1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған. 1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.