Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер фестивальдерінің бірі «Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында Шотландия елінде өткізіліп келеді. Фестивальге әлемнің 50 мемлекетінен 50000 өнерпаздар қатысады және 3000-ға жуық қойылымдар көрсетіледі.
- Қазақтың ұлттық мәйегі мен мәдени құндылығы тоғысқан «Ақбаян» спектаклімен әлем сахнасына жол тартып, барша қазақ өнерінің жүгін арқалаған Нартай Бекежанов атындағы қазақ драма театры үшін бұл - үлкен тарихи құбылыс және мәртебелі міндет болып табылады, - деді театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы