Театр • 02 Қазан, 2018

Атыраулықтар Еврипидтің «Медея» спектаклін тамашалады

81 реткөрсетілді

Жайық жағасы бір сәтте сахнаға айналып шыға келді. Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры Еврипидтің «Медея» спектаклін атыраулықтардың назарына ұсынды. Күздің қоңыр салқын кешінде Ретро саябаққа жиналған көрермен керемет қойылымға куә болды.

Атырау театры «Медеяны» екі жылдан бері сахналап келеді. Белгілі режиссер Қуандық Қасымовтың қолтаңбасы театр әртістерінің шынайы ойынымен көркемделе түскендей. Қазір театр ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр. Барлық спектакльдер кіші залда өтуде. «Көрерменмен байланысты әрдайым назарда ұстаймыз. Далада, Жайықтың жағасында өнер көрсету де осы ойдан туды, – дейді театр басшысы Берік Жәменов. – Халықтың ерекше ықыласын көрдік, бұл біздің болашақтағы жұмыстарымызға шабыт берді».

Басты рөлдерді сомдаған Гүлнұр Қайырлиева, Бақытжан Өтеғалиев, Бекет Зинуллин, Асланбек Жанбалаевтардың өнерлеріне көрермен бұл жолы да тәнті болды. Суретші Темірбек Мұхтаровтың қолынан шыққан дүние қашанда жоғары бағаға лайық. Махамбет атындағы академиялық қазақ театры осы «Медея» спектаклімен  Македонияда, Керчте өткен халықаралық байқауларда жүлдегер атанған еді. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар