді.

Климаттың өзгеруіне қар­сы кү­рес ел үкіметінің басым мін­деттерінің бірі екенін атай оты­рып, Е.Ашықбаев Қазақ­­­стан­­ның 2050 жылға қарай зиян­ды қал­дықтардың көлемін қыс­қар­ту бойынша жасап жат­қан қа­да­м­дарына және жаңғырмалы энер­­гия көздеріне то­лық­қан­ды көшу жоспарларына баса на­зар ау­дарды. Бұл үдерісте Астана қа­­ласында құрылған Халық­ара­лық «жа­сыл» технологиялар ор­та­лығының маңызы ерекше зор.

Швецияның сыртқы істер мин­истрі Маргот Валльстрёмнің төр­аға­лы­ғымен өткен іс-шараға Науру Рес­пуб­ликасының прези­де­нті Барон Вака, БҰҰ Бас хат­шы­сының бірінші орынбасары Амина Мохаммед, Ирак су ресу­рс­тары жөніндегі министрі Хасан Джанаби және басқалар қатысты.

Сонымен қатар Нью-Йоркте Е.Ашықбаев «Орнықты даму мақ­сат­та­ры­­на қол жет­кі­зуге Транс­шекаралық су ын­ты­­мақтас­тығы­ның қосқан үлесі» фо­ру­мында сөз сөйледі. Ол Қазақ­станның көрші елдермен, оның ішінде Орталық Азия мем­лекеттерімен, Ресей және Қы­тай­мен трансшекаралық өзендерді пай­далану мәселесі бойынша өз­ара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ осы мәселеде ха­лықаралық су құқықтарын жан-жақты зерделеуге және оны қол­дануға қолдау білдірді.

Сонымен бірге Қазақстан СІМ орын­басары ағымдағы жыл­дың 10-12 қазанында әлемнің бар­лық ел­де­рінен 400-ден астам үкі­мет­­тің, ха­лық­аралық үкі­меттік емес ұйым­­дар­дың өкілдері мен су пробле­ма­сы жө­нін­де­гі сарап­шы­­лардың қа­ты­с­уымен өте­тін БҰҰ Еуро­палық эко­номикалық ко­мис­сия­сының Су кон­в­енциясына қа­ты­су­шы тарап­тар­дың кездесуіне Астана үлкен мән бе­ре­­тінін мәлімдеді.

«Егемен-ақпарат»