Бірінші жарылыстан клуб ішіндегі төрт адам қаза тапқан, осыдан кейін автокөліктегі екінші жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Осы жарылыстан «Толо» жаңалықтар арнасының екі журналисті қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды.
Жарылыстар қала шииттерінің мұсылман ауданында болды.
«Толо» компаниясының басшысы Лотфилла Нажафизада Twitter-дегі парақшасында «бұл қайғылы оқиға арнамыздың ең білікті журналистерінен айырды» деп жазды.
Шабуылды әлі ешқандай топ мойнына алған жоқ, алайда «Ислам мемлекеті» террорлық тобы Дашт-е-Барчи ауданында осындай шабуылдарды жасаған болатын.
Айта кетейік, қаза тапқан журналистердің бірі журналист Саид Самим Фарамарз Қазақстанда білім алған. Қазақ тілімен қатар, әлемнің 7 тілін жетік меңгерген. Осыдан үш жыл бұрын Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Оқуды бітірген соң, еліне барып, қызмет істеді.