Бокс • 05 Қазан, 2018

Алғашқы титулды айқасын өткізеді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (8-0, 7 КО) өзінің кәсіби шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегін 13 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізеді.  

Алғашқы титулды айқасын өткізеді

Әйгілі америкалық BoxRec сайты­ның мәліметі бойынша 25 жастағы отан­дасы­мыздың қарсыласы жергілікті бокс­шы Джамар Фриман (15-6-2, 8 КО) болмақ. Екі боксшының арасындағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланып, орта салмақтағы NABF Junior белдігі сарапқа салынады. Бұл Нұрсұлтановтың карьерасындағы алғашқы титулды айқас. 

Мейірім соңғы кездесуін 4 тамыз күні өткізіп, доминикалық Джонатан Батиста кездесудің екінші раундынан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан-ды.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»