Өнер • 27 Тамыз, 2018

«Астана Опера» театрында Майра Мұхамедқызының концерті өтеді

251 реткөрсетілді

Әйгілі опера әншісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызының «Астана – асыл арманым» атты концерті өтеді. Астананың 20 жылдығына арналған тамаша музыкалық кеш 8 қыркүйекте театрдың Үлкен залында өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар осы кеште «Астана Опера» жетекші солисі, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян, Түркиядан шақырылған тенор Мұрат Қарахан  және  Германиядан Родриго Поррас Гаруло өнер көрсетеді. Концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хор қатысады. Дирижер италиялық әйгілі маэстро Франческо Иван Чампа болса, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Кеште халық әндерімен қоса отандық және шетелдік опера классикасының жауһарлары орындалады.  

Айта кетейік, Майра Мұхамедқызы Париж ұлттық операсы, Лотарингия ұлттық операсы (Нанси қ.), Кан театры, Ренна опера театры, Бордо театры, Вашингтон ұлттық операсы және т.б. әлемнің ең үздік театрларындағы опера классикасының жауһар туындыларындағы басты партияларды табысты орындады. Бұдан бөлек, ол лондондық Кадоган-холлда, берлиндік Концертхаусте, Венадағы Хофбург сарайында, Париждегі ЮНЕСКО залында, пекиндік «Жон Шань Ли Тан» залында және т.б. Еуропа мен Азияның, Американың беделді залдарында жеке концерттерімен үнемі өнер көрсетеді. Сахнадағы серіктестерінің қатарында – Мирелла Френи, Роберто Аланья, Марсело Альварес, Сергей Лейферкус, Кристина Гайардо-Домес, Стивен Костелло, Бюлент Бэздуз сияқты көптеген опера жұлдыздары бар.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар