Ол экипировкалық түрінен 240 келі, классикалық түрінен 165 келіні көтеріп, 2 дүркін Азия чемпионы атанды. Елдос биылғы жылы Əлем чемпионатының 2 мəрте қола жүлделерін иеленген болатын.
Жасөспірімдер арасында Қуанышбай Төлегенов 74 келіде экипировкалық жатып сығымдаудан 1-орынды жеңіп алды.
Жүлдегерлерді жарысқа Роман Ковалев пен Файзулла Ыдырысов дайындады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы