Дәрігер-гематологтар тапшы

Елімізде аймақтарды айтпағанда, Астананың өзінде гематолог мамандар жетіспейді. Ресми деректерге қарағанда, республика бойынша 83 ересектер гематологы бар болғанымен, олардың аймақтарға бөлінісі біркелкі емес.

Егемен Қазақстан
23.10.2018 5534
2

Жастар гематологияны таңдамайды

Гематология – қан және қан түзілу жүйесін, құрылысы мен қызметін зерттейтін, түрлі қан ауруларын анықтап, емдейтін медицинаның бір саласы. Мамандардың айтуынша, қан ауруларының түрі көбейген. Әсі­ресе, соңғы кезде жүкті әйелдерде фолат циклының, қанның ұю сапасының бұзылуы (антифосфолипид синдромы), апластикалық анемия сияқты аурулар жиілеп кеткен. Мұндай қан талдауын жасауға ешбір емхананың мүмкіндігі жет­пейтінін алға тартқан дәрігерлер науқастарды жеке клиникалар мен лабораторияларға ақылы өтуге жіберетінін жасырмайды.

«Қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамы» рес­пуб­ли­калық қоғамдық бірлестігінің президенті Ирина Пивоварованың айтуынша, елімізде гематолог мамандар тапшы. Бұған қоса қан ауруларының диагностикасы, әсіресе генетикалық талдау жасау жеткілікті деңгейде емес. «Қазақстандағы гематологияның ең үлкен проблемасы – білікті мамандардың жетіспеуі. Әсіресе бұл өңірлерде анық байқалады. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде республика бо­йынша 83 ересектер гематологы бар. Жастар гематология сияқты қиын мамандықты көп таңдай бермейді. Гематологтарды да­йындау резидентурадан басталады. Ол үлкен еңбекті, ұзақ оқуды қажет етеді. Оның үстіне мотивация жетіспейді. Соңғы жылдардағы денсаулық сақтау саласы мамандарына деген ха­лық­тың теріс пікірі, жалақының аздығы жастардың бұл салаға баруына тұсау болып отыр. Екіншіден, қол­жетімді диагностиканың болмауы. Әсіресе амбулаториялық дең­гейде. Үшінші мәселе – аймақ­тарға ресурстардың бірдей бөлінбеуі. Бұл проблемалардың барлығын бәсекелестікті арттыру арқылы ғана шешуге болатын шығар», дейді Ирина Пивоварова.

Жүкті әйел 150-ден астам анализ түрін тапсыруы тиіс

«Аяғы ауыр әйел 150-ден астам анализ түрін тапсыруы тиіс. Бірақ оған әр әйелдің жүктілік кезіндегі жағдайына байланыс­ты ғана жіберіледі. Яғни, осы 150 түрлі қан талдауының барлығынан өту міндетті дегендік емес.

Мы­салы, көп кезде­се­тін қан ауруы – тром­бо­фи­лия­ның тұқым қуа­лайтын түрі. Мұндай нау­қасты қан талдауына жіберуден бұ­рын дәрігерлер жүк­ті әйел­дің ауру тарихын жақ­сы­лап тексергені дұрыс. Адам­ның өмірі тікелей қан­­­мен бай­ланысты екені анық. Мә­­селен, Қазақстанда он­когематологиялық ауру­ларға шал­дыққандардың тең жартысы бес жыл ғана өмір сүре алады. Өкінішке қарай көп­теген қан ауруы түрлерінің алдын алуға мүмкіндік жоқ. Өйт­кені ол кенеттен пайда болады немесе тұқым қуалау жолы­мен келеді. Сондықтан өз беті­мен емделуді доғарып, дәрі­гердің нұсқаулығымен тиісті ана­лиздерді уақтылы тапсырып отырған жөн. Бұл аурулардың емі амбу­латориялық және ста­цио­нарлық түрде де жүр­гізіле береді», деген еліміздің бас гематологы И.Пивоварова жүктілік кезінде дәрігердің сөзсіз бақылауында болу керектігін ескертеді. 

Астана қаласы №1 пе­­ри­­наталдық орта­лық дирек­торының амбула­ториялық қызмет бойынша орынбасары, акушер-гинеколог Жан­ерке Ажетова қазір жүкті әйел­дерде қан ауруларының түрі көбейгендіктен гемато­лог­тарға жиі жіберілетінін, тіпті кей жағдайда жүктілікті сақтап қалу үшін олармен тоғыз ай бойы бірге жұмыла жұмыс істейтінін айтады. «Бойға бала біткеннен бастап қан айналымында өте үлкен өзгерістер болады. Ең алдымен қан қоюланады. Кей кезде компенсаторлы гиперкоагуляция патологиялық кезеңге өтіп кетеді де, асқынулар пай­да болады. Жыл сайын ау­рудың түрлері де көбейіп ке­леді. Соңғы кезде қанның ұю сапасының бұзылуы, яғни ан­тифосфолипид синдромы жиі кездесіп жүр. Оны қан­шалықты ерте анықтасақ, жүк­тілікті соңы­на дейін сақ­т­ап қалуға сонша­лықты мүмкіндік аламыз. 20 жыл бұрын гематологқа тек ауыр дәрежеде анемиясы бар әйел­дерді ғана жіберетінбіз. Қазір­гі кезде, өкінішке қарай темір же­тіспеушілігі бар анемия, ара­лас анемия көбейіп кетті. Хат­тама бойынша анемиясы бар болашақ ана міндетті түрде гематологтың кеңесін алуы шарт. Апластикалық анемия да бұған дейін өте сирек кездесетін. Қазір орта­лығымызда бес әйел осындай диагнозбен тіркеуде тұр. Бұ­рын міндетті түрде жүк­тілік­ті үзіп, бала көтеруге ты­­йым салынатын. Қазір олар акушер-гинеколог және гематолог маманның бастан-аяқ бақылауында бо­луының арқасында, аман-есен босанып жатыр. Бұдан басқа гендік өзгерістерден пайда бо­латын фолат циклының бұ­зылуы көбеюде. Бұл бірнеше рет түсік тастаған әйелдерде бо­­лады», дейді Жанерке Аже­това.

Акушер-гинекологтың айтуынша, босан­ғаннан кейін де түрлі қан аурула­ры пайда болады. Мы­салы, босанғаннан кейін тром­боэмболиялық ас­­қы­нулар да өте жиі анықталуда. Осындай ас­қы­ну­­лардан қайтыс болған аналардың саны республика бойынша артып келеді. «Астана қаласындағы медициналық оқу орындары, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және басқа да орталықтар елор­да дәрігерлеріне жүкті әйел­­дердің қанының тым қою­лануына диагностика жасауды, оған қарсы дәрілер беруді үйретті. Біздің бөлімде мұндай нау­қастар өте көп. Біз оларға эноксапарин, фраксипарин сияқты препараттарды та­ғайындаймыз», дейді Ж.Ажетова.

Жанерке Рақымбайқызы­ның айтуынша, гематолог ар­қылы жіберілетін қан тал­дауларының барлығы те­гін медициналық көмек қыз­­­метіне жатады. Алайда ешбір емханада дәл осы ана­лиздерді анықтауға қау­қар жоқ. Сондықтан да нау­қас­тар мүмкіндігі мол жеке кли­­никаларға барып ақылы анализ тапсыруға мәжбүр. «Жүкті әйелдер 1000-нан аса тегін тексерілулерден өтуі тиіс. Бірақ оны толықтай жүргізетін жағдай ешқандай емханада жоқ. Жоғарыда мен айтқан қан талдауларының барлығы сирек кездесетін анализдердің түріне жатады. Сондықтан да олар жеке клиникаларға немесе лабораторияларға ақы­лы тапсырады. Міндетті әлеу­меттік медициналық сақ­тандыру кіретін болса бұ­лардың барлығы шешілетін еді. Сондықтан да жаңа жүйе­ні асыға күтіп отырмыз. Бұл бар­­лық дамыған елдерде қол­даныста», дейді ол.

Гинеколог қан ауру­лары­­ның көбеюі ең алдымен, дұрыс тамақтанбаудан, яғни газды сусындар мен ген­дік модификацияланған өнімдерді үнемі тұтынудан пайда болады деп түсіндірді. Екінші себеп – қозғалыстың болмауы. Сондықтан мамандар бала сүйгісі келген әрбір ерлі-зайыпты жүктілікке дұрыс да­йын­далуы керек екенін ескертеді. Сонда ғана ана мен бала өлімі азайып, кемтар бала аз туылар еді деген ойын айтқан Жанерке Рақымбайқызы жүк­тілікке дайындық туралы сауатты арттыруға арналған ақ­па­рат ешбір теле-радио бағд­ар­ламаларда айтылып, бас­пасөздерде жазылмайтынына қынжылады.

Атқарылар жұмыс алда

Елімізде гематологияның ересектерге және балаларға арналған екі түрі бар. Бала­лар гематологиясы соңғы жылдары арнайы мамандық болып бөлінген. Балалар онкологиясы мен гематология­сын Астана қаласындағы «Universiti Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жүргізеді. Ересектер гема­то­логиясы бойынша әр ай­мақта қан ауруларына шал­дыққан науқастарға арналған арнайы кабинеттер бар. Сондай-ақ Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы мен Онкология жә­не радиология ғылыми-зерттеу институты – еліміздегі ере­­сектер гематологиясы бо­­йынша жұмыс істейтін ең үлкен екі орталық. Ал Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу инс­титуты мен Рес­­публикалық диаг­нос­тикалық орталық нау­қас­тарды бақылаумен айналысады. Ирина Пиво­варова Қазақстандағы гема­тологияның деңгейі ТМД ел­дерімен салыстырғанда ор­таша екенін айтады. Бү­гінде сүйек кемігін трансплантациялау осы саланың ең үлкен жетістігі болып отыр. Бұған науқастардың ам­булаториялық деңгейде қажетті дәрі-дәрмекпен қам­та­масыз етілгенін қосуға болады. Алайда 82 млн хал­қы бар Германияда 50 он­ко­гематология орталығы жұмыс істейтінін ескерсек, біздің елде бұл сала бойынша ат­қарылатын жұмыс көп екенін аңғаруға болады.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда шетелдіктер тастап кеткен кемелерді сатып алып жүр

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу