Үздіктер көшін 30 жастағы Василий Ломаченко бастап тұр. Жеңіл салмақта күш сынасып жүрген Украина боксшысы бес жылға жуық уақыт аралығында 12 жекпе-жек өткізіп, 11 рет жеңіске жетті. 9 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Екінші орынды Теренс Кроуфорд иеленуде. Ол да 30 жаста. Жартылай орта салмақтағы АҚШ-тың өкілі 33 мәрте шаршы алаңға шығып, барлық бәсекені өз пайдасынан шешті. 24 кездесуде нокаут белгіленді. Үшінші орында – Сауль Альварес. 28 жастағы Мексиканың мақтанышы GGG-ні ұтқаннан кейін үздіктер қатарынан қосылды. Ол 53 мәрте рингке көтеріліп, 50 жекпе-жекте үстемдік танытты. 34 қасрыласын есінен тандырды. 1 рет ұтылып, 2 рет тең түсті.
Сондай-ақ, «ТОП-10» боксшының қатарында қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО), америкалық Эррол Спенс (24-0, 21 КО) пен Майки Гарсия (39-0, 30 КО), жапониялық Наоя Иноуэ (16-0, 14 КО), таиландық Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 КО), украиналық Александр Усик (15-0, 11 КО) және ұлыбританиялық Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) сынды саңлақтар бар.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»