Бұл жолы жерлесіміз АТР тізімінде 76 орында тұрған 21 жастағы Ресей теннисшісі Андрей Рублевтан басым түсті. 1 сағат 47 минутқа созылған матч 6:7, 6:4 есебімен аяқталды. Ширек финалда Михаил Кукушкин Мартон Фучовичпен шеберлік байқасады. 26 жастағы Венгрия теннисшісі биыл Австралияның ашық біріншілігінде төртінші кезеңге дейін жетіп, көпшілік назарын өзіне аударған болатын. Қазіргі кезде ол АТР рейтингінде 40 орынды еншілеуде. Ал Венадағы турнирде Фучович екі бірдей аса мықты теннисші – Босния мен Герцеговина өкілі Дамир Джумхур (әлемнің 51 ракеткасы) мен италиялық Фабио Фоньиниді (әлемнің 15 ракеткасы) ұтты.
Естеріңізге сала кетейік, жүлде қоры 2 198 250 евроны құрайтын айтулы турнир 28 қазанда өз мәресіне жетеді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»