Әлем • 26 Қыркүйек, 2018

Michael Kors Versace сән үйін сатып алады

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Michael Kors сән үйінің Michael Kors Holdings Limited басқарушы компаниясы Versace сән үйін 2,12 миллиард долларға сатып алады, деп хабарлайды BBC.

 Michael Kors Versace сән үйін сатып алады

Michael Kors Holdings Limited компаниясының иелігінде бұдан басқа бағалы аксессуарлар сән үйі Jimmy Choo да бар. Бірнеше сән алпауыттарын қарауына алған компания аты бұдан былай Capri Holdings Limited болып өзгереді.

Негізі 1978 жылы қаланған Джанни Версаченің сән үйі келісім бойынша атауын сақтап қалады. Ал Донателла Версаче итальян сән үйінің дизайнері қызметін жалғастырмақ.

Донателла Версаче өз сән үйінің жұмысы, өнімдері ескі қалпын сақтап қалатынын айтып өтті. Michael Kors Holdings Limited басқарма басшысы Джон Айдол өз кезегінде тәжірибелі компаниямен серіктес болғанына, бірлескен бастама жемісті болатынын айтып, қуанышын білдірді