Дүниежүлік көшпенділер ойындарының аясында өтіп жатқан сайыстарда Қазақстанның көкбөрі командасы АҚШ-тың құрама командасын 20:9 ұпай есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Мұның алдында қазақстандықтар Краноярск командасын айқын басымдықпен жеңген. Көкпаршыларымыз кезекті ойынды Өзбекстанның ұлттық құрамасымен өткізеді. Қырғызстандықтар мәскеуліктермен күш сынасады.
Жартылай финалға төрт елдің – Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Мәскеу облысының командалары жолдама алған болатын.
Назарбек Байжігітов,
Қырғыз Республикасы,
Шолпаната қаласы