Қазақстан • 05 Қазан, 2018

Қаржыландырудың көлемі артады

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктіру құралы» атты ІІ халықаралық форумын өткізді.

Қаржыландырудың көлемі артады

Форум жұмысына министрлік өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік секторлардың, ғылым және бизнестің өкілдері қатысып, пайымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.Брокерлік оқиға форматында өткен маңызды мәслихаттың мақсаты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мүдделі әлеуетті серіктестерді іздеу және олармен байланыс орнату болды. Осы мақсатта Фо­рум шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қыз­мет нәтижелерін коммерциялан­дыру жобаларының көрмесі ұйым­дас­тырылып, түрлі жобалар таныс­тырылды.

Әлемдік деңгейде қарайтын болсақ, ғылымға бөлінетін қаржы бюджеттің 1 процентінен төмен бол­са, ғылым дамымайды. Сондық­тан Елбасы кезінде ғылым­ды қаржыландыруды 1 процент­ке жеткізу керек деген тапсыр­ма берген. Бірақ ол әлі күнге дейін орындалмай келе жатыр. Сон­дықтан бүгінгі форумда да ғалым­дардың көтеріп жатқан сұра­ғы осы қаржының аздығы. Бұл – бі­рінші мәселе. 

Екінші мәселе «Ғылым туралы» Заңға сәйкес жылда конкурс өткізіледі. Ал коммерцияландыру заңына байланысты бұл конкурс­тарда жаңа жоба келіп түсіп жатса, конкурсты өткізе беру керек. 

Бұрын ғылымды қаржылан­дыруға тек бюджеттен ақша қосы­лып жатқан болса, қазір аталған саланың қаржысына бизнес өкілдері өз үлестерін қосу үстінде. Бұл біздің егемендік алғаннан бергі жақсы тәжірибеміз екенін атап өткен абзал», деді Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов.

Бұдан басқа форум шеңберінде коммерцияландыруды қолдау құралдары, ғылым, техника және инновация бойынша халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу механизмдері, технологиялық кәсіпкерлік, жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен стартап компанияларды дамыту бойынша тренингтер өткізілді.

«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин фо­румға қатысушыларға ғылыми және ғылыми-техника­лық қызмет нәтижелерін коммерция­лан­дырылған жобаларды гранттық қаржыландыруды жүзеге асыру нәтижелерін және Қазақстанда коммерцияландыруды дамыту бойынша стратегиялық жоспарлар туралы баяндап берді.

Негізі бұл шара Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының 64-қа­да­мының негізінде ұйымдас­ты­рыл­ды. «Үстіміздегі жылда «Ғы­лым қорымен» 12 жаңа инно­ва­ция­­лық өнімдер өндірісі іске қосыл­­ды. Жақында «Сколково» Қо­ры­мен ынтымақтастық болжамдар турасында түрлі мәселелер тал­қыланды. Кездесудің нәтижесінде коммерцияландыру жобаларын қолдау және оларды Қазақстан мен Ресей нарығына шығаруға бағытталған бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойылды», деді ол. 

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»