Медицина • 28 Тамыз, 2018

Тегін дәрі-дәрмекті сатып алу жұмысы басталды

195 реткөрсетілді

Ата Заңымызда мемлекеттің басты құндылығы адам екені нақты көрсетілген. Осы орайда адам денсаулығы мемлекеттің басты байлығы саналады. Елімізде денсаулықты қорғау саласында кешенді жұмыс атқарылуда. Соның бірі – халықтың белгілі бөлігін тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары.  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  биылғы Жолдауында «Мемлекеттің міндеттерін нақ­ты белгілей отырып, Тегін меди­циналық көмектің кепілдік беріл­ген көлемінің жаңа моделін әзір­леу қажет» деген болатын. Дә­рі-дәрмекпен қамтамасыз ету­ді жетілдіру бойынша сатып алуды орталықтандыру ісі оның ашықтығын, айтарлықтай үнем­делуін, сол арқылы басқа да нау­қасқа қолжетімділігін, әр па­циенттің қамтылуы арқылы ақпараттық есептілікті қалыптас­тырады. Және электронды сатып алу жемқорлықты жояды. Бүгінде елімізде 3,5 млн адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Жуырда 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету үшін дәрілерді сатып алу басталды.

Үкімет қаулысымен бекі­тілетін Тегін медициналық кө­мек­тің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) қазіргі форматы 2004 жылы жасалды. Жыл сайын жа­ңарып отыратын құжатта тегін медициналық көмектің барлық түрі мен формасы, қызмет көр­сету тәртібі және ақысы, мемле­кет тарапынан төленбейтін қызмет­тердің кейбір түрлері көрсетіледі. Осыған сәйкес биыл дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тұңғыш рет электронды форматта жүргізіліп отыр. Атап айтқанда Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың 2018 жылғы 5 шілдедегі №420 «Сатып алу веб-порталын қолдану арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша қанатқақты жобаны енгізу туралы» бұйрығына сай Бірыңғай дистрибьютермен осы жылдың соңына дейін сатып алу веб-порталын қолдану арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар және медициналық мақ­сат­тағы бұйымдарды сатып алудың қанатқақты жобасы енгізілген болатын. Сондай-ақ биылдан бастап препараттарды алуға жіберілген өтініштер бірден бекітілмейді,  ауруханалар дистрибьютермен келісім жасау кезінде өтініштерге түзетулер енгізе алады.

Дәрі-дәрмек сатып алу жө­нін­дегі бірыңғай дистрибьютер «СҚ-Фармация» ЖШС жақында 2019 жылға ТМККК қамтамасыз ету үшін дәрілерді сатып алу жұ­мы­сы басталғанын хабарлады. Осыған дейін ТМККК және Мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру (МӘМС) шеңберін­дегі тегін берілетін препараттардың тізімі Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекі­тілген еді.

Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтерді төлеу бойын­ша қаржы операторы ретінде жұмыс атқарып келеді.

Дәрі-дәрмектер диспансерлік есепте тұрған және стационарларда тегін ем қабылдайтын пациенттерге арнап сатып алынады. Тізімге 1144 препарат кіреді, оның 829-ы дәрілік заттар болса, 315-і – басқа да емдік бұйымдар. Өткен жылға қарағанда биыл амбулаторлық деңгейде қамтамасыз етілетін дәрі-дәрмектердің тізімі артқан. Аурудың 45 түрі бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін дәрілік заттардың 550-ден астам атауы сатып алынады. Өткен жылы дәл осындай мақсатта 482 атаумен дәрі-дәрмектер сатып алынған болатын.

– «Халық денсаулығы және денсау­лық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 88-бабы бойынша еліміздің азаматтары Денсаулық сақтау министрінің бұй­рығымен бекітілген тізбеге сәйкес ТМККК шеңберінде амбулаторлық дең­гей­дегі азаматтардың жекелеген са­наттары дәрілік заттар мен медици­н­а­­лық мақсаттағы бұйымдармен қам­та­­­масыз етілуге құқылы, – дейді Әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша филиа­лы ди­рек­­то­рының орынбасары А.Амангелдиев.

Тегін дәрі-дәрмектерді алуға арнал­ған рецепт учаскелік немесе маман­дандырылған дәрігердің нұсқаулығымен белгіленген дәріханадан ғана беріледі. Науқасқа дәріхананың тізімі мен мекенжайын тіркелген емханада береді. Егер тегін берілетін препаратты аталған дәріханалар беруден бас тартса немесе ақы төлеуді талап етсе, пациент өзі тіркелген емхананың басшылығына, тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті уәкілетті мемлекеттік ор­гандарға немесе Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің департаментіне шағымдана алады.

Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры Астана қаласы бойынша филиалы тұрғындарға ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсететін 79 медициналық мекемемен келісімшарт бекітті. Оның 36-сы мемлекеттік, 43-і жеке меншік мекеме.

Бұл жұмыстардың барлығы жыл басында тегін препараттар тапшылығының алдын алу мақсатында атқарылып жатыр. Сондай-ақ сатып алудың ерте басталуы ағымдағы жылдың соңын­да барлық препараттар бірыңғай дис­трибьютордың қоймаларына келіп түсуі үшін де қажет. Тендер рәсімдері шамамен екі айға созылады. Тендер нәтижелері бойынша шарттар жасалып, дәрі-дәрмектер жылдың соңында дейін қоймаларға жеткізілмек.

Майгүл СҰЛТАН,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар