Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиада резервтерін дайындайтын Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорлығына  Жанат Жақиянов бекітілді.

 Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

Жаңа басшыны ұжымға  дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Руслан Есеналин таныстырып, табыс тіледі. Бірқатар міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.

Жанат Жақияновтың есімі спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 2007 жылдан жеңіл салмақта кәсіпқой бокспен айналысып, EBU тұжырымдамасы бойынша Европа чемпионы атанған. WBA және IBO супер тұжырымдамалары бойынша әлем жеңімпазы болған.   

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы