Әдебиет • 01 Қазан, 2018

«Алтын тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдануда

829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығын жеңіп алу үшін жыл сайынғы байқауға қатысуға өтінімдер әлі қабылдануда.

«Алтын тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдануда

Байқаудың ұйымдастырушы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры болып табылады. Байқауды өткізудің серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Оның мақсаты - қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетін дамыту, оған қолдау көрсету және танымал ету.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі жас жазушылардың шығармалары қабылданады.

Жүлде байқау негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:

- «Жылдың үздік прозасы»;

- «Жылдың үздік поэзиясы»;

- «Жылдың үздік драматургиясы»;

- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

- «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды.

Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды номинациясы жеңімпазына беріледі.

Шығармалар 2018 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданады. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, А.Бөкейхан көшесі, 1 үй, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мекенжайына және [email protected] электрондық пошта бойынша жіберілуі тиіс.

Конкурс ережелері www.fpp.kz сайтындағы «Байқаулар» бөлімінде жарияланды. Байланыс телефоны: 8 7172 708 318.