Араға жыл салып атақты «Тур де Франс» жарысына тағы да келдік. Биыл бұл дода 105-мәрте ұйымдастырылды. Футболдан өткен әлем чемпионатына байланысты бір аптаға кейін шегеріліп, жанкүйерлердің тағатын тауысқан жарыс басталып кетті. «Астана» командасы үшін биылғы жарыс әрқилы оқиғалармен өрілді.

Ақсақалдың батасы
Астана – Париж бағытындағы ұшақ Шарль де Голль атындағы әуежайға қонысымен арамыздағы ақсақал Асқар Ишанұлынан пікір сұрадық. Сексеннің сеңгіріне келген ақсақалдың көңілі спортта. «Велоспортта нәтиже күн сайын өзгереді. Ең алдымен, шабандоздарымыз жарақаттан аман болып, жарысты абыроймен аяқтаса екен» дейді қария. Шаңғы мен велоспортты қатар меңгерген атамыз кезінде КСРО спорт шебері атанған. Кейіннен домна пешінің алдында тұрып, тонналаған болатты балқытқаны да бар.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге қызметтес болған. «Біздің кезеңнің адамдары еңбекке құштар болып өсті. «Нұрекеңнің еңбегі біз үшін ұшан-теңіз. Комбинатта жүріп компартияға кеткен адам некен-саяқ. Оның алғырлығы сол кезден аңғарылды», дейді Асқар Ишанұлы. Осы күні Батыс Қазақстан облысының велоспорт федерациясының президенті қызметінде жүргенін құрдасының еңбекқорлығына ұқсап баққысы келгендігімен байланыстырады.
По қаласында басталған 18-кезең алдында ел спортына еңбегі сіңген атамыз Александр Винокуров бастаған жігіттерге ақыл-кеңесін айтты.
Санчестің жоқтығы білінді
Алғашқыда капитанға зор көмек көрсетуі тиіс болған «грегорилердің» төресі, Луис Леон Санчес қақтығысып, жарақат алды. Соның салдарынан біздің команда әжептәуір күш жоғалтты. Кейіннен Дмитрий Груздев те велокөпкүндіктен шығып қалды. Бапкерлердің айтуынша, Луис Леон Санчестің жоқтығы команданың жалпылама көрсеткен нәтижесіне қатты әсер етті. Жарыстың соңғы күндері өткен шешуші таулы кезеңдерде испаниялықтың тәжірибиесі мен шеберлігі қатты керек еді.
Егер ол сапта болғанда Якоб Фульсангтың тынысы ашылып, екілене шабар еді. Екі мықты шабандозынан айырылған «Астана» амалдап жүріп, қисынын келтіруге тырысты. Сөйтіп жүріп-ақ елордалық команда қатарынан 2 кезеңді жеңді. Алдымен 14-кезеңде Омар Фрайле көзге түссе, ертесіне Магнус Корт алдына жан салмады. Ал 17-кезеңде Танел Кангерт «ең белсенді шабандоз» марапатын алды. Жалпы екі шабандозы жоқ команданың осынша зор көрсеткішке қол жеткізгені, әрине, таңқаларлық іс.
Жанкешті Жильбер
Жарыстың 16-кезеңінде елді дүр сілкіндірген оқиға орын алды. Quick Step Floors командасының шабандозы Филип Жильбер жоғары жылдамдықпен келе жатып, жолдан шығып кетті. Десе де, жалма-жан орнынан тұрып, жарысты әрі жалғады. Әйтеуір соңына дейін ұмтылып, мәре сызығынан елмен қатар өтті. Алайда қанталаған аяғының сүйегі қатты шытынаған екен.
Дәрігерлер Жильбердің тізесі сынып кеткенін айтады. Жанкешті велошабандоз сынған тіземен 60 шақырымдай жол жүріпті. Бұл оқиға осындағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлемге лезде тарап кетті. Әрине жеңіске деген құштарлық, жарыстан шығып қалмауды көздеген спортшының бұл әрекеті күллі жұрттың таңданысын тудырды. Расымен де, неткен жанкештілік десеңізші?! Филип Жильбер осылайша жарысты ерте аяқтап, енді денсаулығына мән беретін болады.
Пиреней қазақ әніне тұнып тұр
18 және 19 кезеңдер тауда өтті. Жалпы алғанда «Тур де Франс» жарысы таулы кезеңдерімен әйгілі ғой. Бұл жолы Пиреней тауларының жотасы саналатын Турмалеге өрмеледік. Бұлттан биік шығып, басын ақ қар шалған шыңдарға да жеттік. Якоб Фульсанг бастаған «Астана» шабандоздарын мәреге таяу тұстан күтіп алмақпыз. Жергілікті жанкүйерлердің айтуынша, біз орналасқан тұс теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктікте екен. Тау басында жарыс жолын қаумалаған қонақтар мен фанаттар.
Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан кейін ең көп жанкүйер тартатын да осы жарыс. Биыл «Турды» шамамен 1 миллион адам тамашалап жатыр. Теледидар арқылы көргендері қаншама?! Осы аралықта тау басында жүріп өзіміздің қазақ жанкүйерлерін көреміз деп кім ойлаған? Серік Мағжанұлы мен Николай Алексеевич екеуі Петропавлдан арнайы келіпті. Николай Алексеевич – Александр Винокуровтың әкесі. Баласы бастаған командаға жанкүйер болып, Қазақстанның көк туын жамылып алған. Ал тағы бір жанкүйер – Олжас Баймұханов бұрыннан Францияда тұратын қандасымыз екен.
Ол «Астана» командасына ұжым құрылғалы бері жанкүйер болып шықты. «Фульсанг бір құлап түскен соң көңіл-күйі кетілген. Жұлқып шабуға зауқы соқпай жүр» деп бастады әңгімесін Олимпиада чемпионының әкесі. Қарияның Сашаға әрі әке, әрі бапкер болып жүріп талай дүрмекті көргені байқалады. Ал қасындағы Серік Мағжанұлы кәнігі Күреңбай сыншыдай, болжам айтып, шабандоздардың сырын айтты. «Фульсангқа қарағанда осы жолы Танел Кангерт керемет жүріп келеді. Күн сайын шабысына шабыс қосылуда. Бәйгеден бірінші келсе таңғалмаймын. Жас шабандоздың жарқырайтын кезі алыс емес.
Оның үстіне мына Еуропаңызда «Астана» командасы тасадағы таланттарды аша білетін команда деген атқа ие дейді. Иә, бұл шындық. Мигел Анхель Лопес, Танел Кангерт, Магнус Корт, Йеспер Хансен, енді, міне, олардың қатарына қазақстандық Евгений Гидич қосылып отыр. Бұл сөзді Олжас Баймұханов та қолдап, шабандоздар келгенше тағы бір жайттан сыр ағытты. «Балам Артурды велоспортқа бердім. Александр Винокуровтың екі ұлымен бірге жаттығып жүр. Түбі осы үшеуі еліміздің атын шығарса дейміз. Шетте жүрсек те, ел абыройының асқақтауына үлес қоссақ, одан артық арман бар ма?!».
Жылы сөзбен жан семіртіп отырғанымызда жанкүйерлердің қиқуы естілді. Төмендегілер шаң көрінгенін айтысып, ол хабар лезде жоғарыда отырған бізге де жетті. «Астана» шабандозы Танел Кангерт топ бастап бірінші келеді екен. Бірақ қасына жиналған көмекшілері әлсіз. Аламан бәйгеде жүйріктер жеке шапса, велоспортта қасыңда екі-үш серігің болмаса тауға шығу өте қиын. Көңілімізді көтерген бұл хабарды жеткізген адамға сүйіншісін беруге де дайын едік. Қасымыздағы қандастар қазақтың әнін бар дауысына қойып, Пиренейді думанға бөледі.
Тамылжыған қазақтың әні тұман торлаған Турмале биігіне жан бітіргендей. Әлемнің әр қиырынан келген жанкүйерлердің барлығы қазақ әніне қол соғып, «Астана» шабандозының бірінші болып қасымыздан өткен шағында бізге болысып тұрғанына көңіліміз шаттанды. Рухымызды бір асқақтатып, төменге құлдиладық. Ендігі кезек – Париждегі Елисей алаңындағы соңғы сайыс. Дегенмен, жарыс қалай аяқталса да, алты шабандозбен 2 кезеңді қатар ұтқанымыздың өзі неге тұрады. Шет елдің журналистері «24 сағаттың ішінде 2 кезеңді қатарынан ұтқан команда бұрын-соңды болған жоқ. Бұл «Астана» қойған рекорд» деп жақтары талмай айтып жатты.
Ермұхамед МӘУЛЕН,
«Егемен Қазақстан» –
Франциядан
Қазақстанда 2020 жылы ұрлық саны 2 есе азайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның әлемдік экономикалық рейтингтегі орны қандай?
Экономика • Кеше
Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды
Спорт • Кеше
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Аймақтар • Кеше
Құнсыздық құлдың түбіне жетеді
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды
Аймақтар • Кеше
Дарынды 100 оқушының бірі Талдықорғанда тұрады
Білім • Кеше
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Аймақтар • Кеше
Жуырда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Руханият • Кеше
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Елорда • Кеше
Өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 839 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Елордада мониторингтік топ карантин режимін бұзудың жаңа фактілерін анықтады
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері берілді
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Бақытжан Сағынтаев депутаттармен бірге мегаполистің инфрақұрылымдық даму жоспарын талқылады
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • 23 Қаңтар, 2021
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • 23 Қаңтар, 2021
Биыл елордада 400-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерге көшті
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініштер қабылдау үшін онлайн-платформа іске қосылды
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • 23 Қаңтар, 2021
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • 23 Қаңтар, 2021
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар