Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2018

Атырау облысына жұмыс сапарымен Леонид Прокопенко келді

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысына жұмыс сапарымен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко келді,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік  коммуникациялар қызметі.

Атырау облысына жұмыс сапарымен Леонид Прокопенко келді

Сапар барысында Атырау облысының ҚХА мүшелерінің, этномəдени бірлестіктер өкілдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен жиналыс өтті.

Бүгінгі күні өңірде Атырау облысының ҚХА-ның 87 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасайды, оның ішінде 75 аналар кеңесі, 1 ғылыми-сараптамалық топ, журналистер клубы, "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы бар. Осы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы 2000-нан аса іс-шара өткізіп, оған 210 000-дай адам қатысты.

Мемлекет Басшысы Қоғамдық келісім кеңестерінің алдына қойған міндеттер туралы айта келе, Леонид Прокопенко кездесуге қатысушылардың назарын Қазақстан дамуының маңызды шартына аударды, бұл- халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз ету, оның бірігуі, елімізде барлық əлеуметтік-саяси экономикалық реформалар жүргізу үшін жағдайлар.

-Биылғы жылы қарашада Солтүстік Қазақстан облысында республикалық Қоғамдық Келісім кеңесін өткізбекшіміз. Мемлекет Басшысының Бес əлеуметтік бастамасын іске асыруды қоғамдық бақылау мәселесі талқыланатын болады. Бұл халықтың аз қамтылған топтарына салық жүктемесін азайтуға, жатақханалар құрылысын салуға, білім беру гранттарын бөлу тиімділігіне қатысты деді Леонид Прокопенко.

Нұрлан Ноғаев кіріспе сөзінде қатысушыларға Бес əлеуметтік бастаманы іске асыру аясында өңірде қандай жұмыстар жасалып жатқанын əңгімеледі. Өңірімізде "7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы ипотекалық тұрғын үй сатып алу механизмі табысты қолданылуда. Үш ЖОО жатақханамен қамтамасыз етілді, сондай-ақ 1 қыркүйекте біз Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттері үшін бір жатақхана аштық. Қазіргі уақытта бір жатақхана салынуда, биылғы жылы екі жатақхананың құрылысы басталады және қалған 8 жатақхана үшін жер учаскелері бөлінді. Осылайша 2020 жылға қарай студенттер үшін жатақханадан орын беру мәселесі толықтай шешілетін болады. 2017 жылы облыста 222, биылғы жылы 247 білім беру гранттары берілді. Біздің барлық жұмысымыз Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді шешуге бағытталған,- деді өз кезегінде Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар кездесуде жақын арада жаңа Достық үйінің құрылысы басталатыны да айтылды. Жобалау-сметалық құжаттама толық аяқталды, жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Жаңа Достық  үйінің жобасы облыстың 19 этномəдени бірлестігінің өкілдерімен таңдап алынғаны атап өтілді.