Бағдарламалар • 08 Қазан, 2018

Құсайын Шалманов: Ауыл тасада қалмады

943 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Құсайын Шалманов: Ауыл тасада қалмады

Ауыл – барша қазақтың бесігі деген сөз тіркесі мен қолданысы тілдік қорымызға орныққалы қашан?! Расы да, дұрысы да осы ғой. Қалада туып, қайраткер атанғандар некен-саяқ десем қателесе қоймаспын. Оның есесіне халқымыздың мақтан тұтар ұл-қыздармыздың кіндігі ауылда кесіліп, ауылда өскені ешкімге де құпия емес. Соның ішінде Мемлекет Басшысы өз Жолдауын Қазақстан халқына жолдап отырған сәтте ауызекі сөз арасында ауылдың жағдайын бір кісідей білетінін, өйткені өзі де ауылда туып-өскеін риясыз көңілмен, тіпті мақтаныш сезіммен айтқаны – барша ауыл тұрғындарының ризашылық сезімін туғызды деп есептеймін.

Кейбір дамыған елдерде, соның ішінде АҚШ-та тұтас мемлекет халқының екі-ақ пайызы шеткері құрылымда тұрса, Қазақстанда ел халқының 40 пайызының тұрақты мекені ауыл болып қалып отыр. Бұл өте зор, үлкен әлеует деп ауызша тұжырым жасады Елбасы. Біз бұл Жолдаудан Мемлекет Басшысы тарапыган ауылға деген қамқорлық пен қолдау ұдайы, үздіксіз бола беретінін, ауыл да ешқашан тасада қалмайтынын терең сезіне түстік. Сондай-ақ тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығы тұсында Елбасы өз Жарлығымен бір жылды емес, екі жылды емес, тұтастай үш жылды ауылды дамыту жылы деп жариялағаны ұмытыла қойған жоқ. Енді міне, арада тағы біраз жыл өткенде Елбасы ауылды одан әрі дамыту мен қайта түлету мәселесіне тағы бір мәрте оралып, «Ауыл –ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыруды ұсынды. Мұндағы басты мақсат –Мемлекет Басшысының Жолдауды жариялау кезінде мәлімдегеніндей ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісу болмақ. Бұл расында да ауылдың жай-күйін өте жақсы білетін, оған жаны ашитын, адамның істейтін қадамы екені анық. Өйткені ауылдың еңсесі тіктелді деп өзімізді-өзіміз алдаусыратқанымызбен мұндағы әлеуметтік ортаның жай-күйі әлі де олқы екенін жасырып жабудың қайндай қажеті бар. Елбасының тұжырымдауынша, осы жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуге, оны түбірімен қайта орнықтыруға болады. Сәл тарқатып айтқанда бұл түсініктің түп төркінінде ауылдағы әр тұрғын мен отбасы мүшелерінің еңбекке деген адал көзқарасы мен құлшынысына жаңаша серпін беру қажеттігі тұр деп түсінемін. Өйткені маңдай термен келген табыс пен ырыстың орны қашан да бөлек емес пе? Ауыл тұрғындарының халықтың тұтынуы үшін тікелей азық-түлік өндіретін белдеу мен ендікте тұрғаны да оларға жауапты міндеттер жүктейді. Үлкен және орта бизнес демесек те, әркімнің мүмкіндігі мен шама-шарқына қарай шағын кәсіппен шұғылдануының қажеттілігі де осында. Бұл олардың өзі үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Бүгінде өзім де зейнет жасында екеніме қарамастан, осындай екі жақты пайдалы іспен шұғылданып жүргенімді айта кеткім келеді. Сондықтан да мен елге тигізетін шапағаты мол «Ауыл –ел бесігі» жобасының іске қосылуын толығымен қолдаймын.

Құсайын ШАЛМАНОВ,

Еңбек ардагері, Сарыкөл аулының тұрғыны

АҚТӨБЕ облысы, Темір ауданы